Қоршаған ортаны қорғау, Экология

Моншаның пайдасы

«Монша» сөзі грек тілінен аударғанда « ауруды қуамын» деген мағы- наны білдіреді. Орыс моншасының даңқы атам заманнан әйгілі болды.
Ол сергектіктің таптырмас көзі және белгіле бір дәрежеде «емдік құ- рал» болып есептеледі.
Адам шаршағанда бұлшық еттің босаңсу қабілеті нашарлап, ағзада зат алмасу қиындайды. Шынына келгенде, адам дұрыс тыныға да алмай- ды. Ал моншаның буы бұлшық еттің босаңсуына көмектесіп, ағзаның жұмыс істеуге деген қабілетін арттырады. Алғашқыда буланатын бөлмеге кіргенде қатты ыстық тынысты тарылтып жібереді. Бірнеше минуттан кейін ағза оған үйреніп кетеді. Бұл кезде адам ағзасында қандай құбылыстар болады? Тамырлар кеңейіп, қан айналысы күшейеді жүректің соғу жиелігі артады. Ағыл-тегіл тер шығып, оттегін тұтынып,көмір қышқыл газын шығару процесі ұлғаяды. Моншаға үзбей барудың нәтиже- сінде ағза шынығып, ауруға қарсы тұруы арта түседі.
Монша процедураларының әсерінен жүрек пен өкпе қызметі жақсара- ды. Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, монша осы органдарға жат- тықтырушы ықпал етеді екен. Тері мен май бездерінің қызметін жандан- дырып, зат алмасу кезіндегі зиянды өнімдерді ағзадан шығаруға және терінің өте жақсы тазаруына септігін тигізеді.
Артық тамақ ішу асқазанға зиянды екені белгілі. Сол сияқты «монша пайдалы екен» деп, оған күн сайын бара беруге болмайды. Аптасына 1-2 рет моншаға түсу жеткілікті. Әсіресе, егде тартқан адамдар сақ болғаны жөн. Олардың бу моншасында 10 минуттан артық отырмағаны дұрыс.

Читать полностью »

Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері

ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Читать полностью »

Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері

Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқықтың мәнін анықтаудан басталады. Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипатталады және адам қызметінің белгілі бір саласын реттеуге бағытталған.Осы қисынды ұстана отырып мынаны мойындау керек: экологиялық құқықтың адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субъектілерінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.

Читать полностью »

Жер ұғымы және жер қорының түсінігі

Қазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз – мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.

Читать полностью »

Жер туралы заңдардың принциптері мен міндеттері

Қазақстан Республикасының Жер туралы заңдарының негізгі принциптеріне мыналар жатады:

Читать полностью »

Жер қойнауының түсінігі, жер қойнауын пайдалануға байланысты заңдардың міндеттері мен принциптері

Жер қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы – жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі.

Читать полностью »

Жер қойнауын пайдалану құқығы және жер қойнауын қорғау

Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:

1. жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерделеу;

2. барлау;

3. өндіру;

Читать полностью »

13 страниц« Басына...45678910111213



1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы