Іздеу серверлері


Скачать/Жүктеу

Интернет жүйесіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды.  Олардың кейбіреулері өз мәліметтерін 3-5 минут сайын жаңартып отырады. Осындай ақпарат мұхитында керекті мәліметті қалай тауып алуға болады! Мұндайда көмек беретін іздеу серверлері бар. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайыттардың және парақтардың адрестер сақталады.

Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары (dіrectorіes) мен машиналары (search engіnes) бар. Олар сатылы құрылымдардан тұрады. Керекті құжат төменгі деңгейлерден біртіндеп анықтау тәсілімен ізделеді. Мысалы, сервер – каталогтың алғашқы деңгейінде Қаржы, Білім, Компьютерлер деген атаулар болса, Қаржы ұғымының екінші деңгейінде – Биржалар, Компаниялар, Банктар тәрізді сөздер кездеседі. Ал, үшінші деңгейде – банктар ұлттық, жеке меншіктегі, акционерлік т.б. топтарға бөлінеді. Осылай пирамида тәрізді біртіндеп керекті ұғымды айқындап отырып, қажетті мәліметтерді жылдам тауып алуға болады.

Каталогтар құжаттарды спорт, машиналар, ойындар тәрізді жалпы атаулар арқылы іздеуге ыңғайлы. Дегенмен, каталогтар Интернеттегі мәліметтердің тек бір бөлігін  ғана қамтиды. Жетіспейтін мәліметтерді іздеу машиналары деп аталатын серверлер арқылы тауып алуға мүмкіндік бар. Көпшілікке танымал іздеу машиналары – Alta Vіsta, Yahoo, Lycos, Rambler, Yandex, ІnfoSeek, HotBot, Excіte — жатқызуға болады.

Кейбір қызықты сайттар адрестерінен мәлімет алуға болады. Ондай адрестер “Интернеттегі сарғыш парақтар” (“Желтые страницы Интернет”) кітабында толық жазылады.

Интернеттен ақпарат алу үшін мына іздеу машиналарын қолдануға болады. Олар:

HotBot – www.hotbot.com,

Open Text – www.opentext.com,

Rambler – www.rambler.ru – орысша,

Sіte – www.sіte.kz – орысша,

Yahoo – www.yahoo.com,

Yandex – www.yandex.ru – орысша.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы