Қазақстанда гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілету бойынша журналистер желісі жасалатын болады


Скачать/Жүктеу

Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесе отырып Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен 27-28 қыркүйекте (баспа және телевизиялық БАҚ журналистері үшін) гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілету мәселесі жөнінде оқыту семинарын өткізеді. Тренинг нәтижелері бойынша гендерлік тақырыпты жарыққа шығаратын журналистер желісін – журналистер қоғамдастығын құру жоспарлануда.
Тренинг «Қазақстан Республикасында гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін шараларды жетілдіру жөніндегі Ұлттық комиссияны қолдау» бірлескен бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Оның негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын тиімді іске асыру болып табылады.

Семинардың негізгі мақсаттарының арасында мыналар бар:
• Журналистердің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі білім деңгейін көтеру және кемсітушілікті жою;
• БАҚ материалдарында гендерлік факторларды есепке алу қажеттігі түсінігін қалыптастыру;
• Қазақстандағы Ерлер мен әйелдер теңдігімен ағымдық жағдай туралы, негізгі сындар және осы саладағы мемлекеттік саясат туралы жалпы ақпаратты ұсыну;
• Журналистерді гендерлік ақпаратпен жұмыс істеу әдісіне, этиканы сақтау принциптеріне, дәлдік пен нақтылыққа үйрету; Мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ, сондай-ақ мүдделі адамдармен жұмыс істеу ерекшеліктері мен тәсілдерін түсіндіру;
• Гендерлік теңдіктің негізін құрайтын халықаралық құжаттарды және ілгерілету бойынша ең жақсы әлемдік тәжірибелерді, соның ішінде БАҚтың қатысуымен жариялау;
• Гендер мәселелеріндегі және басқа мәселелердегі ақпараттың бастапқы және туынды көздері ретінде БАҚтың рөлін талқылау.

“Ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікке, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде қол жеткізу үшін хабардарлық пен қоғамдық стереотипті жеңіп шығу үлкен рөл ойнайды. Бұл мәселеде бұқаралық ақпарат құралдары негізгі рөл ойнайды. Тренингтердің және пікірталастардың көмегімен біз қазақстан журналистеріне, қоғамның толық қанды және тұрақты дамуының кепілі болып табылатын гендерлік теңдікті ілгерілетуге көмектескіміз келеді» — деп атап өтті Бейбітшілік жобасының менеджері Мира Еспенова.

Тренер ретінде ұлттық сарапшылар Ольга Каплина мен Инна Педан шақырылды. Тренинг қортындылары бойынша журналистер жаңалықтардың сюжеттері мен талдамалық мақалалар қалыптастыру процесінде гендерлік аспектілерді есепке алу қажеттігі мен әдістемесі туралы анық біле алады, сондай-ақ кейін өздері де журналист әріптестері алдында гендерлік тақырыптар бойынша тренер болып сөз алатын болады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы