Ойнаушылар екі‑екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.
Читать полностью »
Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез‑келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», ‑ дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады.
Читать полностью »
Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз‑қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек.
Читать полностью »
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» ‑ шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады.
Читать полностью »
Бұл ойын екі топтық командалардыңижарысы ретінде де ойналады. Бұрын шыққан топ ойыннан ұтылған болады (жалғыз қалған ойыншыға сыйлық беруге болады). Ойын жүргізуші күні бұрын сызылған шеңбердің бойына үш жерге үш ойыншы тұрғызады, оларға бір‑бірден доп беріледі, бұлар – «аңшылар». Қалған балалар – «үйректер» шеңбердің ішінде орналасады.
Читать полностью »
Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды.
Читать полностью »