Скачать/Жүктеу
Маған да , саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әрiптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейдi еш одан,
Бәрi де өз жұратың,
Айтады кәне: кiм атын?
(Ата; Ана; Апа; Аға; Iнi)
Даладай
Кiмнiң кең пейiлi?
Данадай,
Кiмнiң мол мейiрi?
(Ана)
Отынсыз, сусыз пiскен ас,
Адамның бәрi iшкен ас.
(Ана сүтi)
Iшi ақ айдын,
Екi ағайын.
(Ана емшегi)
Сырты орман,
Алды жазық құрлықты,
Араласаң,
Табасың жетi құдықты.
(Бас)
Сыртқа шығар жолы тұйық,
Тұсi шымқай қызыл сұйық.
(Қан)
Таппайтын тағат,
Тығулы сағат.
(Жүрек)
Көрмеген ешкiм,
Дәмiн татып.
Қара орман асты,
Ұйыған қатық.
(Адамның миы)
Құрамалы сырық,
Берсең ырық.
Кетесiң тұрып,
Барасың жүрiп,
Қаласаң,
Отырасың бүгiп.
(Аяқ)
Бунақты көсеу,
Тармағы бесеу.
(Қол мен Саусақ)
Бiр бұтақта – бес тармақ,
Бiрiнде бар мүйiз қалпақ.
(Бес саусақ)
Белдеуде бес ат,
Бесеуi де қасқа ат.
(Саусақ)
Қатар өскен дос құсап,
Екi жақта қос бұтақ.
Әрқайсысында
Бiрi қысқа
Бiрi ґзын
Бес бұтақ.
(Қол мен Саусақ)
Дәу үңгiрдiң қақпасы,
Жабылады, ашылып,
Жоқ болса да топсасы.
(Ауыз)
Бiр беткейде екi көл.
(Көз)
Жағасы құрақ,
Мөлдiр суат.
(Көз)
Қос дөңгелек мөлдiреп,
Iшiнде бар қарашық,
Алғы жаққа елжiреп,
Қарайды ылғи таласып.
(Жанар)
Сөз ұққыш –
Қос тұтқыш.
(Құлақ)
Бiр таудың екi жағына,
Екi қалқан жабысқан.
Жақын барсаң маңына,
Сезе қояр дыбыстан.
(Екi құлақ)
Күмiс қазықтың
Асы алтын.
(Тiл мен Сөз)
Үңгiр түбiнде жалбырап,
Өсiп тұр жалғыз жапырақ.
(Тiл)
Есiгiн ашсаң,
Сайраған бұлбұл.
Есiгiн жапсаң,
Жайраған құр күл.
(Тiл)
Үңгiрдi жайлаған,
Сұйексiз, тиексiз,
Жылмаңдап сайраған.
(Тiл)
Үстi шарбақ,
Асыт шарбақ,
Ортасында
Тұрар сарнап,
Жалғыз бармақ.
(Тiс пен Тiл)
Үңгiр толы асыл тас.
(Тiс)
Отыз екi батыр,
Екiге бөлiнiп,
Қамалып жатыр.
(Тiс)
Қамалда бар
Алақандай қызыл от,
Отыз жаугер,
Көрсетедi қызымет.
(Тiл мен Тiс)
Екi көл – кiл тынған,
Екi ну – құлпырған.
Жатса да қатар жарысып,
Көрмептi бiрде танысып.
(Екi көз, Екi қас)
Дөңнiң сыртқы қабаты –
Қарлығаштың қанаты.
(Қас)
Қабақта бар қалың тоғай,
Жолсыз-ақ табарсың оңай.
(Қас)
Тау басы тұнық,
Қаптаған шыбық,
Қойсаң да қырқып,
Өсе бередi,
Қайтадан шығып.
(Шаш)
Шыңда бар орман,
Құсы жоқ қонатын.
Тек қана қолмен,
Шөбi көп оратын.
(Шаш)
Мөлдiреп екi көл жатыр,
Ортада дөңес бел жатыр.
(Мұрын мен Көз)
Екi көршi,
Бiрi – пысылдауық,
Бiрi – сақылдауық.
(Мұрын мен Ауыз)
Алқапта бар биiк тау,
Алды тiк жар қиық тау.
Қос үңгiрi желдетiп,
Ауа жұтар селдетiп.
(Мұрын)
Қатар жатқан қос iн,
Аң кiрмейтiн бос iн.
(Танау)
Қос жиек,
Ортасы
Ақ сүйек.
(Ерiн)
Өсiп тұратын демде,
Бұтақ сайын теңге.
(Тырнақ)
Бәрi таныс,
Көз алдымда тұр.
Бәрi қалыс,
Үнсiз қалпында тұр.
(Сурет)
Жотада бар
Кеуiп жатқан
Жалғыз оқпан.
(Кiндiк)
Күндiз,
Қасыңнан қалмайды.
Бiрақ
Ешкiм ұстай алмайды,
Қорқақ па,
Қараңғыға бармайды.
(Көлеңке)