Қоршаған ортаны қорғау, Экология

Су қорының түсінігі, су заңдарының мақсаттары,міндеттері және принциптері

Сулар дегеніміз – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығын айтамыз. Су қорының жерлері – су айдындары (өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар, мұздықтар, батпақтар) су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер.

Читать полностью »

Су объектілерін пайдалану құқығының түсінігі

Су объектілері, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлері су қатынастарының объектілері болып табылады.

Читать полностью »

Суларды пайдалану мен қорғау саласындағы органдардың құқықтары мен міндеттері

Қазақстан  Республикасы үкіметінің су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құзыреті:

1.су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2.республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрнылыстарын басқаруды ұйымдастырады;

Читать полностью »

Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер

Адамзат баласы, қазақтар мұнаймен қашаннан таныс, қалай пайдалана бастады? Тарихи деректерге назар аударсақ Таяу Шығыс елдері тұрғындары осыдан 6000 жылдай бұрын мұнайды қару-жарақ жасауға, құрылыс материалдарын (битум, асфальт) дайындауға пайдалана бастаған. Кейін б.д.д. 347 жылдары Қытай бамбук ағаштарын пайдаланып жер астынан мұнай өндіреді. Ал Каспий теңізіндегі, оның төңірегіндегі мұнай туралы мәліметтер жазба деректерге V ғасыр­ларда енген. Олай болса жергілікті тұрғындардың оны көне заманнан-ақ мүмкіндігіне қарай пайдаланғаны белгілі болады. 1927 жылы Қазақстан мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен, қазақ жастарына арналған алғашқы «Мұнай» атты оқу­лығында С.Шарипов: «Орал-Жем аймағындағы мұнай 40-50 жылдан бері ізделген. Одан арғы жерде де, сондағы тұрғын қазақтар мұнайдың бар екендігін білген, керегінше пайдаланған. Құдық қазып, не болмаса жердің не судың үстіне шығып жатқан мұнайды алып жұмсаған. Ол мұнаймен қазақ кәсіп қылмаған. Түйенің қотырына, адамның іші ауырғанда, болмаса қотыр болғанда ем қылып, сондайға ғана жұмсаған. Оның отын орнына жарайтынын білмеген, жағып пайдаланбаған. Сол қазақтар мұнайдың атын «мұнай» деп қойған», – деп анықтаған-ды. Мұрағат қорларынан табылған құжатта «Орал облысындағы ең алғашқы белгілі болған мұ­найлы мекен Мәтен Қожа Май болатын. Ол Ойыл өзеніне жақын, Бүйрек, Тайсойған құмдарының ортасында, Калмыковск станциясынан 100 шақырым жерде. Мекен ХІХ ғасыр басында өмір сүрген молда Мәтен атымен аталған.

Читать полностью »

Қант қызылшасы шығынға батыра бастады

Биыл Жамбыл облыс аумағының 7028 гектарына қызылша егілді. Алайда биылғы құрғақшылық пен су тапшылығының салдарынан соның 5461 гектарынан ғана өнім жиналуда.
- Өз есебімізше, аталған аумақтан жиналатын түсім 105,7 мың тоннаны құрауы тиіс. Орташа өнімділік – гектарына – 193,5 центнер. Қызылша жинауға 43 комбайн керек, әзірге соның 39-ы ғана қолда бар. Тағы 4 қызылша тиегіш, 4 пәлек жинағыш жетіспейді. Бар техника 5100 гектар жердің өнімін жинауға ғана жетеді. Одан бөлек 400-ге жуық трактор, 300-ден астам жүк көлігі науқанға қатысады деп күтілуде, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Әсілбеков.

Читать полностью »

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ ЖӨНІНДЕГІ ДЕКЛАРАЦИЯ

Үстіміздегі жылдың қазан айының 12-13-і күндері Астанадағы Тәуелсіздік сарайында БҰҰ шеңберінде белгіленген Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған шаралар аясында «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форум болып өтті.

Читать полностью »

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 47, 523-құжат
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің экологиялық тұрақты дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешенін айқындау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2004 — 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (бұдан әрі — Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2004 — 2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз қызметінде Тұжырымдаманың ережелерін басшылыққа алсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі N 2967 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының Экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 149-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығымен мақұлданған.

Читать полностью »

13 страниц« Басына...45678910111213



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы