Спорт бұйымдары мен ойын-сауық құралдары туралы


Скачать/Жүктеу

Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сiлтер көрсетiп жолынды,

Шығысқа,

Батысқа.

(Компас)

Қос әйнектен қарасаң,

Көз алдыңда тұрады.

Алыстағы орасан.

(Дүрбi)

Бiр құлаштай сабы бар,

Бунақтары тағы бар.

Басы ұқсас қайыққа,

Жолықтырар ойыққа,

Қос танабы тартылған,

Ұзына бойы ән тұнған.

(Домбыра)

Жүректi баурар үнi бай,

Баршаға ортақ тiлi бай.

(Саз)

Қаламы жоқ, ал бiрақ,

Естiгенiн сөзбе-сөз,

Сол қалпында қабылдап,

Жазып алар тезбе-тез.

Қайталайды қойсаң көзбе-көз.

(Магнитофон)

Бала бiткен соғады,

Жеңiл шарды домалақ.

Ұрсаң

Ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап.

(Доп)

Қампитын үрлеп қарының,

Қуалап басты арынын.

(Доп)

Тепсең-ақ секiрiп,

Ұстатпай қашады.

Бiр жерге бекiнiп,

Тұра алмай сасады.

(Доп)

Мiнсем,

Төменге зу етем,

Өрлесем,

Оны өзiм сүйретем.

(Шана)

Мiнiп алып ылғи да,

Тыңнан жол табамын,

Жоғарыдан ылдиға,

Жұлдыз болып ағамын.

(Шана)

Аяғымда

Басы қайқы қос сырық.

Таяғым да

Қуады оны састырып.

(Шаңғы)

Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға заулайды,

Шойын жолдан аумайды.

(Шаңғы)

Даңғыл жол етемiн,

Тiлгiлеп ақ қарды.

Шарықтап кетемiн.

Қапталды,

Шатқалды.

(Шаңғы)

Табанға қанжар байладым,

Бетiнде айна ойнадым.

(Коньки)

Балалар суға салған жiп,

Тереңнен iлiп алар жүк.

(Қармақ)

Жердiң ирек құртына,

Құмар асау ұртына.

Iлгек iлiп шығарды,

Судың жаға сыртына.

(Қармақ)

Жiңiшке жiп,

Жүрген сүйретiп.

Бiр басы – темiр iлгек,

Бiр басы – құрық имек.

(Қармақ)

Үрлесең жеп-жеңiл,

Елпiлдеп кетедi.

Ұшырсаң,

Көк-теңбiл,

Бұлтқа да жетедi.

(Шар)

Үңгiген iшiне,

Қорғасын құйылған.

Әдемi түсi де,

Әрi тигiш қиырдан.

(Сақа)

Көше бойлап аяндайды,

Адам тасып аялдайды.

(Автобус)

Темiр тайым,

Тамақты еш жоқтамайды.

(Велосипед)

Суда – көлiк;

Құмда — өлiк.

(Қайық)

Көзi – төбесiнде,

Көлi – түбiнде.

(Құдық)

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүретiн жолы жоқ.

Мiнiп алсаң заулайды,

Бiрақ, iсi қалмайды.

(Қайық)

Жазда айдында жүзедi,

Қыста үмiтiн үзедi.

(Қайық)

Өзеннiң қос жағасын,

Жалғастырған жол жатыр,

Тура өтiп шығасың,

Су кештiрмес қол шатыр.

(Көпiр)

Қос құбыр

Аузына iлiккен

Тез құрыр.

(Мылтық)


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы