Аббас әулеті


Скачать/Жүктеу

Аббас әулеті, әл — Абдассийун -Араб халифатын билеген әулет (749 -1258). Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) немере ағасы әл-Аббас бин Абд әл-Мутталиб бин Хашимнен (653 жылы өмір сүрген) тараған. Мұхаммед бин Әлидің ұлы Ибрагим жіберген өкіл Әбу Муслим бастаған Шииттік қозғалыс Омейя әулетін тақтай тайдырған соң, Аббас әулетінің үкімет басына келген. Аббас әулетінің алғашқы халифасы Әбу әл-Аббас әс-Саффах (750 — 54) болды. 762 жылы Аббас Әулетінің астанасын Шамнан (Дамаск) Бағдадқа ауыстырды. Аббас әулетінің мемлекеті әдебиеттерде, кейде «Бағдадяхалифаты» деп те аталады. Ол «Мұсылман ренессансы» дәуірінде мәдениеті, ғылымы,әдебиеті,философиясы, математикасы,географиясы, саудасы, т.б. әлемдік дамудың алдыңғы қатарындағы мемлекет болды. Бұл халифат төңірегіндегі көптеген халық өкілдері оған өзіндік үлестерін қосып отырды. Ежелгі Шығыс, Грек, Рим өркениетінің жетістіктеріне сүйенген араб мәдениеті Еуропа елдерінің дамуына көмектесті. Аббас әулеті арасынан һарун әр-Рашид (786 — 809), Мамун (813 — 33), әл-Мутасим (833 — 42) қызметтері айрықша аталды. Кейін VIII ғ-дың ортасында мемлекет бірлігі әлсіреді. Әр аймақта Аббас тұқымдары немесе жергілікті билеуші топтар билік жүргізе бастады. X ғасырда бұйдтер, одан салжұқтар Аббас әулетін ығыстырыл шығарды да, олар тек діни тістерге ғана араласатын болды. 1258 жылы Хулагу хан бастаған моңғолдар Бағдадты басып алып, Аббас әулетін жойды. Тірі қалған әл-Мустансирге Мысыр сұлтаны Бейбарыс 1261 ж. әл-Қаһрада халифа атағын берген.1517 жылы түрік сұлтаны Сәлім әл-Мутауәккіл халифаны Стамбұлға көшіріп, кейін халифа атағы түрік сұлтандарына өтті.[1]

Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  2. http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B1%D0%B0%D1%81_%D3%99%D1%83%D0%BB%D0%B5%D1%82%D1%96

Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы