Жоспар
І. Кіріспе
Қоршаған ортаны қорғау
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Республикамыздың орман қоры
2.2. Орманның азып-тозуы
2.3. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы
ІІІ. Қорытынды
Таза табиғат – халық байлығы
Читать полностью »
Табиғатты қорғау – бұл бүкілдүние жүзілік , мемлекеттік және қоғамдық, ғылыми негізде шешілетін, берілген табиғат байлықтарын тиімді қолдана отырып, сақтау, қорғау және қорғай отырып ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалдырылатын, табиғатты ластану мен бұзылудан сақтауды шешетін ауқымды мәселе.
Табиғатты қорғау мәселесі – кешенді жүргізілуі керек. Табиғаттың белгілі бір ресурстары немесе белгілі бір аймағы ғананемесе жекеленген бөліктерінің қорғауға алынуы – табиғатты қорғау мәселелерін шешпейді, қорғауға табиғаттың барлық компаненттері алынып, тарихи дамуында бірлесіп жатқан, жаратылыстарынан табиғи байланысты әртүрлі компаненттерін біріктіретін табиғи кешенді (комплекс,экожүйе) толығымен қорғауға алынуы тиіс.
Читать полностью »
Красная книга Казахстана — Қазақстан Республикасы аумағында жойылу қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. Қазақ КСР Мин. Кеңесінің 1978 ж. 16 қаңтарындағы қаулысына сәйкес шыға бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған 1-бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. Қ. Қ. к-ның 2-бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. Қ. Қ. к-ның 1-басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері 2 категория бойынша А категориясы — жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы сирек кездесетін түрлер деп берілді. Қ. Қ. к-ның жануарларға арналған 1-басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушы-лардың 8, қүстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1-басылымда тіркелген жануарларға берілген деректер 10 — 20 жыл бүрынғы зерттеулер негізінде берілді. Сондықтан, 1985 ж. Қазақстан ҒА-ның жанынан Қызыл кітапты қайта басып шығару мақсатымен арнайы зоол. комиссия жүмыс істей бастады.Кітаптың мүқабасы, 1996 ж. Кітаптың мүқабасы, 1981 ж.
Читать полностью »
Омыртқалы жануарлар ішіндегі ең үлкен топ — құстар. Бүкіл дүние жүзінде олардың 10—12 мың түрлерінің тіршілік етуі де құстардың кең таралғанын көрсетеді. Қазақстан территориясы да қанаттыларға өте бай. Онда құстардың 481 түрі мекендеп, күз айларындағы саны шамамен 18—20 миллионға жетеді. Міне, бұл қаншама байлық десеңізші! Оларды қорғап, пайдалана білуге тиіспіз.
Адам үшін қанаттылардың пайдасы өте зор. Бізде тіршілік ететін құстардың біразы аңшылық үшін ауланып, дәмді ет пен мамық қауырсын береді. Мәселен, қазірде Қазақстанда жылына 3,2 миллион құс аңшылардың олжасы болады. Олар — үйрек, қаз, қасқалдаң, балшықты су құстары. Жасыл желек жамылған кең байтақ даламызда ұшып жүрген біраз құстар (шымшың, торғай, тоңылдақ, ементұмсық және тағы басқалар) егістік, бау-бақша, орман зиянкестері — насекомдармен, кеміргіштермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына айтарлықтай пайдасын тигізеді. Құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Бұлбұл үні мен торғайлардың неше құбылтып салған әндері талай композиторлардың шығармаларына арқау болып келе жатқан жоқ па? Сондай-ақ аспанға ұшу техникасын жетілдіру үшін құстардың ұшу заңдылықтарын зерттеу Леонардо да Винчиден бастап күні бүгінге дейінгі авиаконстукторлар еңбектерінің негізіне алынып отыр емес пе? Бүгінде де бұл жұмыстар жалғасуда.
Читать полностью »
Көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері мен экологиясы
Қаіргі кезде экологиялық жағдайы тәуір деп айтарлықтай аймақ Қазақстан жерінде жоқ десе,артық айтқандық болмас. Алайда, олардың ішінде экологиялық шырғалаңның шырмауына мықтап түскен Арал өңірі бәрінен де оқшау тұр. Бұл аймақтың экологиялық жай- күйінен хабардар болу үшін Арал теңізінің кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп тұратын миллиондаған тұз аралас шаң-тозаңды , әр түрлі химиялық заттарымен қаныққан суы ішуге жарамсыз, Сырдариясын, аппақ сары бұрқыраған егістік, шабындық, жайылымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті. Ия салыстырмалы түрде шынында да Арал өңірі экологиялық жағдайынан қолайсыз аймақтардың бірі. Біздің туған жеріміз Қызылорда облысы Шиелі ауданында да экологиялық проблемалар жетерлік.
Осы орайда экологиялық хал-ахуалды жақсартудың шұғыл шараларын ұйымдастырудың керек екнін де түсінеміз. Экологиялық мәселелерге келгенде, жастар да қарап қалмай өз үлестерін қосу керек деп есептеймін. Себебі экологиялық проблемаларды шешу бұл жаппай халықтық іс.
Читать полностью »