Өнім сапасын көрсететін техникалық құжаттар


Скачать/Жүктеу

Зерттеу әдістері мемлекеттік бүкіл одақтық стандарттарда (ГОСТ), техникалық жағдайларда (ТУ) және нормативті құжаттарда беріледі.

Стандарт аты және қызметтік жазба орысша және ағыл(шынша беріледі. Осы бөлімде стандарттың мүмкін болатын уақыты да көрсетіледі.

Кіріспе бөлім: стандарттанлатын өнімнің сипаттамасы, анықтамасы, қолданылатын ауданы және токсикалық әсері беріледі.

Техникалық талаптар: бірінші бөлімінде өнімге қойылатын талаптар: өнімнің сұрыптары (сорт) маркасы, сапа көрсеткіштері және нормалары беріледі.

Зерттеу әдістері: үлгі алу ережелері мен қадағалау әдістері беріледі.Арнайы ГОСТ болған жағдайда белгілі бір көрсеткіш бойынша өнім сапасын зерттеу әдістері, сәйкес стандарттарға нұсқау (ссылки) беріледі.

Орау (упаковка), маркілеу, сақтау, орау жолдары, маркілеу түрлері, тұтынушыға жеткізу және сақтау көрсетіледі. Қажетті жағдайда өнімді сақтаудың кепілді уақыты да беріледі.

Әрбір стандарт 5 жылға бір рет қарастырылып, реттік нөмірін өзгерпей қайта қаралады. Соңғы цифрлар өзгертілмейтіндіктен стандартты қарастырғанда алдыңғы цифрларғақарау керек.

ГОСТ барлық өнім түрлеріне таралады және мемлекет бойынша заңды түрде жүргізіледі. Басқа стандарттар шектеулі түрде қолданылады. Мысалы ОСТ белгілі бір өндіріс саласында, ТУ шектеулі жауапкершілікті өнім түрлерін, ВТУ жаңа өнімдерге 1 жылға немесе жаңа технология болған жағдайда қолданылады. ВТУ уақыты біткенде ТУ тұрақты құжатқа айырбасталады. РТУ өнімнің белгілі бір шамасына (париясы) таралады.

Мемлекеттік стандарттар белгілі бір құрылымда болады. Сандық индекс сандардың екі тобынан тұрады: 1 – тіркелу нөмірін көрсетсе, екінші бөлімнің соңғы 2 цифры стандарттың бекітілген жылын көрсетеді. Мысалы, ГОСТ 3584-73    3584 — тіркеу нөмірі, 73 – бекітілген жылы.

ОСТ стандарттың төрт тобынан тұрады: біріншісі дайындаушы нөмірі, екіншісі саланың нөмірі, үшінші – тіркеу нөмірі, соңғысы – бекітілген жылы.

РСТ – екі сандардың тобының орнына мемлекеттің қысқартылған атауларынан тұрады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы