Скачать/Жүктеу
Халықаралық туристтік нарық экономикалық ктегория ретінде өзінің тауар-ақша қатынас сферасы есебінде ұсынады, оның өзіне тән ерекшеліктерін келесі қағидалармен анықтауға болады:
- нарықтың кешенді сипаты болады, яғни онда көрсетілетін қызмет пен тауарларға сұранс пен ұсыныс орын алады;
- көрсетілетін қызмет пен тауарларды пайдалану өндіретін елде болады. Бұл жағдайды сыртқы сауда операциясының пайдалы түрі ретінде қарауға болады, өйткені ішкі нарықта сауда жеке бағамен жүргізіледі және ол көтерме бағадан едәуір жоғары;
- сұраныс субъективті түрде болады. Тұтынудың түрі ретінде сұраныс тура тұтынушылардың жеке табысына тәуелді. Тұрмыстың жақсаруымен, соған сәйкес, тұрақты жердегі және демалыстағы шығынның да өзара қатынасы өзгереді. Демалыстағы туристтік шығынның өсуі, әрине, тұрақты жеріндегі шығынды құлдыратпайды. Туристтік демалыс кезіндегі шығына оның тұрақты жеріндегі шығынынан әлдеқайда жоғары келеді. Қоғам өмірінің деңгейі жоғарлағанда ғана туризмге деген шығын өседі. Туристтік қажеттілік пайда болады және өндірістік күштің дамуынының белгілі-бір деңгейінде соған қоғамдық-экономикалық жағдай сәйкес келгенде ғана қалыптасады. Бірте-бірте күнделікті бюджет туристтік бюджетке ауыса бастайды. Мұндай процестер экономикасы дамыған елдерде ғана анық байқалады;
- туризмдегі ұсысынс өте икемсіз. Бұлай болу себебі – мұнда өндірістің мүмкіндіктері нақты анықталған, сұраныстың өзгеруіне қарай жылдам өзгере алмайды. Сұраныстың көбісі туристерге көрсетілетін қызмет болғандықтан, сыныстарды дамытып іске асыру үшін туристтік инфрақұрылымға және негізгі қорға көп капитал қажет болады;
- туристтік мекемелер жұмысының өзіндік ерекшелігі – стратегиялық қорды құрудың мүмкін еместігі. Онысыз «өлі мезгіл» кезіндегі жұмыссыздықты өтеу үшін «мезгілдің шыңы» кезіндегі ұсыныстарға сай жұмысты ұлғайта алмайды. Мұның барлығы мекеме үшін өтелмейтін шығын.
Сондықтан да, туристтік потенциалға, туристтік қызметтегі сұраныс пен ұсынысқа кешенді баға бері арқылы туристтік шаруашылықтың қазіргі тиімділігін анықтауға және оның дамуына ұзақ мерзімдік болжам жасауға болады.
Сыртқы экономикалық іс-әрекеттің маңызды жағының бірі ретінде, халықаралық туристтік ағымдардың өсуі мемлекет арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейтуге әсерін тигізеді, материалдық байлықтар мен мәдени құндылықты құруда басқа ұлттардың тәжіребиесін пайдалануға мүмкіндік береді. Осының арқасында, сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі ретінде, халықаралық туризмнің маңызы үздіксіз өсе береді.