Скачать/Жүктеу
Гуашь (италия тілінен quazza – сулы бояу) ұсақталып үгітілген пигменттерден тұратын сулы желіммен байланыстырылған бояулар. Осы бояудың атынан барып жазба түрінің аты шыққан. Гуашь көбінде әр түрлі жазықтықтағы кескіндемеде қолданылды. Гуашь акварельдің көп түрі ретінде пайда болған.
Гуашты қолдану техникасы Россияда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында В.А.Северовтың және А.Я.Головенаның шығармашылығында дами түсті. Олар гуашты станокты кескіндемемен жұмыс жасаған кезде пайдаланды. Қазіргі кезеде кітаптың және қолданбалы графикада, эскиздерде, безендіру жұмыстарында қоланылып келеді.
1 Метислав Валерианович Добужинский. “Домик в Петербурге” . Картонға жапсырылған қағаз, пастель, гуашь, карандаш. 1905
2 Василий Дмитриевич Милитон. “Утро” Гуашь. 1906
Темпера (италиа тілінен temperore — бояуды араластыру ) – су және жұмыртқа сарысынан, сонымен қатар суда ажыратылған өсімдік және жануар желімінен, маймен араластырылған бояумен жасалынған кескіндеме. Темпера ежелгі египетте танымал болған. Орта ғасырларда станокты кескіндеменің немесе иконаның негізгі техникасына айналған. Қазіргі заманғы темперамен жасалған картиналар лакпен жабылмайды, сондықтан да олар бархатты болып табылады.
Майлы кескіндеме – органикалық емес пигменттерден және ағартқыштан және күнбағыс немесе орех майының қосындысымен дайындалатын майлы бояумен жасалатын кескіндеме түрі. Майлы бояумен кенепте, картонда, ағашта, металда салады. Сонымен қоса станокты және монументалды кескіндемеде әкті штукатуркаға пайдалануға болады.
XVI ғасырдың ортасынан бастап майлы кескіндеме кескіндеме техникасынан басы орын ала бастады. Майлы кескіндеме нақтылығымен және жазба динамикасымен еркшеленеді.
XIX ғасырыдың басына дейін майлы кескіндеме көпқабатты бояуды жағуға бағытталса, XIX ғасырдың басынан бастап майлы кескіндемеде ала прима қолданыла бастады.