Бағалы қағаздар нарығының субъектілері


Скачать/Жүктеу

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар деген бағалы қағаздарды сатушы, не сатып алушы, сонымен қатар олар бойынша есеп айырысуды және олардың айналымын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар. Олар бағалы қағаздардың айналымдылығы бойынша өзара экономикалық қатынастарға түсетін жақтар.

Бағалы қағаздар нарығының субъектілері[1] жеке және институционалды инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сауданы ұйымдастырушылар және өзін-өзі реттеу ұйымдары болып табылады.

Жеке инвесторлар эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестицияларды өздері немесе брокерлік-дилерлік және инвестициялық қоржынды басқаруға рұқсат ететін лицензияларына ие бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қазметінің көмегімен жүзеге асырады.

Институционалды инвесторлар инвестицияларын — зейнетақы  активтерді немесе инвестициялық қоржынды басқару қызметін жүзеге асыру лицензияларына ие бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметі арқылы жүзеге асырады.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды олардың нарыққа араласуына және нарықтағы позициясына қарай шартты түрде бес топқа бөлуге болады:

Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік органдары, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жергілікті әкімшіліктің қағаздары, сатып алушыға жоғары табыс түсірмейді. Дегенмен, халықтың кейбір топтары (мысалы, зейнеткерлер, жалғыз басты адамдар, асыраушысынан айырылған отбасылар және с.с. табысы аздар) беретін табысы аз болсада, сенімді қағаздарға өз қаржыларын жұмсауға мүдделі. АҚШ-та оларды «көк түбірлі» («голубые корешки») деп атайды.

Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы — несие институттары. Олар:

-         коммерциялық және инвестициялық банктер;

-         сақтандыру қорлары;

-         зейнетақы қорлары және с.с. ұйымдар.

Бұл институттардың көпшілігі әртүрлі инвесторлардың, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсау мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияны бақылау бумасын иемденуге немесе қаржысынан айырылып қалу қаупінен құтылу үшін өз капиталын әртүрлі шаруашылық салаларына жұмсауға ұмтылады.

Үшінші топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауіпті. Статистика деректері дәлелдегендей олардың 3/4 бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек 1/4 бөлігі ғана кейбір табысқа қол жеткізеді екен. Кейбір шағын кәсіпорындар табысты қызмет көрсетіп, өздерінің болашағы бар екенін дәлелдеді. Мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын шағын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кәсіпорындар экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануда (мысалы, жүннен тоқылған және теріден тігілген киімдерді, галантерея заттарын шығарушылар). Сондықтан халықтың бірсыпыра тобы тәуекелге белбуып, жоғары дивидендтерден үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.

Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығының делдалдары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздармен операция жүргізуге жеңілдік береді. Дилерлер қолында өз капиталы болғасын көптеген операция жүргізеді. Дағды бойынша, дилерлер сатып алған қағаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюнктурасы қолайлы болғанын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың іс-әрекеті – алыпсатушылық (делдалдарға

қойылатын талаптар және олардың қызметі туралы төменде кеңінен баяндалады).

Бесінші топ, бағалы кағаздар нарығын бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдар. Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын мемлекет белгілейді. Себебі мемлекеттік заң актілерінде елдің экономикалық жағдайы аңғарылады. Мысалы, экономиканың дағдарысы кезінде заңдар мен ережелер тез өзгеріп отырады.

Бағалы қағаздар нарығының негізгі сауда-саттық жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын делдалдарды кәсіби мамандар деп те атайды. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін нарық талаптарына сай әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды шешетін психологиялық дайындықтары болуы шарт. Сонымен бірге бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандарының мол тәжірибесі мен олардың сезімталдығын (интуиция) да бағаламауға болмайды.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:

1. Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

2. Дилерлер —  өз атынан және өз есебінен делдалдық сауда операциясын жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Тауар өткізу жүйесінде дилер өз қызметімен түпкілікті тұтынушыға жақын.

3. Джобберлер — нарық конъюнктурасын бақылаушылар.

Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер заңды тұлға ретінде тіркелген маманданған брокерлік фирма қызметкерлері. Батыс еуропа мемлекеттерінде олар не жеке фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып та құрылуда. Салық төлеуден жеңілдік алу мақсатында шағын кәсіпорын ретінде тіркелгендіктен олардың жарғылық қоры өте аз болады. Дегенмен, бұл фирмалар өз капиталымен қарызға алған капиталын өсіру мақсатында клиенттер санын көбейтуге ұмтылуда.

Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі және хабарлама-техникалық бөлімінен тұрады. Шамамен фирмада 15-20 адам қызмет жасайды.

Брокерлік фирманың қызмет аясына:

1.   Консалтинг (кеңес беру);

2. Бағалы қағаздарды алғашқы нарықта орналастыру және екінші нарыкқа айналысқа түсіру;

3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с.
міндеттер кіреді.

Бұлардан басқа брокерлер ақша нарығында бірсыпыра ерекше қызмет көрсетеді, атап айтқанда, банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде, биржалық келісімді сақтандыру.

Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:

1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасасқанда барлық тапсырма бойынша, оның ішінде, бағалы қағаздарды қайдан сатып
алу жөнінде (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба)
келісімге келеді.

2. Брокер  клиенттің белгілеген сомасы  шамасында әрекет
жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы  қағаздарды таңдауда өз құқығын пайдаланады. 

3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны (өзіне делдалдық үшін келісілген сыйақы қалдырып) клиенттің есепшотына аударады.

4. Брокер мәмілені арнаулы кітапқа тіркеуі қажет. Клиент ол
жөнінде көшірме талап етуге құқылы.

5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы уақытынан
бұрын тоқтатуға үкім бере алады.

Дилерлер — олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өзінің (дилерлік фирманың) капиталын жұмсайды. Дилердің қызметін мына мысалмен түсіндіруге болады. Мысалы, қалалық әкімшілік көрсетілген құны 100 теңгелік облигация шығаруға шешім қабылдады делік. Эмиссиямен шұғылданатын оның өз аппараты жоқ, сондықтан әкімшілік дилерлік фирмаға тапсырма береді. Егер қалалық заем бірнеше миллион теңгеге шығарылатын болса, онда үлкен көлемді іспен тек маманданған фирмалар, мысалы, коммерциялық банктер шұғылданады. Оның делдалдық механизмі төмендегідей.

Әкімшілік дилерге 100 теңгелік облигацияны кемітілген бағамен (дисконтпен), мысалы, 98 теңгеге, яғни номиналынан 2 теңгеге кем сатады. Дилердің, облигацияларды сатуға кеткен шығынымен одан түскен пайда 2 теңгеге кем болмауы тиіс. (Бұндай операцияны «дисконтпен сату» деп атайды).

Бағалы қағаздар операциясына маманданған дилерді жауапкершілігі шектеулі дилер деп атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз. Себебі сатып алу-сату аз уақыт аралығында өтеді.

Дилердің атқаратын қызметі:

Багалы қагаздар нарыгындағы езгсрісіерді бақылап оты-
ру. Егер багалы қагаздарды сату-сагып алу баяуласа (мысалы.
сатушылар жэие сатып алуіиылар жеііспсй қалса), онда бағалы
кағаздардың багамын түрақтаидыру мақсатында дилер өз ессбінеи
опсрация жүргізеді.

Қазақстан Республикасының резиденті шетел мемлекетінің территориясында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және орналастыруға мына жағдайда ғана ие: егер де оның алдында шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының территориясында қызмет атқаратын қор биржасының тізіміне енгізілген болса.



[1] Қазақстан Республикасының 2003 ж. 02 шілдесінен №461-II «Бағалы қағаздар нарығы туралы»  Заңы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы