Қазақстан тарихы

Бөкей ханның кесенесі

Жуырда Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев ресми сапармен Ресей Федерациясының Астрахан облысында болып, сол өңірдің губернаторы Александр Жилкинмен кездесті. Бұл күні қазақ жұрты сағына күткен тарихи тұлға, көрнекті қайраткер Бөкей ханның кесенесі салтанатты жағдайда ашылды. Айтулы шара Елбасының тапсырмасымен қолға алынып, бір топ қазақстандық азаматтардың қаржылай көмегімен жүзеге асқаны белгілі. Аймақ басшысы бастап барған бір топ атыраулық делегация осынау тарихи-мәдени шараның куәсі болды.

Читать полностью »

Ноғай ордасының күшеюі және әлсіреуі

Алтын Орда ыдыраған кезде, яғни ХІV ғасырдың соңына қарай «ноғайлы жұртына» жататын ру-тайпалардың үлкен бөлігі маңғыт тайпасының және осы тайпаның билеушісі Едігенің бастауымен Ноғай ордасының негізін қалады. Осы орайда ескере кететін бір мәселе – сол кезеңде Едіге есімді бірнеше тұлғаның болуы. Атап айтсақ, оның алғашқысы Едіге Танашұлы, Әмір-Темір жорықтарына қатысып, Ұлытауда жерленген. Екінші Едіге – Ноғай ордасын негіздеген Едіге Балташықұлы, үшінші Едіге – Әмір-Темірге туыс Барлас Едіге, төртінші Едіге – Тәуке ханға жақын болған Едіге би.
Біз соның ішінде Ноғай Ордасын негізін салған – Едіге Балташықұлы турасында әңгімелейміз. Оның есімі тарихи деректерде 1376 жылдан бастап кездеседі. Ол алғаш Ақ Орда ханы Орысқа қызмет жасады, одан соң Бұқарада Темірден пана тапқан Тоқтамысқа келді. Алайда 1389 жылы Тоқтамыспен жанжалдасып қалған ол Әмір-Темірге қайтып келіп, 1391 жылы соның жағында, Тоқтамысқа қарсы соғысты. Бірақ Едіге Әмір-Темірге бүтіндей беріле қойған жоқ. Жорықтан қайтар жолда ол, өзінің руластарына жаушы жіберіп, оларды Әмір-Темір әскерлері жүретін жолдан аулаққа көшіріп жіберді.

Читать полностью »

Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі

Қазақ халқының қалыптасуы сандаған ғасырларға созылған ұзақ этникалық үдерістерден тұрады. Оның соңғы кезеңіне назар аударар болсақ, Алтын Орда ыдырай бастағанда қарауындағы түркітілдес халықтар үш түрлі үлкен этноқауымдастыққа бөлініп кетті. Олар – татарлар, өзбектер және ноғайлар қауымдастығы еді. Алғашқылар Қазан, Қырым және Астрахан хандықтарында ықпалды болған болса, ал екіншілер Көк Орда мен Ақ Орда аймағында басым болды. Алайда «өзбек» атанғандардың өздері де іштей үш этноқауымдастыққа бөлініп өмір сүрді. Ноғай ұлысы аймағындағылар «маңғыттар» аталса, ал бұрынғы Көк Орда аймағындағылар – «татар-өзбектер» (шайбандықтар), ал байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына ие болды.

Читать полностью »

Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер

Адамзат баласы, қазақтар мұнаймен қашаннан таныс, қалай пайдалана бастады? Тарихи деректерге назар аударсақ Таяу Шығыс елдері тұрғындары осыдан 6000 жылдай бұрын мұнайды қару-жарақ жасауға, құрылыс материалдарын (битум, асфальт) дайындауға пайдалана бастаған. Кейін б.д.д. 347 жылдары Қытай бамбук ағаштарын пайдаланып жер астынан мұнай өндіреді. Ал Каспий теңізіндегі, оның төңірегіндегі мұнай туралы мәліметтер жазба деректерге V ғасыр­ларда енген. Олай болса жергілікті тұрғындардың оны көне заманнан-ақ мүмкіндігіне қарай пайдаланғаны белгілі болады. 1927 жылы Қазақстан мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен, қазақ жастарына арналған алғашқы «Мұнай» атты оқу­лығында С.Шарипов: «Орал-Жем аймағындағы мұнай 40-50 жылдан бері ізделген. Одан арғы жерде де, сондағы тұрғын қазақтар мұнайдың бар екендігін білген, керегінше пайдаланған. Құдық қазып, не болмаса жердің не судың үстіне шығып жатқан мұнайды алып жұмсаған. Ол мұнаймен қазақ кәсіп қылмаған. Түйенің қотырына, адамның іші ауырғанда, болмаса қотыр болғанда ем қылып, сондайға ғана жұмсаған. Оның отын орнына жарайтынын білмеген, жағып пайдаланбаған. Сол қазақтар мұнайдың атын «мұнай» деп қойған», – деп анықтаған-ды. Мұрағат қорларынан табылған құжатта «Орал облысындағы ең алғашқы белгілі болған мұ­найлы мекен Мәтен Қожа Май болатын. Ол Ойыл өзеніне жақын, Бүйрек, Тайсойған құмдарының ортасында, Калмыковск станциясынан 100 шақырым жерде. Мекен ХІХ ғасыр басында өмір сүрген молда Мәтен атымен аталған.

Читать полностью »

КСРО кезіндегі қақтығыстар

Коммунистік империяның отаршылдық іс-әрекетін жою, мойындамау мақсатында ұйымдастырылған үлкенді-кішілі көтерілістер, наразылық акциялары, тіпті қантөгіске ұласқан қақтығыстар Кеңестер одағының көптеген аймақтарында талай рет болған.

Читать полностью »

Жапон-қытай қатынастары дамуының құқықтық саяси негізі

Токио мен Пекин арасындағы екі жақты қатынастар көптеген сарапшылар мен зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Себебі Жапония да, ҚХР да Азия Тынықмұхит аймағындағы әлемдік және беделді державалар ретінде аймақтың тұрақтылығына ғана емес, жалпы әлемге де әсерін тигізетін елдер. Бұл мақалада Қытай Халық Республикасы құрылғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі жапон-қытай қатынастарының даму кезеңдері талданып, екі жақты байланыстардың нормативтік-құқықтық негізіне ерекше мән беріледі.
Екі жақты қатынастардың даму үрдісін талдай келе, оны шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бұл кезеңдердің хронологиялық сипаты екі жақты қатынастардағы оқиғалармен және екі елдің байланыс сипатына үлкен әсерін тигізген Жапония мен ҚХР-дің ішкі және сыртқы процестерімен анықталады.

Читать полностью »

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР, ҚАЗАҚ- ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ

ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінен әр түрлі себептермен тұтастығынан айырылып, бөлшектенуге түскенімен осы ғасырдың екінші жар¬тысында елдің қайтадан бірігуі және оның сыртқы жауларға қар¬¬сы күресін шеберлікпен ұйымдастыра білген білгір саясаткер, ше¬бер дипломат, қолбасшы Абылай сұлтанды бас еткен қазақ хал¬қы елдің ішкі жағдайын реттеу мен сыртқы сая¬сат¬та нәтижелі табыстарға қол жеткізді. Ш. Уәлихановтың атап көрсеткеніндей: «Сол уақыттың күңгірт жағдайы Абылайға батылдығын, тапқырлығы мен ақылдылығын жарқырата көрсетуге мүмкіндік берді» [1.119].
Соның ішінде қазақ-жоңғар, қазақ-қытай және қазақ-орыс қатынастарын тиімді жолға қойылып, елдің тыныштығы мен тұтастығын сақтауда маңызды істер атқарылды. Көрсетілген мерзімдегі аталған мемлекеттермен арадағы осындай қатынас¬тар бейбіт келісім және жеңісті соғыс қимылдары арқылы да іске асырылды.

Читать полностью »

17 страниц« Басына...891011121314151617



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы