Киiз үй және оның жабдықтары жайында


Скачать/Жүктеу

Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып, керiледi.

Жиқазы мол кең бөлме,

Төбесiнен жұлдыздар көрiнедi.

(Киiз үй)

Көзi көп қабырға,

Бiлiнбес жамауы.

Тұмсығын шатырға

Тығады сабауы,

Байланар ақырға,

Бұйдалы танауы.

(Киiз үй)

Аяғы жер тiреп,

Таяғы көк тiреп тұр.

(Киiз үй)

Төбедегi көзiнен,

Күн сәулесi түседi.

Бұрышы жоқ төрiнен,

Самал еркiн еседi.

(Киiз үй)

Жетпiс екi найзаны,

Бiрiктiрiп ұстап тұр,

Ата-бабаның қай жаны,

Ие болса оған – ұшпақ бiр.

(Шаңырақ)

Керсең,

Алып тор жолды парақтай,

Жайсаң,

Қатарлап сызған жолақтай.

(Кереге)

Қабырғасы тор көз,

Төбесiнде зор көз.

(Кереге; Шаңырақ)

Ортасы ашық,

Шомбал төрт қазық.

Тiк тұрар күн ұзын,

Екеуi тым ұзын.

Бiрi – онда.

Бiрi – солда.

Қатар жатқан таласа,

Екеуiнiң бойы аласа.

Бiрi төбемде,

Бiрi еденде,

Осы төрт қазықтың,

Iшiндегi жазықтың.

Үстiн жапқан шап-шағын,

Ашсаң тақтай қақпағын.

Жол бередi кiсiге,

Кiресiң үй iшiне.

(Қос жақтау; Маңдайша; Табалдырық; Есiк)

Тұмсығын тесiп,

Жүннен бұйда есiп.

Қазыққа байладым.

(Уық)

Имек бүйiр ұшының,

Бұйдасы бар.

Қырлы сүйiр ұшының

Ұясы бар.

(Уық)

Бiр басы имек,

Бiр басы үшкiр сырық

Қатар-қатар тұрып,

Күмбез сынды шеңбердi,

Көкке тiктеп көтердi.

(Уық)

Тақиялы сүмбi тал тiзбегi,

Ақ шапан жамылды жүн тегi.

(Үзiк)

Ұшы екi айыр ақ таяқ,

Сұйенiп тұр жатпай-ақ.

(Бақан)

Түрiлiп тұрар бiр басы,

Бұрышсыз үйдiң мұржасы.

(Түңлiк)

Дәу шеңбер шатырлы,

Төрт тамырлы,

Ақ жаулық жамылды.

(Түңлiк, оның төрт бауы)

Қабырғаның кең төрi,

Ажыратпай ұстап түр.

Жұмыр болат шеңберi.

(Белдеу)

Дөңгелек үйдiң

Қара-шұбар жыланмен

Белiн будым.

(Белдеу)

Көк тiреп тұрған,

Көп таяқты буған.

(Басқұр)

Даланың тайраңын,

Қаз-қатар тұрғызып,

Отыз жерден байладым.

(Ши)

Түбiнен үзген,

Қатарлатып тiзген,

Сұйрiктi тұттым,

Таза ауа жұттым.

(Ши)

Келсең жолды ашады,

Кетсең жолды жабады.

(Есiк)

Үйден

Ең соңынан шығатын кiм?

Үйге

Ең алдымен бас тығатын кiм?

(Кiлт)

Көмейлете iндi,

Сүңгiтiп ем тiлдi.

Темiр кiсен дiнi,

Кейiн қарай шегiндi.

(Кiлт)

Күзетем деп үйдi,

Жұдырығын түйдi.

(Құлып)

Қақпаның қалы,

Оның да бар

Оң мен солы.

(Топса)

Жиегiне қағылар,

Әр есiктiң қалы бар.

Ол болса қақпа да

Ашылып-жабылар.

(Топса)

Төрт таяққа керiлдi,

Әдемi үй боп көрiндi.

(Шатыр)


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы