Қазақстан тарихы

Қазақстанның XX ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы әлеуметтік – экономикалық, саяси жағдайы

Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру шаруалар қасіреті.

Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында.

Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды:

Читать полностью »

Өзі көркем, өзі дана Гүлжаһан

«Асылбек – Гүлжаһан» дастаны Ғабдімәлік патшаның тұсында Кәрімбай, Сәлімбай дегендердің ұлдары Қасымбек пен Асылбектің екі түрлі азамат болып қалыптасуын көрсетеді.
Дос болып екі мырза өсіп жетті,
Асылбек оқу біліп, ғалым болды.
Даңқты, мағлұматты мәлім болды,
Қасымбек өзі надан, зәлім болды, – деген өлең жолдарынан-ақ көп жайды аңғарамыз. Қасымбек үйленіп алып, балдызын Асылбекке беруді көздейді.
Балдызын ұнатпады Асыл көріп,
Бұл сөзге Қасым кетті ашуланып.
Демек, Қасым ауыр сөздермен досына тіл тигізіп, іштей кек тұтады. Асылбек елде қалуды жөн көрмей, Бағдаттан Шам шаһарына қарай көп адаммен керуен тартып, сапар шегеді.
Жолаушылар бірде атақты Ахмет байдың сарайының жанына тоқтайды. Сол жерде өте ақылды, сұлу қыз бар екендігі туралы әңгіме қозғалады.

Читать полностью »

Ақ Орда ұлысы

Кезінде Жошының үлкен ұлы Еженге мұрагерлік үлес ретінде берілген Жошы ұлысының сол қанатының Ақ Орда аталғанын бүгінгі күні зерттеушілердің басым бөлігі мойындады. Бұл ұлыстың орналасқан аймағы бүгінгі Орталық және Шығыс Қазақстан аймағымен толық сәйкес келетіндіктен, тарихи әдебиетте соңғы жылдары қазақ мемлекеттігін осы Ақ Орда тарихынан бастау туралы ұсыныстар жиі айтылуда. Мұның өзі негізсіз емес екендігін Ақ Орда тарихына қысқаша шолулар жасағанда толық аңғаруға болады. Алдын ала айтарымыз, Жошы ұлысын біртұтас мемлекет ретінде ұзақ жылдар билеген Өзбек хан 1342 жылға дейін Ақ Орданың тәуелсіз ұлыс болуына мүмкіндік бере қойған жоқ. Ол бұл тұста, шын мәнінде, автономиялық құрылым ретінде өмір сүрді.
Алайда Өзбек қайтыс болған соң Алтын Орданы (Жошы ұлысын) билеген Бату тұқымы өзара таққа таласып, ақырында олардан билікті Жошының Еженнен тараған тұқымы тартып алды. Олардың арасында Орыс хан аса беделді тарихи тұлға ретінде көзге түсті. Ол 1361 жылы Ақ Орданың тағына отыр­ды. Батыстағы Алтын Ордада осы тұста Бердібек ханның қайтыс болуы оның саяси жағдайын күшейте түсті. Тарихта оның билікті қолға алған бетте сегіз жылға жуық уақыт Сыр бойындағы мемлекет үшін зор маңызы бар қалаларды және кезінде Ақ Ордаға астана болған Сығанақ қаласын өзіне қайта бағындырғаны белгілі.

Читать полностью »

Бағзыдан атажұрты бар қазақ көшпенді ме?

Қазақ деген ұлтқа тіркестіріп, оның қосымша атауына айналған «көш-пенділер» деген сөздің жымысқы астарына мән бермей, бүгінде соны мақтан тұтатынды шығардық.
Бір кезде І.Есенберлин өзінің шама-шарқымен баяндап шыққан ата-бабаларымыздың заманында-ақ біз төл мәдениеті, төл өркениеті ешкімнен сорлы емес, тарихты тамсандырған небір ғалымдары мен ғұламалары алты әлемге мәшһүр болған халық едік қой! Бұл мәселені осы жерден қайырар болсақ, «көшпенділер» деген сөз қазақ ұлтының тарихын мақтаныш тұтуға тұрарлық сөз емес.

Читать полностью »

Алтын Орданың соңғы өрлеуі және ыдырауы

Алтын Орданы сақтап қалу дегеніміз, шын мәнінде, байырғы Жошы ұлысының тұтастығын қалпына келтіру еді. Мұны Ақ Ордаға хан болған Ұрыс хан да, оның қарсыласы Тоқтамыс та жақсы түсінді. Сондықтан олардың екеуі де Ақ Орда тағымен қанағаттанбай, Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Ұрыс хан өлген соң, көп кешікпей-ақ Тоқтамыс таққа отырды. Алтын Орда тағын күшпен иемденбек болған Мамайды жеңіп, оны өлтірген соң, ол Алтын Ордадан бөлінуге әрекет жасаған Астрахан хандығына тойтарыс беріп, оны Алтын Ордаға қайта қосып алды. Алайда Мамаймен Күлік (Куликово) даласында 1380 жылы болған ұрыста қол жеткізген жеңіске масаттанған Мәскеу князі Димитрий Донской бастаған орыс княздіктері Тоқтамысты да Мамай тәрізді таққа кездейсоқ келген тұлға ретінде қабылдап, оған бағынудан бас тартты.

Читать полностью »

Ақырып теңдік сұраған

XIX ғасырдағы зұлым империяның отарлау саясатының елдегі залым істеріне қарсы күрестің әйгілі қолбасшылары Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске екі ғасырға жуық уақыт өтсе де қайран ерлердің қадірлі есімдері жалғасқан жұртының жадында әспеттеп сақталумен келеді. Ол ерлік тек ерлік емес еді, ол – анығында, халық алдында тұтас болу, елдің ері болу, арқа сүйер азаматы болу парызын жанкештілікпен өтеудің ерліктері еді. Сөйткен батырларды есте сақтау мақсатында атқарылған игілікті істер, сірә, аз емес секілді. Соның өзінде орны олқы анық бір нәрсе бар, ол – Исатай батырдың қаза болып, жерленген жері белгілі бола тұрса да, қазақы ұғымда – лайығымен «басы қарайтылмауы», жалпы ұғымда көрнекті белгі қойылмауы. Соңғы кездері мәселенің осы жағы «Ана тілі» газетінде және басқа бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында әңгімелене бастады. Әдетте, әркім де білгенін, естігенін айтуға ерікті. Бірақ мәселе – кімнің не айтқанында емес, түптеп келгенде, шындығы солардың қайсысы екендігінде. «Осымен байланысты ақиқаты – осы» деп нүкте қояйын деуден емес, мүмкіндігімше зерттеу, талдау, сұрастыру арқылы, осыдан он жыл бұрын облыстық «Ақтөбе» газетінде жарияланған «Ақырып теңдік сұраған» деп аталған материалыма назар аудартқым келді. «Ана тілі» газеті – оқырманға Исатай Тайманұлының батырлығы, тағдыры туралы тұшымды дүниелер ұсынып келе жатқан басылым. Осыған орай аталған мақаламды осы газетке ықшамдап жарияланғанды құп көрдім. Материал, салыстырмалы түрде – ескі, бірақ ол – тарих, ал тарихта көне де, жаңа да жоқ. Тек өткен уақыт қана болады. Бұл тұрғыдан алғанда аталған материал деректері ескіруге жатпаса керек. Осында есімдері аталғандар осы облыста еңбек етіп, өмір сүруде.

Читать полностью »

Моғолстандағы Дулат әмірліктері

Қазіргі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарын Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай иемденгені белгілі. Алайда ол өзінің ұлысына келмей, уақытының бәрін ұлы хан Үгедейдің қасында өткізді. ХІІІ ғасырдың 40-жылдарының басында Шағатай мен Үгедей бірінен соң бірі қайтыс болған соң Шағатай ұлысында төре тұқымдарының таққа таласқан ұрыс-жанжалдары өршіп кетті. Арықбұқа, Құбылай, Алғу, Қайду тәрізді тарихи тұлғалардың осы ұлыстағы өзара тартыстары Шағатай ұлысында жергілікті тайпалар мен олардың әмірлерінің ықпалдарын күшейте түсті. Осы ұлыста 1309 жылдан 1318 жылға дейін билік құрған шағатайлық Есен-Бұға ханның тұсында көшпелі дулат тайпалары аса ықпалды тайпаға айнала бастады. Айта кетер бір мәселе – Шағатай ұлысында екі Есен-Бұға хан таққа отырды. Біз әңгімелеп отырған солардың алғашқысы.

Читать полностью »

17 страниц« Басына...891011121314151617



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы