Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесе отырып Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен 27-28 қыркүйекте (баспа және телевизиялық БАҚ журналистері үшін) гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілету мәселесі жөнінде оқыту семинарын өткізеді. Тренинг нәтижелері бойынша гендерлік тақырыпты жарыққа шығаратын журналистер желісін – журналистер қоғамдастығын құру жоспарлануда.
Тренинг «Қазақстан Республикасында гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін шараларды жетілдіру жөніндегі Ұлттық комиссияны қолдау» бірлескен бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Оның негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын тиімді іске асыру болып табылады.
Читать полностью »