Қазақстан тарихы

Қазақстан – менің тағдырым

Біздің заманымыздың 742 жылы түріктердің қолбасшысы Құланда өлтіріліпті. Қарамағындағы бүкіл елге исламды мойындатқан Қарахан баба да Құлан шаһарының оңтүстік-батысында орналасқан Шөңгер жазығындағы үңгірді паналаған көрінеді. Қаһарынан қалың жұрт қаймыққан билеуші махаббат деген ұлы сезімнің алдында жуасып, ғашығы Айша бибімен сырт көз, суық сөзден сақтанғанда мекен еткен жері болыпты бұл үңгір. Талай-талай дүбірлі оқиғаны бастан өткерген Құлан даласы бүгінде бар сырын бойына жасырып, бір сәтке мүлгіп кеткендей. Бір кездері айналасын түгелдей ну қамыс пен көл қоршаған, төсінде құлан ойнаған ежелгі Құлан шаһарының орны қазір Құлантөбе деп аталады. Тылсым тарихынан там-тұмдап қана хабар беріп, үнсіз жатыр. Осы бір монтаны кейпімен ары-бері өткен жүргіншіні өзіне сиқырлап тартатындай. Қол бұлғап шақыратындай.

Читать полностью »

Егемен Қазақстан

Әріптес туралы алты ауыз сөз

Оның азан шақырып қойылған аты – Тұрарбек. Бірақ Тұраш деген есім оның жас кезінен бастап бірге қосарланып, жанама аты­на айналып кетті. Сондықтан да мен де оны бірде Тұраш, бірде Тұрарбек деп айта бе­ре­мін. Және Тұрарбек Асановты өте көп­тен білемін, әрі көптен сыйласпын. Медеу шатқалындағы әке шаңырағындағы үйінде де болғанмын. Өйткені, ол – әке аманатын жүрегіне тоқыған, Хан Тәңірінің етегінде кіндік қаны тамған, Тұмағаң айтқандай «тауға қарап өскен» ұл.

Читать полностью »

Ердің бақытын келтіретін де, кетіретін де – әйел

Гүлнәр СЕЙТМАҒАНБЕТОВА, Мәжіліс депутаты:

– Гүлнәр Сүлейменқызы! Әңгімені бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын ұрпақ тәрбиесінен бастасақ. Қазақта бала тәрбиесіне қа­тыс­ты тағылымды тыйымдар да, ықы­лымнан қалыптасқан дәстүр де жет­кілікті ғой. Дегенмен сіз үшін тәр­бие­дегі ең маңыздысы не?

Читать полностью »

Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат

Адамзаттың, мемле­кет­тер­дің тұтастай даму та­рихына үңілер болсақ, азат­тық үшін, бостандық үшін, тәуелсіздік үшін күрестің толассыз жүргі­зі­ле­тінін байқаймыз. Тіпті, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де оны сақтап қалу, баянды ету, ұрпаққа аманаттау – ұлы борыш. Міне, біздің Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына биыл жиырма жыл толады. Бұл бір қарағанда тым азғантай мерзім. Алайда, осы жиырма жылда Қазақстан аяғынан қаз тұрып қана қоймай, әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикасы дамыды, әлеуметтік жағдайы нығайып, елдің еңсесі көтерілді.

Читать полностью »

Наурыз — бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің мерекесі

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ — Енді бірнеше күннен кейін халқымыз Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын мерекелеуді бастайды.

Осы ұлық мейрамның маңызы туралы, ерекшеліктері жайлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Өстемір Бектөреев былай деп әңгімелейді. 

Читать полностью »

Тәуелсіздіктің жиырма жылдығына

Он жыл бұрын, 2001 жылдың көктемінде басылым бетінде «Тәуелсіздік толғауы» атты айдар ашылып, оның аясында тәуелсіздіктің қадір-қасиеті, артар жауапкершілігі, қояр тала­бы, берер мүмкіндігі туралы мақалалар жариялана бастаған болатын. Сол айдардың ая­сында кезінде жүзеге асқан жобаның бірі – тәуелсіздік белестерін жыл-жылымен әңгімелеп шығу еді. «1991», «1992», «1993»… «2001» деген тақырып­тар ғана қойылған ол мақалалар ав­тор­ларының арасында Зейнолла Қабдолов, Камал Смайылов, Манаш Қозыбаев, Шерхан Мұртаза, Фариза Оңғарсынова, Қуаныш Сұлтанов сияқты ай­тулы қаламгер-қайраткерлер болып еді.

Читать полностью »

ҚАЗАҚ ЖАУЫНГЕРІ ӨЗ ОТАНЫН ШЕКСІЗ СҮЮІ КЕРЕК

«Сарбаз» газеті тілшісінің ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сәт ТОҚПАҚБАЕВПЕН сұхбаты

– Әу баста заңгер болудан бастаған өмір жолыңыз, бүгінде Парламенттегі заң шығаратын органмен сабақтасып отыр. Қалай ойлайсыз, осылай болуы заңдылық па әлде кездейсоқтық па? Депутат болудың бұрынғы атқарып келген қызметтеріңізден айырмашылығы неде?

Читать полностью »

17 страниц« Басына...891011121314151617



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы