Шошқа етінің зияны


Скачать/Жүктеу

Наным сөзінің түсінігі (араб тілінде «иман» сөзі «қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету» деген түбірден шыққан) мұсылмандар санасында ең алдымен Білімге байланысты шыққан. «Алланың қорғауымен қауіпсіздікте болу», Алланың заңдары мен бұйрық еткендерін міндетті түрде орындауға сай ұйғарылады. Қасиетті Кітапта айтылған, адам денсаулығына қамқорлық жасау туралы ұйғарымдар, көп жылдық тәжірибелермен, сондай-ақ ғылыми фактілермен дәлелденген. Сондай ұйғарымдардың бірі шошқа етін тағамға қолдануға тыйым салу болып табылады.
«Иман келтіргендер! Біз сендерге бөлген, жақсы тағамнан жеңдер, Аллаға ризашылық білдіріңдер, егер Оған тәуба келтіретін болсаңдар. Ол сендерге өлікті, қанды, шошқаның етін тамақ етуге тыйым салған, бұл Алладан басқа, басқалардың атымен айтылып сойылған. Кім бұл тамақты жеуге еріксіз мәжбүр болса, болашақта өз дегенін істемейтін, арсыз болса да, оған күнә артылмайды. Алла – Кешірімді, Мейірімді» (Қасиетті Құран, 2:172-173)
Мұндай бұйрық Библияда да бар:
«Шошқаның тұйяғы екіге бөлінсе де, бірақ күйіс қайырмайды, біз үшін ол таза емес; оның етін жемеңдер, оның өлігіне де жақындамаңдар» (Екінші заңдылық 14:8, Библия)

Тыйым салудың медициналық аспектісі
Тағамға шошқаның етін пайдаланудан бас тарту – бұл өз денсаулығыңа қамқорлық жасау, сонымен, үй жануарларының ішіндегі ең ашқарақ және лас, бәрін талғамай жей беретін, адамның нәжісінде, шошқа зиянды микробтар мен жәндіктерді өрбітуші, ал етін тамаққа қолдансақ, көптеген қауіпті аурулардың басталуына себеп болады. Біз болжай аламыз, тыйым салудың негізгі себебінің бірі – тағамға шошқа етін қолдансақ, трихинеллез ауруы болады, шамамен гельминтті шақырады, трихинамен (TRICHINELLA SPIRATIS).
Адамның жұқпалы ауруға шалдығуы тағамға етті, жеткілікті термиялық өңдеуден өтпегенінен болады. Шошқаның етінде болатын цистада (сыртқы қабығы) өмірге бейімді личинкалармен ересек организмнің адамдағы екі жынысының жіңішке ішегінен басталып, ересек организмнің личинкалары қан ағысымен бұлшық етке кіреді, содан кейін цисталар қалыптасады. Аурудың белгілері ауруды жұқтырғаннан кейін жоғары қызу көтеріліп байқалады, бұлшық еттегі үдеген аурумен, жұмсақ тканьнің ісінуінен, қанда эозинофилия байқалады. Нерв жүйесінің зақымдалуы да мүмкін (энцефалит), жүректегі бұлшық еттің (миокард) және басқа да ауыр зақымданулар.
Қазіргі заманғы медицинада трихинеллезаға қарсы тиімді дәрі-дәрмек жоқ. Сондықтан үміт артатын жалғыз тәсіл, ауруға шалдығудан сақтану үшін, шошқа етін тағамға қолданудан бас тарту. Саудаға түсіп жатқан шошқаның тұтас еті, трихинеллезге тексеруден міндетті түрде өту керек, бұл мүлде ауырмауға кепілдік бере алмайды. Бұған осыдан бір жыл бұрынғы Мәскеуде шыққан аурудың тұтануы мысал бола алады.
Шошқа етінің құрамында болатын, микробтар мен зиян келтіретін жәндіктердің тізімін жалғастырып, олар туғызатын ауруларды да, мынаны айтқымыз келеді: қазіргі кезде солардың көбі жазылмайтын ауруға шалдыққандар.
Цистицеркоз TAENIA SOLIUM (шошқа солитері) бас миындағы инвазияға шошқа солитерінен ішек-қарын жолына жұқпалы личинка түсу нәтижесінде дамиды  және 1-1,3% көлемде бас сүйектің ішінде үрдістер жүріп жатады. Паразиттің онносферасы шырышты қабық арқылы портальді қан тамырларының жүйесі жолдарымен қан айналымның жоғары айналысына түсіп, барлық ағзаға жайылады, түрлі мүшелерді зақымдап, соның ішінде ми қабығына зақым келтіреді. Мидағы цистерктердің саны бірнеше жүзге жетуі мүмкін. Неврологиялық симптоматика көп ошақты болып сипатталады. Эпилептикалық синдром тез дамиды, делбе құбылысы және ми қабығы қысымының көтерілуі көріне бастайды. Ішекқұрттар аппендициттінің болуына, сары аурудың өзінен-өзі болуына себеп болады, ас қорытудың бұзылуына жол береді.
SCHITOSOMA JAPONICUM – қансырауды, қаны азаюды тудырады; личинкалар ми және омыртқа қабығына енген кезде өлі немесе сал болып қалу мүмкін.
PARAGOMINES WESTERMANI – зақымдану кезінде өкпеден қан кетуі мүмкін.
PACIOLEPSIS BUSKI – ас қорыту жолдары бұзылады, қалжырататын диареяға, жалпы ісінуге жеткізеді.
CLONORCHIS SINENSIS — өзінен-өзі сары ауруды тудырады.
METASTRONGYLUS APRI – бронхит, өкпеде іріңді ісік пайда болады.
GIGANTHORINCHUS GIGAS – қан азаюы мен асқазанның бұзылуына әкеледі.
BALATITIDUM COLI – жұқпалы іш ауруымен организмнің әлсіреуін тудырады.

Бактериялы аурулар
ТУБЕРКУЛЕЗ
FUSIFORMIS NECROFULUS – аяқтағы қиын емделетін қозба ауруымен зақымдану.
SALMONELLA CHOLERA SUIS – тырысқақ.
БРУЦЕЛЛЕЗ – жұмыс істеу қабілетін жояды.
ШОШҚА ТІЛМЕСІ – эризипелоид.

Вирусты аурулар
ОСПА
ЯПОНДЫҚ ЭНЦЕФАЛИТ

Протозойлы аурулар
TOXOPLASMA GOUNDII – ең қауіпті ауру. Жұқпалы аурумен ауыратын анадан туған бала, бірнеше күн немесе туылғаннан кейін бірнеше аптадан соң жиі өледі. Егер тірі қалса, құлағы естілмейді немесе көзі көрмеуі мүмкін. Ал ересектерде бауыр мен көк бауырдың ұлғаюынан созылмалы безгек пайда болады, өкпенің қабынуы мидағы безгек, көз бен есту жүйесі зақымдалады.
ЗИЯНДЫ СЕМІРУ. Шошқа етін жеген адамдар шошқаның етіндегі майдың көптігінен семіріп кетуден қиналады. Олардың қанындағы холдестериннің деңгейі жиі жоғарылайды, олар атеросклерозға бейім, соның салдарынан жүрек жолы жүйесінің ауруына, мидағы қан айналымының бұзылуы, аяқтың ангиопатиясымен ауырады және т.б.
Шошқаның еті ұзақ уақыт қорытылады, бұл ас қорыту жолының көптеген созылмалы ауруына себепші болады. Терінің іріңді зақымдануы шошқа етін жиі қолданғандардан жиі байқалады. Бізге қызық болып көрінетіні, шошқа майының гидролизіне келсек, оның депонированиясы мен адам организміндегі пайдалану дәрежесін зерттеу. Болжам айтқың келеді, шөпқоректі жануарлардың етін жеген кезде, олардың майы гидролизге ұшырайды, содан кейін қайтадан жинақталып және адамның майы сияқты болып кетеді. Сол аралықта шошқаның майы гидролизге ұшырамайды, сол себепті адамның майлы денесінде шошқаның майы сияқты сіңіп кетеді. Бұл майды пайдалану өте қиын және организм қажет болған жағдайда, созылмалы аштықты сезуге әкелетін, мидың әрекетіне арналған,  энергетикалық материал сияқты глюкозаны пайдалана бастайды. Тұйыққа тірелу шығады: жеткілікті май жинаған адам, аштыққа шыдамай, үнемі тамақ жесе де, тойғанын сезінбейді.

Тыйым салудың Библиялық аспектісі
Шошқа етін тағамға қолдануға библияның тыйым салғанына қарамастан, бұл тыйым Жаңа Өсиетте жойылған деп кейбір қасарысатындар да бар. Бұл дәлел шын негізінен айырылған. Иисустың тыйым салуды жойғанын, ешкім дәлелдей алмайды. Керісінше, ол оны дәлелдеп айтты: «Мен Заңды өзгертеді деп ойлап қалмаңдар және Пайғамбарлардың парыздарын: мен өзгертуге келген жоқпын, мен орындауға келдім» (Матф. 5:17). Жаңа Өсиеттегі нұсқау, шошқа етін жеуге тыйым салуды «жоюға» қатысы бар, Деянияда бар (10:10-16). Үзіндінің жалпы құрамын ұғынып оқымай-ақ, шынымен, шын ниетің болса, мынадай қорытынды жасауға болады. Бірақ, еш жерде Петрдің шын мәнінде тағамға таза емес малдың етін жегені туралы немесе мұны басқа иман келтірушілерге ұсынғаны анық жазылмаған. Библияда Иисус Христос кім Алланың Ашылуларын қабылдауға қабілетсіз болса, оларды ит пен шошқаға ұқсатқан: «Киелі нәрсені итпен бөліспеңдер – олар семіріп біткен соң, өзіңе қайта шабуыл жасайды. Шошқаның алдында маржан тізбеңдер, олар оның қадірін білмей, тұяғымен таптап тастайды» (Матф. 7:6)
Солай, шошқа етін тамаққа пайдаланудан бас тарту – физикалық және рухани тұрғыдан жоғары сатыға көтерілген, адам сақтауға тиісті шарттың бірі – шошқа етінде адамды тез өлтіретін зиянды заттар болмаса да, ол өзінде адамды біртіндеп бұзатын, потенциалды улануды алып жүреді.
Адам өзіне ұқыптылықпен қарау керек, денсаулық – бұл бізге Жасаған Иенің күтіп пайдалану үшін сыйлаған игілігі екенін естен шығармау керек.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы