Ойынды алты бала үш‑үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама‑қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды.
Читать полностью »
Бұл ойынды ойнау үшін он‑он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындалады. Ол тақтайлардың ортасы арқан өтетіндей етіп тесіледі. Содан кейін қар жентектеліп, аққалаға ұқсатылып үйіледі. Оның орта шені таяқпен тесіледі де, әлгі арқан өткізіледі. Содан тақтайшалар аққалаға екі‑үш қарыстай тақап әкелініп, арқан түйілетін болады.
Читать полностью »
Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз‑он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді.
Читать полностью »
Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді.
Читать полностью »