ағайынды нобельдер

Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер

Адамзат баласы, қазақтар мұнаймен қашаннан таныс, қалай пайдалана бастады? Тарихи деректерге назар аударсақ Таяу Шығыс елдері тұрғындары осыдан 6000 жылдай бұрын мұнайды қару-жарақ жасауға, құрылыс материалдарын (битум, асфальт) дайындауға пайдалана бастаған. Кейін б.д.д. 347 жылдары Қытай бамбук ағаштарын пайдаланып жер астынан мұнай өндіреді. Ал Каспий теңізіндегі, оның төңірегіндегі мұнай туралы мәліметтер жазба деректерге V ғасыр­ларда енген. Олай болса жергілікті тұрғындардың оны көне заманнан-ақ мүмкіндігіне қарай пайдаланғаны белгілі болады. 1927 жылы Қазақстан мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен, қазақ жастарына арналған алғашқы «Мұнай» атты оқу­лығында С.Шарипов: «Орал-Жем аймағындағы мұнай 40-50 жылдан бері ізделген. Одан арғы жерде де, сондағы тұрғын қазақтар мұнайдың бар екендігін білген, керегінше пайдаланған. Құдық қазып, не болмаса жердің не судың үстіне шығып жатқан мұнайды алып жұмсаған. Ол мұнаймен қазақ кәсіп қылмаған. Түйенің қотырына, адамның іші ауырғанда, болмаса қотыр болғанда ем қылып, сондайға ғана жұмсаған. Оның отын орнына жарайтынын білмеген, жағып пайдаланбаған. Сол қазақтар мұнайдың атын «мұнай» деп қойған», – деп анықтаған-ды. Мұрағат қорларынан табылған құжатта «Орал облысындағы ең алғашқы белгілі болған мұ­найлы мекен Мәтен Қожа Май болатын. Ол Ойыл өзеніне жақын, Бүйрек, Тайсойған құмдарының ортасында, Калмыковск станциясынан 100 шақырым жерде. Мекен ХІХ ғасыр басында өмір сүрген молда Мәтен атымен аталған.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы