АЙҒАҚТАРДЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ


Скачать/Жүктеу

Көптеген криминалистер аталған екі тергеу әрекетінде де жай-жапсары мен оқиға мән-жайларын жаңғыртудың әдісі (тәсілі) қолданылады және олардың әрқайсысының шегінде таным тәсілі жүзеге асырылуының ерекшелігімен сипатталады деп нақтылайды.

ҚР ҚІЖК-нің 238 бабында жаңғыртудың орнын таным әдісі ретінде қарастыратын мақсат пен оны жүзеге асыру жолдары көрсетілгендіктен, яғни заңда «бұрын жауап алынған тұлға зерттеліп отырған оқиғаның жай-жапсаты мен жайларын жаңғыртады» деп тікелей көрсетілгендіктен осындай көріністе оқиға болған жағдайдың жай-жапсары мен шарттарын тәжірибелік іс-әрекеттерді жүзеге асырмай-ақ жаңғыртуға болады

Айғақты тексерудің ҚР ҚІЖК 238 бабында мақсаты анық көрсетілген. Ол тактикалық жағынан жан-жақты негізделген (тәжірибелік әрекеттерге қарағанда) және толық түрде талдауды қажет етпейді. Егер тергеу эксперименті мен айғақты оқиға болған жерде тексерудің мақсатын салыстыратын болсақ, онда олардың едәуір сәйкес екендігін көруге болады: басты ортақ мақсат – іс үшін маңызы бар мәліметтерді тексеру және анықтау; жаңа дәлелдемелерді анықтау; болжамдарды тексеру.

Тергеу эксперименттерін тәжірибелік әрекеттерге ғана, айғақты тексеруді — оқиға болған жерде бұрын алынған айғақтардың жай ғана қайталануына әкеліп тіреудің орнына жоқ деген қисынды мәселе туындайды. Тергеу әрекеттердің, жай-жапсары және тәжірибелік әрекеттердің жаңғыруынан ғана емес, ал танымдық қызметтердің тәсілдерін біріктіруден, дер кезінде және кәсіби түрде оларды кемінде пайдаланудан құралуы тиіс деген заңды мәселе бой көтереді. Әрине «жаңғырту» түсінігі «айғақты тексеру», «тергеу эксперименті» деген түсініктерден кең, біздің ойымызша, ол танымның әдісіне, тәсіліне жатыстыра отырып айғақты тексеру мен «тәжірибелік әдістердің көмегімен алынған мәліметтердің маңыздылығын барынша толық бейнелейді».

М.В. Салтевский мен В.П. Лукашевич, тергеу әрекеттерінің жіктеу проблемаларын қарастыра келе, жай-жапсары мен оқиға мән-жайларын жаңғырту ақпаратын күрделі қайнар көздерден алу барысында мүмкін екендігін негіздей отырып көрсетті. әрі қарай олар күрделі қайнар көз — бұл  тергеу әрекеттерінің танымдылық процесінде бір мезгілде пайдаланылатын мінсіз және материалдық бейнелердің жиынтығы. Мінсіз бейне қылмыстың қабылданған оқиғасының салдары болып табылады. Осының салдарынан олардың заттай бейнеге түсетін кескін түрі «Субьективті түрін» немесе оның тәжірибелік жаңғыруын көрсетуге келіп тіреледі.

Тұлға жай-жапсары мен заттарды жаңғырту арқылы бейнелеп көрсетеді, ал тергеуші мен куәгерлер бұрын алынған айғақтармен салыстырады және тұлғаның орны туралы дұрыс бағдарлап, өзінің болжамдарын растап тұрғанына көздерін жеткізеді.

Бұл көзқарасты А.П. Филиппов пен Ю.Г. Коруховтар қолдады. Олар осы түсінікті егжей-тегжейлеп, оны мынадай түрде түсіндіреді: айғақты тексеру – алдын ала жауап алынған адамның зерттеліп отырған оқиғамен байланысты орын мен обьектілерді айғақтарды бірге ұсына отырып көрсетуін қарастыратын тергеу әрекеті. Бұл іс әрекет кейде басқа тергеу әрекеттерімен ұқсас сипаттарға да ие бола алады, бірақ оларды ешқашан шатастыруға болмайды. Айғақтарды тексеру танудан негізгі тактикалық ерекшелігімен айрықшаланады, атап айтсақ, тану барысында тұлғаға обьектіні таңдау мүмкіндігі беріледі, айғақтарды тексеру барысында белсенді әрекеттер орындай отырып ол өзі обьектіге көрсетеді, немесе тұлға өз сөздерін оқиға болған жерде іс-әрекеттерді көрсете отырып растайды.

«Тергеу эксперименті» түсінігін басқа тергеу әрекеттерінен айқынырақ бөліп қарастыру қажет. Кейбір тергеу әрекеттерінің ұқсастығына қатысты айтсақ, оларды жалпы таным әдістері біріктіреді. Тексеру маңызына қарай заттардың өзіндік қасиетін анықтайтын жекелеген тәжірибелік әрекеттермен байланысты болу мүмкін. Олар айтарлықтай бақылауды толықтырады және қылмысқа байланысты жекелеген көріністерді жаңғыртуға зерттелетін обьектілерді тереңірек талдауға мүмкіндік береді. Бірақ, тексеру оқиғаның болған жағдайларының материалдық сипатын жасанды жаңғыртумен байланысты емес. Егер зерттеліп отырған оқиғаның шарттары мен жағдайларын жасанды материалдық жаңғырту керек болса, тексеру кешенді сипатта болады және арнайы тергеу әрекеттерін, тергеу экспериментін өткізу қажеттілігі туындайды.

Айғақты тексеруді жауап алумен шатастыруға болмайды, олар, бәрінен бұрын өткізу әдістерімен ерекшеленеді. Жауап алудың негізіне сұрастыру әдісі жатқызылған, оның көмегімен тергеуші оны білушінің санасында айтқан кезінде сақталып қалған ауызша ақпаратты алады және тергеушіге жазбаша түрде сұрастырудың күшімен беріледі. Айғақты тексеру барысында зерттеуге бағытталған, екі әдісті бақылау және сұрастыруды біріктіру жүзеге асырылады. Егер жауап алу оқиға болған жерде жүргізілсе, онда осы жерде айғақты тексеру туралы сөз қозғауға болмайды. Қорыта айтқанда, тиімді пайдалану мақсатта анықтау мен айқын қойылған міндеттермен шартты болады. Егер мақсат айқын да анық қойылса, онда бұл іздеуді жеңілдетеді. Айғақты тексеру процесінде мынадай мүмкіндіктер пайда болады: оқиға болған жерде болуға тиісті әлі де табылмаған іздерді табу және олардың оқиға мен өзара байланысын түсіндіру; тұлғаның жай-жапсардың бар детальдары туралы хабардарлығын тексеру бұл оның оқиға туралы білімін растайды; екі және одан көп адамдардың бұрынғы берген айғақтарындағы қарама-қайшылықты жою; тұлға белгілі фактілерін, құбылыстардың болу мүмкіндігін растайтын немесе теріске шығаратын, тексеру барысында жай-жапсарды танып-білуге әсер ететін обьектілерге көрсету мүмкін қылмыс оқиғасын толық және жан-жақты жаңғырту үшін тергеу әрекеттерін өткізудің қатысушылары олардың міндеттері, құқықтары т.с.с. туралы мәселе маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, берілген тергеу әрекеттерінің қатысушыларымен байланысты кемшіліктерді ескеру қажет. Оларға алдын ала тергеудің мәліметтерін жариялауда, қатысушыларды таңдауға қатысты тактикалық талаптарды бұзу да жатады. Эксперимент кең танымдық мүмкіндіктерге ие С.А. Шейфер атап көрсеткендей, іс жүзінде (тәжірибеде) бір қарағанда жаңа тергеу әрекеттері сияқты болып көрінетін жаңа танымдық тәсілдерді қолдану басталады. Оларға ол тактикалық эксперимент пен қайта жасауды жатқызады. Оның ойынша, тактикалық оның ойынша тактикалық принципті түрде әр түрлі болып табылатын жедел іздестіру – іс шараларымен іс жүргізу әрекеттерін біріктіреді. Бірақ тактикалық эксперименті жекелеген тергеу әрекеті емес, тергеу экспериментінің түрі ретінде қарастыру керек.

Криминалистикалық қызметте қайта жасау экспериментке қарағанда жиі қолданылғанымен, шын мәнісінде кейде қайта жасаудың алдында эксперимент тұрады. Қайта жасау туралы алдында оқиғаның алғашқы жағдайын жаңарту немесе оқиға барысы туралы ерекше және басымырақ болғанда ғана айту қажет. Қайта жасаудың танымдық құндылықты оның обьективті және субьективті жағынан қарағандағы нақты алынған құндылығынан артық болған сәйкес жағдайы әділ және жан-жақты болып табылады. Бұны тек қана дұрыс кіріс, сондай-ақ басқа барлық қолда бар ақпараттың негізінде ғана бағалауға болады. Ол дайындалу барысының өзінде жеткілікті көлемде алынуға тиіс. Эксперименттегідей оқиға болған психологиялық жағдайды көрсету (еліктеу) қиындықтарды туғызады.

Бірақ, егер біз дәл баға алғымыз келсе, онда бұл факторларды жеткіліксіз түрде бағалауға немесе ұмытуға болмайды. Қайта жасаудың өзі қоршаған ортаға белсенді әсер етуімен шарттың және шындықтың өзгеруімен сипатталады. Белгілі әрекеттердің тәсілдерінің процестердің және механизмдердің заңдылықтарға экспериментті түрде енуінің арқасында қылмысты жасауға итермелейтін немесе керісінше кедергі жасайтын жағдайлардың анықталуы мүмкін, бұл оларды болдырмаудың қажетті шараларын барынша табысты әзірлеуге мүмкіндік береді.

Тергеу экспериментінің түрлеріне техникалық экспериментті қосуды ұсынуға болады.

Ол тактикалық эксперименттің бір түрі бола алады. Техникалық құралдарға бірінші кезекте диагностикалық тұрғыдағы полиграф (вариограф) сияқты техникалық құралдарды жатқызуға болады. Бұл мәселе көтерілген Н.И. Парутов полиграфты жедел ақпаратты алу мақсатында пайдалануды ұсынды.

Полиграфқа балама болып компьютер жүйесі табылады, оның әрекет принципі көрнеудің талдауына негізделген. Компьютердің көмегімен әңгімелесушінің дауыстық сипаттамасын анықтауға болады. Бұл бағдарлама эмоциялық деңгейді (эмоциялық жағдай және эмоцияның тітіркену деңгейі) когтинивті деңгейді (айтылған ұсыныстармен келісу немесе келіспеу деңгейін анықтайтын дауыстық бақыланбайтын элементі) және физиологиялық деңгейді (адамның жалпы физикалық жағдайын көрсетеді) ғана зерттейді. Бұл жұмыс барысында тілдің дауыстық сегменттерін телефон арқылы радио бойынша жазуға жеке әңгіме барысында жинауға болады. Айғақты экспериментальды түрде тексеру қылмысты ашу жолымен жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Ал осы бағдарламаны пайдалану тактикасын өте мұқият түрде әзірлеу керек.

А.В. Дулов және П.Д. Нестеренко өз еңбектерінде тергеу эксперименттерінің түрлерін жетік дайындау әрбір белгіленген жағдайда үлгілеудің, пішіндеудің (макет) мүмкіндіктері мен маңызын айқын анықтауға жеткізуі керек. Авторлар психологиялық тактикалық және эмоционалдық эксперименттерді пайдалануды ұсынады.

Тактикалық эксперимент сияқты эксперимент түрі осыған ұқсас эксперименттер тергеу болжамдарын барынша толық тексеруге және бағалауға, жаңа дәлелдемелер алуға мүмкіндік беретіндігі мен қызығушылық танытуы мүмкін екендігіне күдік тудырмайды. Тактикалық эксперимент жетік әзірлеуге мұқтаж, әсіресе қазіргі кезде, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау жүріп жатқан кезде ғалымдар ерекшелік мақсатты қылмыскерді ұстау және осы кезде әшкерелеуді көрсетіп отыр, ал осы тергеу экспериментінің негізгі, қажетті бөлігі деп бақылау арқылы жедел іздестіру ақпаратты жүзеге асыруды санау қажет.

Эксперименттің бөлігі болып табылатын тек қана бақылау қылмыс әрекеті туралы ақпараттың түсуімен қамтамасыз етеді, бақылау обьектісі болып табылатын тұлғаның келісімінсіз жүзеге асырылуы тиіс. Бұл бақылауды оқиғаның жай ғана көрінісіне теңестіруге болмайды оны техникалық құралдарының көмегімен өсуін, кемуін белгілеу керек.

Тактикалық эксперименттің нәтижесінде біз барлық уақытта жаңа мәліметтер алып отырамыз, олар басқа тергеу эксперименттеріне қарағанда ұсталған адамның жасалған іс әрекеттерге қатыстылығын растайды және де әшкерелеуші болады. Бірақ эксперименттің жалпы ғылымдық әдіс ретінде болатын және тергеу эксперименті сияқты таным мүмкіндіктері бәрінен бұрын іс жүргізу түрімен шектелгенін еске алу керек.

Ғылыми эксперимент – бұл мақсатты қайталанатын қызмет, жағдайларды обьектілерді және басқаларды зерттеу туралы жорамалды тексеру және жаңа мәліметтер алу мақсатында табиғат құбылыстарының, обьектілердің немесе қоғамдық қатынастардың адамның ойында жаңғыруы.

Тергеу экспериментінің мәні болып сонында жай-жапсары мен мән-жайларын жаңғырту және заң шегінде бақыланатын (қауіпсіз) тәжірибелік әрекеттер өткізу қажет. Демек, эксперимент – түпнұсқа обьектілермен жасалатын тәжірибелер (мысалы, заттай дәлелдемелермен), ал екінші жағынан бұл үлгілерге жасалатын емтихан. Мұның үстіне ғылымда теориялық болжамдарды тексеру үшін эксперименттің екі маңызды модификациясы қолданылады: ойдағы (қиялдағы) (криминалистикалық қызметтің ажырамас әдісі). Эксперименттің бұл модификациясы іс жүргізу кепілдігін емес танымдық білімдерді қарастырады. Бұл психологиялық, эмоционалдық және басқа да эксперименттер болуы мүмкін; үлгілеу эксперименті – бұл физикалық мәліметтерді, өлшемдерді ескеру арқылы үлгілерге жасалатын емтихандар.

Үлгілеу эксперименті тергеу экспериментін өткізу барысында да (бұл бұрын осылай болған), сот сараптамасын жүргізу барысында да нәтижелі қолданыла алады. Осының салдарынан үлгілеу экспериментінің маңызын анықтау қажет (тергеу эксперименттеуі шегінде).

Біздің ойымызша, үлгілеу обьектінің үлгісін құруды емес, оның жеткілікті сәйкестігін дәлелдеуді қарастырады. Бұл обьектінің белгілі заңдылығын үлгілеу арқылы талдауға және зерттеуге мүмкіндік береді.

Бір жағынан эксперименттер заттай жоспарланған обьектілермен (мысалы, заттай дәлелдемелермен) өткізілуі мүмкін, екінші жағынан бұл зерттеу үлгілерімен өткізіледі. Бұл жағдайда алынған мәліметтердің нақты болуына талас жоқ, өйткені тәжірибелерді бірнеше рет қайталауға, жағдайларын (шарттарын) өзгертуге болады, ал нәтижесінде, материалдық та, уақыт жағынан болса да үнемдеуге болады. Біз тергеу экспериментінің танымдық мүмкіндіктері компьютерлік техниканы пайдалану барысында айтарлықтай артатыны туралы атап көрсеттік. Тергеу эксперименттерін жүргізу математикалық обьектілерді, обьектілермен құбылыстардың үлгілері құрылғанда ғана мүмкін болатыны да айтамыз.

Әдебиеттер тізімі:

1. ҚР ҚІЖК — Алматы:  Жеті –жарғы , 1998

2. Колдин В.Д. Тактика следственного зксперимента и проверки показа­ний     на месте: Криминалистика / Под ред. А.Н. Васильєва. — М.: Академия МВД  СССР, 1980.-Т. 2.

3. Максутов И.Х. Тактика следственного зкеперимента и проверки по­
казаний на месте // Криминалистика. — М., 1976.

4. Салтевский М.В., Лукашевич В.Г. Проблемы классификации источ-
ников информации и следственных действий в криминалистической тактике // Криминалистическая и судебная зкспертиза. — 1984. — Вьш. 29. — С. 29-34.

5. Салтевский М.В. Криминалистика:  Уч.пособие,   -К, 1996.

6. Криминалистика: Учебник / Под ред. А.Г. Филиппова, А.Ф. Вольшского.-М.:СПАРК, 1998.

7. Шейфер С.А.  Следственные действия.  Система и процессуальная
форма. -М.: Юридическая литература, 1981.

8. Порубов Н.И. Криминалистическая тактика и ее роль в раскрьітии
преступлений: Лекция. -Минск, 1983.

9. Дулов А.В.,   Нестеренко П.Д.   Тактика   следственньїх   действий.-        Минск, 1971.

  1. Белкин Р.С.  Зксперимент  в  следственной,  судебной  и  зкспертной
    практике. -М., 1964.
  2. Белкин Р.С, Белкин А.Р. Эксперимент в уголовном судопроизводстве.-М., 1997.
  3. Гуковская Н.И. Следственный зксперимент. — М.: Госюриздат, 1958

Гахраманов Р.В., к.ю.н., доцент кафедры уголовно-процессуального права и криминалистики КазГЮУ


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы