Татулық пен бірлік — Қазақстанның басты байлығы.


Скачать/Жүктеу

1.Адамбаева Индира. Ата Заңымыздың қабылдан¬ғаны¬на да таяуда он алты жыл толды. Соңымызда қалған жылдар өкіндірмесе керек. Алда әлі талай жауапты сындар бар. Өткеннен ой түйе отырып, жарқын болашаққа ұмтыла беру – парыз. Ең бастысы – туған елімізге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, Ата Заң алдындағы мұрат-мүдделерімізді талаптағыдай атқара білейік. Қол жеткен табыстар Ата Заңы¬мыз¬дың мықты әлеуетінің дәлелі десек, артық айтқандық емес. Ақиқаты солай. Тұрақтылыққа, Отанымыздың басты байлығы – тыныштық пен бейбіт өмірге Конституцияның негізінде қол жеткіздік. Осыны түсіне білуіміз қажет. Сондықтан да Ата Заңмен өмір сүру – демократияның жарқын көрінісі.
2.Капенова Жанар: – Таяу жылдары тұрғындары мил¬лионға жететін Ас¬тана – Қазақ елінің бірлігі мен ынтыма¬ғының символына айналып отыр. Елорданы мекен еткен ұлт пен ұлыстардың өкілдері еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. 1 Мамыр – Ынтымақ күні барша халықты жақындастыра түсетіні анық. Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVII сессиясында сөйлеген сөзінде 1 мамыр – бірліктің ерекше мерекесі екенін, бұл күнді «бірлік» ұранымен атап өтетінін айтты. Яғни, бұл айда бірлігімізді нығайтып, әлемге Тәуелсіздігімізді паш ете түсуіміз керек. Қазір біздің елдегі ынтымақ пен бірлікке қызыға қарап отырған мемлекет көп. Бейбіт өмір іздей елімізге көшіп келіп, еңбек етіп жатқандар да аз емес. Солардың бірі – Астанадағы «Автобус паркі» АҚ-ы жүргізушісі Рустом Зумбуридзе осыдан 15 жыл бұрын Грузиядан Қа¬зақстанға көшіп келген-ді. «Қоныс аударуыма, елімнен кетуіме Грузияда басталған соғыс себеп болды. Қолыма қару алғым келмеді. Бейбіт өмірді, отбасымның амандығын ойладым. Суық қаруды кезеніп, адам өміріне қастандық жасаудан қаштым. Қазақ еліне келген 15 жылда көптеген жақсы істердің, экономикалық өркендеудің, халықтың ынтымағы мен бірлігінің куәсі болып жүрмін. Жұмысым бар, көп дос таптым», – дейді

Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Әмірхан РАХЫМЖАНОВ-«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
– Таяу жылдары тұрғындары мил¬лионға жететін Ас¬тана – Қазақ елінің бірлігі мен ынтыма¬ғының символына айналып отыр. Елорданы мекен еткен ұлт пен ұлыстардың өкілдері еліміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. 1 Мамыр – Ынтымақ күні барша халықты жақындастыра түсетіні анық. Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVII сессиясында сөйлеген сөзінде 1 мамыр – бірліктің ерекше мерекесі екенін, бұл күнді «бірлік» ұранымен атап өтетінін айтты. Яғни, бұл айда бірлігімізді нығайтып, әлемге Тәуелсіздігімізді паш ете түсуіміз керек. Қазір біздің елдегі ынтымақ пен бірлікке қызыға қарап отырған мемлекет көп. Бейбіт өмір іздей елімізге көшіп келіп, еңбек етіп жатқандар да аз емес. Солардың бірі – Астанадағы «Автобус паркі» АҚ-ы жүргізушісі Рустом Зумбуридзе осыдан 15 жыл бұрын Грузиядан Қа¬зақстанға көшіп келген-ді. «Қоныс аударуыма, елімнен кетуіме Грузияда басталған соғыс себеп болды. Қолыма қару алғым келмеді. Бейбіт өмірді, отбасымның амандығын ойладым. Суық қаруды кезеніп, адам өміріне қастандық жасаудан қаштым. Қазақ еліне келген 15 жылда көптеген жақсы істердің, экономикалық өркендеудің, халықтың ынтымағы мен бірлігінің куәсі болып жүрмін. Жұмысым бар, көп дос таптым», – дейді
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып есептеледі. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет болып табылады.
Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл қабылданғанына он алты жыл толғалы отырған Ата Заңымыз жөнінде былай дегені бар еді: «Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат бұл – Конс¬титуция. Ата Заңымыздың алдында ала-құласы жоқ бәріміз де бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз!» Расында да, біздің Консти¬туция отандастарымыздың құқын қорғауды мақсат етеді, тағы бір маңыздысы азаматтардың қоғам, ел алдындағы жауапкершілігі мен міндеттерін айқын белгілеп берді.
Ел халқы Конституция талаптарына адалдығы және ондағы міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру арқасында қысқа уақыттың ішінде мемлекеттігін нығайтты, тәуелсіздігін тұрлаулы етті.
Ата Заңымыз тұтастықтың, татулықтың кепілі болғандықтан Қазақстан халқы түсі-ністік, достық жағдайында өмір сүріп келеді. Статистика деректері бойынша, елде 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар екендігі белгілі. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік, дүрдараздық жоқ. Олар Қа¬зақ¬станды ортақ Отаны санайды. Елімізде он бір тілде газет-журнал жарық көріп отыр. Олар ағылшын, неміс, әзірбайжан, корей, ұйғыр, өзбек, татар және басқа да тілдерде. Театр¬лар алты тілде өнер көрсетіп жүр. Олардың барлығын мемлекет өзі қаржыландыруда. Осындай өнегелі істі әлемдегі өзге мемлекеттерден кездестіру қиын. Осының өзі арамыздағы өзге ұлт өкілдерінің тілі мен дініне, мәдениеті мен өнеріне деген қамқорлық нышаны.
Конституцияда белгіленген бағыт-бағдарымыздың дұрыстығының арқасын¬да әлемді шарлаған экономикалық дағ¬дарыстан да қиналмай өттік. Қайта экономикада осы жылдары оң көрсеткіштерге қол жеткіздік. Өткен жылдың өзінде 140-тан астам өнеркәсіп орындары іске қосылды. 1996 жылмен салыстырғанда халықтың табыс деңгейі 14 есе артты. Ұлттық экономикаға жүз миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Өткен он бес жылда жан басына келетін ІЖӨ жеті жүз доллардан сегіз мың долларға өсіп, яғни 11 есе ұлғайған.
Ата Заңның бірінші бабының өзінде бас¬ты құндылық ретінде адам, оның өмірі мен еркіндігі атап көрсетілді. Адамды бас¬ты орынға қойған мемлекетімізде адамға қамқорлық жасауда игілікті шаралардың жүзеге асырылып жатқанына куә болып жүрміз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерінен мыналарға қанықтық. Адамның өмір сүруін қамтамасыз етуде ең төменгі тұтыну себетінің құны айрықша рөл атқарады.
Оның негізінде ең төменгі жалақы мөлшері, зейнетақы төлемі, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жататынын жақсы білеміз. Егер 1997 жылы ең төмен күнкөріс денгейінің мөлшері – 3505 теңге болса, 2009 жылдың өзінде бұл – 13717 тенгеге жеткен. Жалпы, соңғы он жылда бұл көрсеткіш төрт есеге өскен. Зейнетақы жайын алайық. 1995 жылы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 300 теңгені құраса, 2010 жылы 18325 теңгеге дейін көбейген. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемінде де өсу бар. 1998 жылы оның орташа мөлшері 2970 теңге болса, 2010 жылы 14535 теңгеге артқан, яғни бес есе өсім бар деген сөз.
Соңғы уақыттары әлеуметтік төлемнің жаңа түрі пайда болды. Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға ең төмен жалақы мөлшерінде жәрдемақы берілетін болды. Мемлекет тарапынан мұндай көмек бұрын қарастырылмаған еді.
Өткен жылдан бастап көп балалы аналарға беретін «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерінің шарттары өзгертілді. «Алтын алқа» белгісімен бұрын он және одан да көп балалы аналар марапатталса, қазір жеті және одан да көп балалы аналар, «Күміс алқамен» бұрын сегіз баланың анасы марапатталса, бүгінгі таңда алты баланың анасы марапатталады. Аналарға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінде де өсім бар. Яғни 3-4 айлық есептік көрсеткіштен 6 айлық есептік көрсеткішке көбейтілді.
Ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды конституциялық орган болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрық¬ша екенін атап өткен жөн. Бұл Ассамблея – бейбітшілік пен келісімді тиімді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және кон¬фессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығы, Астана қаласында мемлекет басшыларының Саммитін өткізуді дүниежүзінің қолдауы мемлекетіміздің Конституция негізінде жүргізіп отырған салиқалы саясатының белгісі.
Біз қазіргі күні экономикалық жетістіктерді, әлеуметтік игіліктерді, са¬яси тұрақтылық пен мәдени өркендеуді бастан кешіріп отырмыз. Елдің қол жеткен табыстарына, біздегі орын алған татулық пен түсіністік жағдайларына әлемдік өркениет қызғушылық танытуда. Осының өзі көңілді марқайтып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміңді арттыра түседі. Әрине, дос сүйсініп, дұшпан қызғана қарайтын жетістіктер оңайлықпен келіп жатқан жоқ. Бұл – ең алдымен қазақ халқының өз ішіндегі ауызбіршіліктің, жалпы, қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында жетіп отырған игілікті нәтижелер. Біздің міндетіміз – осы бірлікті алдағы уақытта да нығайта беру, күшейте түсу. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп бабаларымыз ел бірлігі жөнінде өте орынды айтқан. Төле би бабамыз «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деп ұрпақтарына өсиет қалдырса, Қаз дауысты Қазыбек би «Біз үш жүз қазақ керіспейік, асылы бізге керіскен жөн емес» деп төңірегіндегілерді бір-бірін сыйлап, құрметтеуге шақырды. Әйтеке бидің мына сөзі де күнделікті өмірде басшылыққа алып жүретін негізгі қағидамыз болуы тиіс. «Егер де үш жүздің билікке таласуы тоқтамайтын болса, қазақ елі күйреуге ұшырап, басқа халықтың езгісіне түсіп, жуандардың жұдырығына жем болады». Ата-баба аманатына адал болу, өсиет ақылдарын іске асыру – басты парызымыз.
Сөз жоқ, дәл қазіргі күні Қазақстан эко¬номикасы қарқынды дамып, мәдение¬ті өсіп-өркендеп келе жатқан әлемдегі танымал да беделді мемлекеттердің біріне айналып келеді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези¬ден¬ті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел үшін сіңіріп отырған еңбегін ерекше атап көрсеткен жөн. Өткен жылы еліміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді. Біздің Елбасының алқалы жиындарда ортаға салған көптеген ұсыныс бастамалары әлемдік деңгейде мойындалып отыр. Негізі, Конституция ұғымы қазаққа жат емес. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» делінетін қағидаттарда, тұжырымдарда, конституциялық идеялар көрініс тапқанын жасыруға болмас. Дала билігі – адамдарды адамгершілік пен ізгілікке, ерлік пен патриоттыққа, мейірім мен қамқорлыққа жетеледі. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін далада қалдырмаған. Жер дауы, жесір дауы дегендерді түйінді, дәлелді, көңіл қоярлық сөздерімен шешіп отырған. Бидің сөзіне хан да, қара да құлақ қойған.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйле¬ген сөзінде былай деген еді: «Консти¬туция бойынша, заң бойынша өмір сүру – жай ғана қажеттілік пен азаматтық міндеттілік емес. Бұл – азат адамдардың артықшылығы. Өз құқықтарының бағасын біліп, басқалардың да осындай құқықтарын мойындайтын адамдардың артық¬шылығы. Осындай жағдайда ғана біз – жеке азаматтар емес, Қазақстан халқымыз, тұрғындар емес, қоғамбыз, азаматтық қоғамбыз. Географиялық кеңістік емес, бізді біріктіретін – еліміз». Бұдан қандай ой түюге болар еді. Әрбір азамат өз ортасы мен қоғамын құрметтей білуі тиіс. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген ертеден келе жатқан бір сөз бар емес пе? Сол айтылғандай мемлекетіне қарап, азаматын танып-білуге болатын заманға да келдік. Мемлекетіміз қайтсе дамиды, өркендейді? Бұл – замандастарымыздың өз міндетіне деген жауапкершілікті түсінуіне, әділдік пен адалдықты басты ұстаным ретінде алуы¬на тікелей байланысты.
Ата Заңымыздың қабылдан¬ғаны¬на да таяуда он алты жыл толды. Соңымызда қалған жылдар өкіндірмесе керек. Алда әлі талай жауапты сындар бар. Өткеннен ой түйе отырып, жарқын болашаққа ұмтыла беру – парыз. Ең бастысы – туған елімізге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, Ата Заң алдындағы мұрат-мүдделерімізді талаптағыдай атқара білейік. Қол жеткен табыстар Ата Заңы¬мыз¬дың мықты әлеуетінің дәлелі десек, артық айтқандық емес. Ақиқаты солай. Тұрақтылыққа, Отанымыздың басты байлығы – тыныштық пен бейбіт өмірге Конституцияның негізінде қол жеткіздік. Осыны түсіне білуіміз қажет. Ата Заңмен өмір сүру – демократияның жарқын көрінісі.
Биылғы жыл – Тәуелсiздiгiмiздiң жиырма жылдығы. Бұл – азат Қазақстанның ең қастерлi құндылығы, халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажырамас асыл бөлiгi. Өткенге ой жүгiртiп, санамызбен зерделемей болашақты бағдарлау оңай болмайды.
Сондықтан да биылғы «Ырыс алды – ынтымақ» басқосу-жиыны Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналып, «Бейбiтшiлiк пен жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбымен өттi. Елiмiздiң 20 жылда қол жеткiзген жетiстiктерi, тәуелсiздiк тұғырын берiктете түсудегi алдағы мiндеттер жан-жақты айтылды, осы орайдағы ой-пiкiрлер ортаға салынды.
Отанды қалтқысыз сүю оның суығына шыдап, ыстығына күюдi талап етедi. Бұл жолда бiздiң ең басты байлығымыз – берекелi бiрлiгiмiз.
Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Олай болса, ынтымағы мен бiрлiгi жарасқан елiмiздiң көк байрағы көкке желбiрей берсiн, тәуелсiз елiмiз жайнап, гүлдене түссiн.
«Ырыс алды – ынтымақ» атты қанатты қағида мызғымас бiрлiгiмiздi, берiк ауызбiршiлiгiмiздi, кiшiпейiл iзгiлiгiмiздi нығайта түссiн, игi iстердiң жалғасуына жол аша берсiн!


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы