Киiм-кешек хақында


Скачать/Жүктеу

Адамның сәнi,

Онсыз жоқ мәнi.

(Киiм)

Дорбаға тығып, бас бағын,

Байлай салдым қос жағын.

(Тымақ)

Қыста,

Шығарда тысқа,

Құлағы салпақ,

Құйрығы жалпақ,

Төбесi жайпақ,

Түктi маңдайы тайпақ,

Iшi мамық байпақ.

Қара орманды қаптадым,

Сөйтiп жан сақтадым.

(Тымақ)

Ортасы күмбез,

Жиегiн көмкерген.

Етегi желкендей,

Киiм едi ол нендей?

(Кимешек)

Әкем ақ тауын,

Ақ шарбымен орады.

(Сәлде)

Әшекейлi күбiнi,

Үюлi тұрған шөмеле,

Кигiздiм биiк төбеге.

(Сәукеле)

Сырт жағына зер жiппен,

Көз тартатын көрiкпен.

Ою-өрнек бастырған,

Шалқасынан тастаған,

Кәдiмгi сырлы тостаған,

Қойсаң егер төңкерiп,

Төңiрегiн көмкерiп,

Тостағандай бос тұрған,

Киiз үйден аумайды,

Басқұрмен бастырған.

Iшi – егiс,

Сырты – тегiс.

(Тон)

Аузы бiр –

Қос құбыр.

(Шалбар)

Ерте тұрдым да,

Қос жолға түстiм.

(Шалбар)

Қолы бар,

Саусағы жоқ.

Мойны бар,

Басы жоқ.

(Көйлек)

Күндiз

Таяғымды қаптаймын,

Түнде

Босағаға тастаймын.

(Аяқ киiм)

Кұнi бойы жүргiзедi,

Үйге де кiргiзедi.

Бiрақ, өзi iзеттi,

Босағада қалып

Шығуымды күтедi.

(Аяқ киiм)

Бес айналы туыс,

Тапқаны бiр қуыс.

(Тырнақ пен етiк)

Судан ғайып,

Әжемде бар

Қос қайық.

(Кебiс)

(Тақия)

Қаз-қарта тесiгi бар,

Қақпақсыз есiгi бар.

Көмейiнде тiлi бар,

Аузын буар жiбi бар,

Кеме сынды пошымы,

Бiлсең айтшы, осыны?

(Бәтеңке)

Есiгi бiреу,

Бөлмесi бесеу.

(Қолқап)

Аузы бiреу бес құдық,

Қыстыкүнi бойлатам,

Бесеуiне бес құрық.

(Қолқап)

Ағайынды бес туыс,

Жамылатын тоны бiр.

Бесеуiнде бес қуыс,

Сырттан кiрер жолы бiр.

(Қолқап)

Қандай байлық iшiнде,

Барын өзiм бiлетiн,

Қоймалар көп үстiмде,

Көшiп бiрге жүретiн.

(Жаңқалталар)

Iшi мата,

Тысы мата,

Арасы мақта,

Төрт бұрышты қабылған,

Бұл не,

Жатарда табылған?

(Көрпе)

Киiмдегi қуыс,

Ұсақ-түйекке ыдыс.

(Қалта)

Жайсаң түңлiк,

Жисаң дiңгек.

(Қол шатыр)

Дөңгелек өзi,

Төртеу көзi.

Ұстайды мықтап,

Тұрғанды сырттап.

(Түйме)

Көлшiгiм бар төбемде,

Аптапта жуынам,

Пiл тұмсықпен себем де.

(Душ)

Шұқысаң көзiн,

Көрсетiп төзiм,

Арашаға

Бiреудi шақырар,

өзi тыныш отырар.

(Телефон)

Тiлi бар түймелi,

Кеңiрдегi кернеген,

Ән менен күй кенi.

(Сырнай)

Жездекем

Бұраса құлақты,

Селдетем

Құбырдан бұлақты.

(Су краны)


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы