Скачать/Жүктеу
Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарын денеге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.
Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады. Ішкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. Әр без құрамы белгілі бір шекте өзтеріп отырады, өзіндік қасиеттері бар сөл бөлелд. Бұл сөлдердің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар — ферменттер болады.
Ас қорыту жүйесі шартты түрде алдыңғы, ортаңғы және соңғы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы мен оның косалқы мүшелері, жұтқыншақ, өңеш; ортаңғы бөлімге — карын мен ащы ішек, ал соңғы бөлікке — тоқ ішек жатады. Ас корыту жүйесіне сонымен қатар сілекей бездері, ұйқы безі, бауыр да қосылады.
Ас қорыту жүйесі мүшелері бірнеше күрделі қызмет атқарады. Олар секрециялау (сөл бөлу), қимылдау (моторлық), сіңіру, бөлу (экскрециялау) және инкрециялау (биологиялық белсенді заттар — тормондар бөлу) қызметтері.
Секрециялау қызметі ас қорыту жолына түрлі сөлдер бөлетін бездердің жұмысына байланысты. Мысалы, сілекей бездері — сілекей, қарын бездері — қарын сөлі мен шырыш, ұйқы безі — ұйқы безі сөлін, бауыр — өт, ішек бездері (Либеркюн және Бруннер бездері) -ішек сөлін бөледі. Ас қорыту сөлдері организм қабылдаған қоректі бөктіріп, құрамындағы ферменттердің, қышқылдардың, сілтілердің әсерімен оларды қорытады, ыдыратады.
Ас қорыту жолының қимылдау қызметі қарын мен ішек қабырғаларындағы етті қабаттың әрекетіне байланысты. Бұл еттердін, жиырылып босаңсуы қабылданған қоректің шайқалып, ас қорыту сөлдерімен жақсы араласуына, ас қорыту жолымен жылжуына мүмкіңдік береді.
Ас қорыту жолының сіңіру қызметі оның кілегей қабығының құрылымдық және қызмет ерекшеліктеріне байланысты. Кілегей қабық ерекше биологаялық мембрана қызметін атқарын, ішек-қарын қуысынан қан мен лимфаға судың, минералды тұздар дың, дәрмеңдәрілердің және белоктардың, көмірсулардың, майлардың ыдырау өнімдерінің өтуін реттеп отырады.
Ас қорыту мүшелері организмге қажетсіз кейбір заттарды бөлу (экскрециялау) процесіне де қатысады. Олар қан құрамынан өз қуысына зат алмасу кезінде түзілген қажетсіз өнімдерді өткізіп, денеден бөліп шығаруға жәрдемдеседі. Ішек-қарын қуысына зат алмасу өнімдері түрлі сөлдер құрамында немесе транссудация (жалқаяқтау) процесі нәтижесіңде бөлінеді.
Ас қорыту мүшелеріне инкрециялау қызметі де тән. Ішек-қарын жолының кілегейлі қабығындағы арнаулы эндокриңдікторідалар түрлі биологиялық белсенді полипептидтер (гастрин, секретин, виллики-нин т.б.) бөледі. Олар осы жүйенің қимылдау, секреіщялау және басқа да қызметтерін реттеуге қатысады.
Бір Жасушалы қарапайым жәндіктерде арнаулы ас қорыту аппараты болмайды. Қоректі қабылдау, оны ыдырату және сіңіру Жасуша цитоплазмасы арқылы жүзеге асырылады, демек, ас қорыту цитоплазма ішінде жүреді.
Көп Жасушалы организмдерде әр түрлі қызмет атқаруға бейімделген арнаулы Жасушалар пайда болады. Ішек қуыстыларда, мысалы гидрада, ас корыту ағзалары болмайды. Оның ауыз тесігі арқылы дене қуысына түскен қорек дененің ішкі қабатын астарлайтын энтодерма Жасушаларының қатысуымен қорытылады. Қорытылмаған қорек қалдығы қайтадан ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Төменгі сатыдағы құрттардың ас қорыту түтігі ауыз тесігінен басталып, алдыңғы және ортаңгы ішектерге бөлінеді. Алдыңғы ішек эктодермадан пайда болады, ол қоректі қарбу және жұту сияқты қызметтерді жүзеге асырады. Ал, қоректің қорытылуы мен сіңірілуі энтодермадан дамыған ортаңғы ішекте жүреді.
Жоғары сатыдағы құрттардың денесінде соңғы қуыстың (целома) дамуымен байланысты ас қорыту түтігі өзін қоршаған дене бөліктерінен оқшауланып, онда кірер (алгы) және шығар (артқы) тесіктер пайда болады. Сонымен қатар ас қорыту түтігі алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді.
Хордалыларда, мысалы ланцетникте, ауыз қуысы жұтқыншақтан көлденең шымылдық арқылы бөлінеді. Жұтқыншаққа көптеген жел-безек саңлаулары ашылады. Ортаңғы ішек қабырғасында бауыр төмпегі айқын көрінеді, Артқы тесік құйрықтың алдыңғы жағында орналасады.
Балықтардың ауыз-жұтқыншақ бөлігі көп өзтеріске ұшырайды. Алдыңғы ішек түтікше мүшелер — өңеш пен қарынға бөлінеді. Ор-таңғы ішек жетілген бауыр мен ұйқы бездерінің пайда болуымен сипатталады. Артқы немесе тоқ ішекте қорытылған қоректік заттар уақытша жиналып, сіңіріледі де, азықтың қорытылмаған қалдығынан нәжіс құралып, артқы тесік арқылы ол сыртқа шығарылады. Тоқ ішектің артқы тесікпен біткен соңғы бөлігі саңғуырға (клоакага) айналады да, онда зәр шығару және көбею мүшелерінің өзектері ашылады.
Қос мекенділер ас қорыту жүйесі құрылысы жағынан балықтардың ас қорыту жүйесіне ұқсас келеді. Бірақ атмосфералық ауамен тыныстауға бейімделумен байланысты оларда ауыз-жұтқыншақ бөлігінің құрылысы күрделенеді. Ауыз бен мұрын қуыстары бір-бірінен толық ажырайды. Өңеш пен қарын алдыңғы ішек құрамына енеді. Ал олардың артқы ішегі саңғуыр үстіндегі томпайған түйіннен және саңғуырдың өзінен тұрады.
Бауырымен жорғалаушыларда ауыз-жұтқыншақ бөлігінде қатты таңдай анық білінеді, ал қолтырауында ауыз қуысы жұтқыншақтан жұмсақ таңдай арқылы бөлінген. Кейбір бауырымен жорғалаушыларда етті қарын нышаңдары білініп, қарын өзінше жеке бөлім ретінде жетіле бастайды. Құстарда ол жеке қарын болын қалыптасып, ас қорытуда үлкен рөл атқарады, Ішектің артқы бөлімінде бүйеннің көлемі қос мекенділермен салыстырғанда біршама үлкейеді.
Сүт қоректілерде ас қорыту жүйесі өте күшті күрделенеді. Ауыз бен мұрын қуыстары бір-бірінен толық бөлінеді. Ортаңғы ішек ұлтабар ұшына, ащы және мықын ішектерге, ал артқы ішек — бүйенге, тоқ және тік шектерге жіктеледі.
Жоғары сатыдағы сүт қоректілерде сыртқы орта жағдайы мен қоректену ерекшеліктеріне қарай (шөп, ет, жеміс, насеком қоректілер, талғаусыздар) ас қорыту жүйесінде көптеген құрылымдық және функционалдық айырмашылықтар байқалады. Шөп қоректі жануарлар құрамында клетчаткасы мол азықты қорыту үшін көп уақытты қажет етеді. Сондықтан олардың ас қорыту жолында сиымды кең бөлімдер -алдыңғы немесе қосалқы қарын (күйіс малында), бүйен (жылқыңа) пайда болған. Сонымен қатар адам мен ет қоректілер (ит, мысық) ас қорыту жүйесінің ұзындығы шөп қоректілер жүйесімен салыстырғанда әлдеқайда қысқа келеді.