Акварель


Скачать/Жүктеу

Кескіндемеде қолданылатын материалдардың әр түрлілігі жазудың әр түрлі технологиясымен анықталады. Олар : акварель, гуашь, майлы кескіндеме, темпера, пастель, энкаустика т.б. Кескіндемеде түстің анық бейнеленуі жазу түрінен ғана емес, сонымен қоса бояудың сәйкес келуі мен жазықтыққа да байланысты.

Кескіндеменің әр түрлі материалдармыен, техникасымен таныс болайық.

Акварель (латын тілінен aque – су) – сумен араластырылған өсімдік желіміндегі бояу.

Түсті акварельмен салынатын кескіндеме сонау Ежелгі Египетте танымал болған. Бізге ол кезден папируста және күріш  қағазында салынған суретшілердің тундылары ғана жеткен. Орта ғасырларда Батыс Еуропада акварельмен шіркеулік кітаптарды безендіргенде, одан кейін миниатюралық кескіндемеде, баспа кітаптарын қолмен бояғанда қолдана бастаған.

1 Александр Николаевич Бенуа. “Водный портрет в Версале.Осень”. Картонға жапсырылған қағаз, гуашь, акварель, перо. 1905

2 Борис Израилевич Анисфельд “Эскиз декараций к балету Исламей” . Картон, гуашь, күміс тәрізді бояу.1911

3 Вильгельм Александрович Котарбинский. “Стрельба из лука” Акварель.

Таза акварель XV ғасырларда кеңінен қолданысқа түсе бастады. Оның сапалары – бояудың түссіздігі, түсінің тазалығы. Акварель тон байлығын және графикалық тәсілдерді  өзіне біріктіреді. Акварельдің спецификалық тәсілдері – жайылу,ағу олар қозғалыс эффектілерін береді.Қылқаламмен орындалатын акварельде көбінде перомен және қарындашпен салынатын суреттер қолданылады.

XV – XVII ғасырларда акварель қолданбалы мағынада болған және ол гравюра, сызба, эскиздерді бояғанда пайдаланылады.

XVIII ғасырдың екінші жартысынан басатап акварель пейзаж кескіндемесінде кеңінен қолданыла бастады. Сол кезден бастап акварелист суретшілер пайда бола басатады. Олардың түстері анық емес пейзаждарды дымқыл қағазда орындайды.

XIX ғасырдың аяғында Италияда көп қабатты құрғақ қағазда орындалатын акварельді кескіндеме пайда болды. Бұл бағытта Россияда К.П.Брюллов және П.А.Иванов жұмыс жасаған.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы