Скачать/Жүктеу
Жазда өсiп, пiседi,
Дәмi тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседi,
Жердiң шаңын басады.
(Қауын — Жауын)
Аспан көгi жамылды,
Қара мақпал бүркенiп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгiп.
(Түн — Күн)
Сая жермiн,
Тұратын
Құстар әнi естiлiп,
Сөз соңына «А» қоссаң,
Сауық сайран құрамын,
Шалшық көлде кешкiлiк.
(Бақ-Бақа)
Қыста суды қаптаймын,
Бiрақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әрiп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.
(Мұз-Тұз)
Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын.
(Су — Бу)
Екi сөзден тұрады,
Құстың аты – құрамы.
Сызсаң егер «Бiз» сөзiн,
Ас пiсiрем, көр өзiң.
(Бiрқазан — Қазан)
Алғашқы буыным,
Көштi бастар ұлымын.
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бiрiмiн.
Екеуiн қоссаң iрiмiн –
Көп аңдардың дүрiмiн.
(Жол – Барыс – Жолбарыс)
«Т»-дан бастап оқысаң,
Төлi болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.
(Тай — Ай)
Жайнаған жер үстi,
Мекенмiн келiстi.
«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңiстiк.
(Қала — Дала)
Шеге қағар шеберге,
Ең қажеттi құралмын.
«Б»-ны өшiрсең егер де,
Жiгер берер ұранмын.
(Балға — Алға)
Қатты соғып жүрегiм,
Қорқып, үркiп жүремiн,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,
Күшке толар бiлегiм.
(Қоян — Ноян)
Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етiмiн – тағаммын.
(Қаз — Қазы)
«Ж» әрпiмен бастасаң,
Көрiнедi бар маңым.
«Ж»-ны сызып тастасаң,
Су ағатын арнамын.
(Жарық — Арық)
Ақ бояуға қанықпын,
Бағалымын, мамықпын.
Бас әрiпiм алмасса,
Төрт бұрышты жазықпын.
(Мақта — Тақта)
Ақтан көрпе жамыламын,
Көктемде сайға ағыламын.
Өзгерсе егер алғашқы әрiп,
Жер қойнынан табыламын.
(Қыс — Мыс)
Жасыл желек алабым,
Жыл маусымы боламын.
Бiрiншi әрiп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.
(Жаз — Қаз)
Шуақты мол төгемiн,
Гүлге бөлеп беремiн.
Бас әрiптi өшiрсең,
Көкiректi керемiн.
(Көктем — Өктем)
Пiскен жемiс қосымын,
Құстың жақын досымын.
«К» орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл ата жасымын.
(Күз — Жүз)
Ұнтағым бал, жерде өсем,
Бар халыққа әзiрмiн,
Соңғы «Н»-дi «М» десең,
Дастарқанда мәзiрмiн.
(Дән – Дәм)
Моншағы көп тiзiлер,
Шуағын төксе күлiп күн.
Соңғы әрiп «К» болса,
Әжем сынды кiсiлер,
Қолға тағар мүлiкпiн.
(Жүзiм — Жүзiк)
Желбiретiп үкiмдi,
Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам.
(Құрақ — Тұрақ)
Қуанғанда мақтанып,
Қол соғасың шаттанып.
Ең алдына «Қ» қойсаң,
Қолыңды өтер от қарып.
(Алақай — Қалақай)
Бiр құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың,
Алғы әрiптi өшiрсең,
Ең әдептi боласың.
(Сүлгi — Үлгi)
«Ар» мен «ал»-ды қосқанда,
Судағы құрлықпын.
Алдына «М»-ны қосқанда,
Нудағы түлiкпiн.
(Арал — Марал)
Бойында өссем тоғанның,
Кiргiзем дәмiн тағамның.
Соңыма қоссаң бiр әрiп,
Үндемей жүрер адаммын.
(Жуа — Жуас)
Ешкiден көп табылса,
Түсi болам қойдың да.
Соңғы дыбыс жоғалса,
Ораламын мойныңа.
(Жағал — Жаға)
Құт дарыған қотанның,
Қаруымын шопанның.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесiмiн адамның.
(Таяқ — Аяқ)
Әуелгi үш әрiп –
Дәмге нәр тiлдi үйiрген,
Кейiнгi қос әрiп –
Мақтаның түсi үйiлген.
Қосылса бес әрiп –
Темiр жiп созып иiрген.
(Тұз; Ақ; Тұзақ)
Тәттi дәм үш әрiп алғашқы,
Соңына қос әрiп жалғасты,
Сен одан өзiңе табасың
Дауылдан қорғанар панасын.
Екеуi бiрiксе егерде,
Суда өсiп, жүзедi тереңде.
(Бал; Ық; Балық)
Алғашқы буыны – құс,
Соңғы қос әрпi – түс.
Екеуiн қосып жiберсең,
Көл жағалап тiк өсем.
(Құр; Ақ; Құрақ)
«Ү» тұрса қызып табаны,
Қыртысты жазып тегiстер,
«Ү» түсiп қалса жаманы,
Құлама болар тегiс жер.
(Үтiк — Тiк)
Майысқақпын, нәзiкпiн,
Садақ болып иiлем.
Соңғы әрiп «Н» болса,
Қалдығына азықтың,
Қоқыстарға үйiлем.
(Шыбық — Шыбын)
Ұқсайтұғын жылқыға,
Қамыс құлақ көлiкпiн.
«К» орнына «П» қойсаң,
Ойлантуға берiкпiн.
(Есек — Есеп)
Шалқимын арнамда – бесiкте,
Ал бiрақ тұрмаймын тесiкте.
Алғашқы дыбысым өзгерсе,
Көкте ұшып жүремiн, көшiп те.
(Су — Бу)
Кезердi ерiнiң,
Шөбi болмас жерiнiң.
«Ш» орнына «К» тұрса.
Өсiмдiктiң нәрiмiн.
(Шөл – Көл)
Бiр адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса
Өлшеммiн, дәуiрмiн.
(Бақыт — Уақыт)
Қақ тiлiп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады.
(Жол — Қол)
Сән берем, әркiмге, көңiлге,
Ұқсаймын көктемгi өңiрге.
Әрiптi бастапқы сызса егер.
Жөн сiлтер үстазбын өмiрге.
(Мата — Ата)
«Қ» әрпiнен бастасаң,
Көмiрге ұқсас түрiм бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлiн бал.
(Қара — Ара)