Кескіндеме өнерінің түрлері


Скачать/Жүктеу

Кескіндеме бейнелеу өнерінің ең көп тараған түрі болып табылады. Ол белгілі бір жазықтықта бояудың көмегімен салынатын туынды.

Кескіндеме әрі бай, әрі күрделі, оның бағалылығы адамның арқасында ертеден қалыптаса бастаған. Кескіндеменің ертедегі туындыларын ғалымзар үңгір қабырғаларынан тапқан. Онда аңшылық, жануарлар өте керемет бейнеленген. Осы кезден бастап қабырғаға бояумен сурет салу пайда болған. Ол монументалды кескіндемеге сәйкес келеді.Монументалды кескіндеме. Монументалды кескіндеменің екі түрі ажыратылған.Олар: фреска және мозайка. Италия тілінен аударғанда fresco – жаңа, masaique – музаларға арналған деген мағынаны береді.

Фреска  таза штукатуркаға таза немесе әкті сумен ажыратылған бояумен салынатын кескіндеме техникасы.

Мозайка ол әр түрлі немесе бірдей тас үгінділерін әкке немесе цементке жапсырмалап жасалатын бейне.

Фреска мен мозайка монументалды кескіндеменің ертеде қалыптасқан және өзінің түсінің тұрақтылығының арқасында архитектуралық көлемдер мен жазықтыққтарды әсемдегенде қолданылып келеді. Атақты монументалистердің ішінде А.А.Дейнеки, П.Д.Корина, А.В.Васнецовты атап өтуге болады.

Станокты кескіндеме. Оның өзіндік мәні мен мағынасы бар. Станокты кескіндеменің бірнеше түрі мен жанрларын атап өтуге болады. Олар: натюрморт, пейзаж, портрет, ботальды жанр, тарихи жанр, тұрмысық жанр.

Монументалды кескіндемеден станокты кескіндеменің айырмашылығы, ол қабырға жазықтарына емес, еркін түрде салына береді.  Аталған түрлері мен жанрларынан басқа станокты кескіндеменің декрациялық түрі де бар. Ол театрлық және кинодекорациялық және костюм эскиздері, сонымен қоса миниатюралар және икона сияқты түрлерге ажыратылады.

XV ғасырларда ерте орыс кескіндемесінің ескерткіші ретінде Андрей Рублевтің қолымен салынған «Троица» иконасын атап өтуге болады.

Кескіндеме бейнелеу өнерінің басқа да түрлері сияқты ерекше бейнелемелік тілі бар оны суретшілер өздерінің сезімі, ойы арқылы суреттеп жеткізеді.

 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы