Скачать/Жүктеу
Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады. Біріншісі төмен, оны аттап өту керек, екіншісі биік, оны еңкейіп, үшіншісінен тағы да аттап өтуі керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп жаттықтырып, содан соң көзін байлап, бір айналдырып қоя беру керек. Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті алады да, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.
Ескерту: ойынды ұзаққа созу үшін үш‑төрт адамды басқа бөлмеге бөлек апарып қою керек.