Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы европалық тарихнама. АҚШ тарих ғылымы


Скачать/Жүктеу

Сабақтың мақсаты: 1918-1945 жж. аралықтағы шет елдік тарих ғылымының ерекшеліктерін аңықтау.

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

  1. Францияда позитивистік тарихнаманның қалыптасуы
  2. Ұлыбританияның тарих ғылымындағы дәстүрлер мен жаңалықтар
  3. Германдық тарихнамадағы сабақтастық мәселесі.
  4. АҚШ- тағы тарих ғылымы. Прогрессивті мектептің дамуы.

19 ғасырдың аяғында-20 ғасырдың басында қалыптасқан Француз тарихы ғылымы ұйымы екі соғыс кезеңі аралығында сақталды. Көпшілік тарихшылар жұмыс істеген тілдік лексикалық сөздік факультеті университеттің тарихшыларды даярлайтын және басты тарихи зерттеу орталығы болды. Ғылыми дәреже атағын және диссертация қорғауды тек ғана Франзуз университеті қабылдайтын. Тарихи ғылымды дамытуда маңызды үлес қосқандар: Ұлттық хартия мектебі, Жоғарғы қалыпты мектеп, Колледж де Франс, ертеректе құрылған ірі ғылыми -білімдік мекеме. Маңызды тарихи кезеңдерді мәселелерді зерттеуде, үлкен ұйымдастырушылық рөл атқарған және бұл кезеңдерді зерттеу әрекетімен айналысқан тарихи қоғамдар мен журналдар болды. 1958 жылға дейін француз тарихшылары,диссертация қорғауда,гуманитарлық ғылымдары докторы дәрежесін алуға ұсынылған.Бұл дәреже тарихшылардың филологтармен бірдей атауда  болды.Докторлық дәрежеге талап өте жоғары болды.Ізденушіден екі мәтін тапсыру ұсынылған:негізгі және қосымша.Негізгі мәтінде зерттеудің түпкі мазмұны кең деректік негізде алынған болса, ал диссертацияға қосымша да автордың деректанушылық және тарихнамалық  зерттеу мәселесі аймағындағы компетенттігін көрсететін болған.Қорғалған диссертация жарыққа шыққандықтан, француз тарих ғылымы көлемді зерттеулермен үнемі толықтырылған.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлттық өзіндік санада француз қоғамында үлкен орын алған осы оқиғаға байланысты патриоттық рухты жанаша ойлау болды.Елде әлеуметтік күрестің ықпалымен әлеуметтік..экономикалық мәселелерге қызығушылық өсті.Әдістемелік ғылымды дамытуда танымдық ахуалдың үлкен әсерімен А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясына ауды осыған сәйкес: физикалық құбылыс есебінен абсолюттік жүйе бақылаушыға тәуелсіз өмір сүрмейді   және абсолютті уақыт болмайды, қандай да бір есептік жүйеден байланыссыз,микроәлем заңдылықтары нағыз сипатқа иеленеді.Адамның мінезі оның санасымен жиі анықталмайды,ол сана бөліктері және сана бөліктерінің әртүрлі кешенінде бекиді деген З.Фрейд идеясын зор қызығушылықпен қабылдаған болат ын.Бұл барлық идеялар, салыстырмалы қағидадан фрейдизмге дейін,әлемді объективті тануға ақыл-ой қабілетсіз екендігінің куәсіндей жиі талқыланды. Францияда А.Бергсон философиясы осы салада танымал болуы оның сөзі бойынша,түпкі өмірді ұғыну адамның шығармашылық әрекетінің ақылдылығынан емес деген тұжырыммен, оның интуициясында деп ақылдылық көзқарасты басуға ұмтылды

Бірінші дүние жүзілік соғыс аяқталған соң,француз тарихи ғылымына зор ықпал еткен ,дәстүрлі позитивистік бағыт болды.Олар көпшілік француз университеті кафедраларын басқарды,журналдарды басқарды,бірнеше ірі жинақтық басылымдарды әзірледі           «Қазіргі Франция тарихы төңкерістен бейбіт 1919 жылға дейін     «(1920-1922) 10 томдық,Француздың ұлттық тарихы» (1929) 19 томдық, 1933 жылы Сеньобос: «Француз ұлтының ақиқат тарихы» деген еңбегі басылып шықты.Соғыстан кейінгі кезеңде француз тарихнамасына « адам географиясы» идеясы мектебі ықпал ете бастады, оның негізін қалаған Пьер Видаль де ла Бланш (1845-1918) болды.Бұл мектеп демографиялық фактор мен қоршаған табиғи қоғамға ықпалын зерттеді және оның өкілдері тұрғындардың көші -қоны мәселесін қарастырып,экономикалық және демографиялық өсуді,тарихи зерттеудің объектісі салдары тұрғысынан алғашқылар болып бастады.

Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында -ақ, 1938 жылы Р.Арон Философияға кіріспе тарихын ол релятивистік және субъективистік тұрғыдан тарихты ұғынудағы немістік неокантиандық рухты қалады.

Француз тарихнамасының жалпы позитивистік кейпін өзгертуде Люсьен Февр  (1878-1956) және Марк Блок (1886-1944) басты рөл атқарды.Февр Дижонда және Страсбургта профессор болды, содан кейін Коллеж де Франста қазіргі өркениет тарихы кафедрасын басқарды.Оның қызығушылық шеңбері:география, ортағасыр мәдениеті тарихы және тарихи психология болды.Блок Страсбург университетінде жұмыс істеді, содан кейін  1936 жылы Париж университетінде экономика тарихы кафедрасын басқарды.Феврдің негізгі еңбегі:»Мартин Лютер тағдыры»(1928)»Проблема неверия в  16 веке. Религия Рабле»   (1942) . Февр тағы да көптеген санды мақалалар, рецензиялары жарық көрді.оның жинақтары:» Тарих үшін күрес» (1962),»Тарихтың тұтастығы үшін» (1962) .М.Блоктың негізгі еңбектері:»Короли чудотворцы»(1924),Франция тарихының аграрлы ерекшелік сипаты»(1931),»Феодальдық қоғам» (1939-1940) 2-кі томдық.

Л. Февер мен М.Блоктың көзқарастарыА.Берра, Э.Дюркгейм және маркисизм әсерімен қалыптасты.Февер мен Блок дәстүрлі позитивистік құбылыстық тарихнаманы өткір сынады.Олар тарих құбылысты суреттеп қана қоймай ,болжамдарды қозғап, мәселе қойып, шешіп және жалпыкөлемдік синтетикалық ғаламдық тарихты жасауға ұмтылып,адамдар өмірін жан-жақты қамтитын  әлеуметтік,психологиялық,моральдық,дінилік және эстетикалық, саяси ,экономикалық көзқарасты білдірді.Февр мен Блок әлеуметтік экономикалық қатынасты қоғам тарихында географиялық және демографиялық фактордағы зерттеуге және тарихшыларды пәнаралық синтезге бағыттады.Жаңа зерттеу мәселесі, олар көңіл аударған, қоғамдық психология тарихы,ұжымдық құндылықтар мен көріністерді зерттеу болды, сондықтан Февер мен Блок тарихи ділділікті анықтаған. Олар тарихи фактілер қатарына оқиғалар ғана емес, әлеуметтік- экономикалық даму үрдісі және қоғамдық психология өзгерістірін де кіргізген.Блок пен Февер пайдаланатын деректер шеңберін кеңейтуге шақырыды және жазбаша деректерге сүйеніп, зерттеу мақсатына барлығын қолданып,адамдарға қатысты, адамға қызметке байланыстының болуын көрсетті.Олар тарихи үрдістің барысына ықпал ететін  қандайда бір факторды түсіндірмеді, бірақта үнемі  маңызды фактор рөліне ұжымдық психология, ділдікті алға қойды.Зерттеу барысы бойында барлығы тарихшының көрсетіп,бейнелеуімен берілгендіктен, осы тұрғыда Блок пен Февер көрсеткендей, тарихи факты тарихшысыз өмір сүрмейді,олардың ашылып, құрылуында тарихшының зерттеу фактысы барын атаған.Бірақ та Блок пен Февер тарихшының танымдық мүмкіндігіне сенеді, және адам мен табиғатты тануға, түсіндіруге болады деген.   1929 жылы Блок пен Февер жаңа жалпы тарихи журнал бағдарламасымен « Анналы экономической и социальной истории »  атты журнылдың негізін қалайды.Олар «жаңа тарихи ғылымдар» негізін салып, екінші дүниежүзілік соғастан кейін АҚШ..та «жаңа ғылыми тарих» атауын алды.

«Аналлдар» негізін қалаушылармен қатар француз тарихнамасында әдістер мен тақырыптарды жаңартуда экономикалық тарих мамандығы бойынша:Франсуа Симиан (1873-1935) және Эрнест Лабрусс (1895-1988) Ф. Симиан қоғам өміріне экономикалық циклды кіргізуге ұмтылды: ұзақ үлкен , қысқа, аралық циклдар. Ол циклдардың ауысымдық себептерін ақша массасының кірісі мен шығысынан қарастырды, ақшаның баға өзгерісіне, бағаның ауытқуына, қозғалысына қарады, онда еңбекақы деңгейі анықталды,табыс және басқадай табыстар,  баға ауытқушылығы және табыстар, оның талқылауынша, ұжымдық психологияға ықпал етіп, сол арқылы әлеуметтік қатынасқа әсер еткен. Осы бағытта Э.Лабрусс еңбегінде :экономикалық цикл өзінің ырғағымен, тарихи дамуды анықтайды,өйткені бағадағы өзгерістер, әртүрлі әлеуметтік топтар табыстары және әлеуметтік..саяси күрестерге бұрып әкеледі деген ойды дамытқан.Осы көзқарасқа тоқтаған Лабрусс, екі көлемді еңбек жазады:  «18 ғасырдағы Франциядағы баға қозғалысы мен табыстары очеркі» (1933 -1936) 2- кі томдық және « Француз экономикасындағы ескі тәртіптің соңында және төңкеріс  басындағы дағдарысы»(1944).Лабрусс ауқымды мұрағат материалдары негізінде  1726-1789 жылдары ұзақ уақыт еңбекақының төмендеуі және өмір сүру құнының өсуін анықтады. Ол 18 ғасырда Францияда әлеуметтік қайшылықтардың өршуіне әсер еткен ірдістерді көрсетіп,онда шаруалардан ондық және заттай сеньорлық төлемдердің өскенін, жалдық төлемдер динамикасын  көрсетті. Лабрусс мынадай қортындыға келді: 1789жылы төңкеріс басында,ұзақтығы әртүрлі үш экономикалық үрдіс болған «ұзақ толқын» жоғарғы нүктесі, экономиканың өрлеуі және бағаның өсуі, 1730 жылы француз буржуазиясын байытқан; экономикалық конъюнктурдың құлдыраған цикларалық шыңы ,ескі тәртіптің соңғы екі он жылдығына  келеді; онда егіннің шықпауы,өткір азық-түлік тапшылығы дағдарысы мен жаппай кедейлердің маусымдық қымбаттаушылығының апаттық шырқауы, 1789 жылы шілде тоқуына жеткізеді.  18 ғасырдағы экономиканың өрлеуі, бағаның өсуі тым ұзақ уақыт ахуалдың дамуына ықпал еткен; мұның өзі буржуазияның өрлеуін қамтамасыз етіп,оның реформатырлықшылдығын тудырды.

Лабрусс өзінің логикасына жақындай келе, әлеуметтік қозғалысты, төңкерістік және саяси дағдарысты сөзсіз экономикалық ауытқушылықты  коньюктурамен байланыстырады.Француз төңкерісі онда «ескі типтегі» экономикалық дағдарыстың салдары «қайыршылық дағдарысты» тудырған және нан бағасын қымбаттатқандықтан қозғалыста басты рөлді айқындаған.

Соғысаралық кезеңде Француз тарихнамасының ортақ тақырыбы Ұла Француз төңкерісі болып қалды.

Француз тарихшылары ерікті және еріксіз 1789 жылғы төңкеріспен, Ресейдегі қазан төңкерісін өзара талдауға көңіл бөлді. Консервативті тарихшы П.Гаксотт 1928 жылы «Француз төңкерісі» деген кітабын басып шығарды,онда, якобиншілдер мен большевиктерді үйлестіріп,төңкерістік күштеу мен анархияны талқылап, коммунистік террор дың ізі артында қалады.   1947 жылы П. Гаксоттың кітабы 180 басылымда шығарылады.

Дәстүрлі республикалық бағыттағы тарихшылар А.Олар басқарған Француз төңкерісін ,Қазан төңкерісі мен толық үйлестіруден қорғап,Франция төңкерісі террор қолданғанымен, Францияда ол  жариялылықпен заңды сипат алды деген.Олар қайтыс болған соң, ол құрған « Француз төңкерісі тарихын зерттейтін қоғам » тарихи төңкерістердізерттейтін басты орталық бола жағдайын жоғалтады және 1935 жылы өмір сүруін тоқтатты.Ұлы Француз төңкерісі тым солшыл бағыттқа көшті де, қызметінде радикальды республикализмді кеңестік бағдарға біріктірді.Оның көсемі Альбер Матьез (1874-1932) болды. 1920-жылдың басында ол коммунистік партия мүшесі болды да, кеңестік тарихшылармен ынтымақтасып, КСРО Ғылым Академиясы корреспондент мүшесіне сайланды, содан кейін  1930-1931жылдары КСРО дағы саяси қуғыннан кейін ынтымақтастық қаиынасы үзілдіМатьезаны якобиншілдер мен большевиктер арасындағы талдаулар қорқыта алмады.Матьезаның негізгі ғылымға қосқан жұмысы Ұлы Француз төікерісі тарихын әлеуметтік тарихпен байланыстыра зерттеуі болды. Матьезаның басты еңбегі « Франция төңкерісі»  (1922-1927) 3 том , және монографиясы, « Борьба с дороговизной и социальное движение в эпоху террора»  (1927) жылы қарапайым қалалықтар жағдайы алғаш рет нақты , 1792-1794 жылдары төңкеріс кезеңінің сынынында халық,экономикалық либерализмге қарсы шығып,осындай төтенше жағдайларда, аграрлы шараларды теңестіріп, сауданы реттеуді,Матьез көрсеткендей болуын талап еткен.Алғашқа баспаны Матьез            « террористерге» деп атаған және тек      1926 жылы ол Сорбонда дәріс оқыды ,ал  1932 жылы университетте семинар уақытында миына қан құйылып сол жерде қайтыс болады.Ұлы француз төңкерісін зерттеудің жетекшіліе рөлі Жоржу Лефеврге  (1874-1959) өтеді.Ол 50 жыл орта мектепте тарихты оқытып, содан кейін университетке оқытушы болады.1932 жылы ол Матьездің орнын ауыстырып, « Робаспьерлік зерттеу қоғамы» және «Француз төңкерісі тарихының анналдары» журналының редакторы, ал 1937 жылы Сорбонда Француз төңкерісі тарихы кафедрасын басқарады.Левефер маркисизмнің ықпалын басынан өткерді,социологтар  Э.Дюркгеймді, орыс тарихшысы И.В.Лучицкий Франция тарихы туралы еңбектерін жоғары бағалады,Ф.Симиан және Э.Лабрусстың есептік әдістерін пайдалануды жақтады.Ж.Лефевр Француз төңкерісі  тарихын зерттеп, оқытуды, азаматтық зор мәні бар,теңдіктің және демократиялық құндылықтығын көрсетті.Оның төңкеріс туралы түсінігі якобиншілдік болғанымен, Робеспьер идеялизмінсіз еді.Лефевр француз тармхшыларының ішінен алғашқылардың бірі болып, төңкерістегі шаруалардың рөлін және келешектегі шаруалардың тарихи тағдырына төңкеріс қалай ықпал еткенін тереңінен зерттеді.Бұл мәселелерді ол « Француз төңкерісі кезіндегі Нор департаменті шаруалары деген еңбегінде  (1925) « Ұлы үрей»,  (1932),    « Террор дәуіріндегі аграрлы мәселе»  (1932) жылдары қарастырған.Лефевр, төңкеріс уақытында шаруалар буржуазияны қолдаушы ғана емес ,жеке еркі мен жеке саналы мақсатпен өзбетімен қоғамдық топ болып қатысқан деп көрсетеді.Лефевр,Ұлы Француз төңкерісі төңірегінде ,ерекше автономиялы шаруалар төңкерісіболып,капиталистік тенденцияға қарсы шыққан деп түйеді.Олардың төңкерістегі мақсаты:шаруалар қожалығын нығайтып, сақтап,өмір үлгісін, әлеуметтік және рухани ауылдық әлемді қорғау болды деген. Шаруалар буржуазиялық төңкерісте сеньорлық құрылысты жоюға мәжбүр етті,бірақ олар буржуазиялық жер меншіктенуге қарсы протест қойып,қауымдық институтты сақтауды  және ірі жериелерін шектеуді талап етті.Францияда төңкеріс феодальдық тәртіпті талқандады,бірақ та ұсақ шаруалардың аграрлы құрылымы бекіді.Нәтижесінде француз ауыл шаруашылығында:капиталистік даму эволюциясы өте баяу жүрді және ұзақ уақытқа созылып, аяқталмады.Лефеврдің « Ұлы үрей «        (1932) ,әлеуметтік психология мен ділдік тарих бойынша жаңашылдық еңбегі бар.Ол осы еңбегінде 1789 жылы шілде айының екінші жартысын қамтыған, жаппай толқулар мен ылаң тудырып, өзіне қаратқан, жалған естілген қарақшы бандиттер туралы бүкіл Франция территориясына  таралған алаңдатушылықты қарастырған. Лефевр1934 жылы «Революционные толпы» яғни « Төңкерістік тобыр» деген мақаласын жариялады.Оған дейін Француз тарихнамасында бұл мәселені ойластырған И.Тэн және Г. Лебон,болған онда төңкерістік тобыр психологиясын екі инстинкте .. тағырық тобырға қайтып оралу,өйткені көпшілік адамдар наразылық жағдайда деген және жаппай жергілігті санада, көзсіз көсемдерге бағыну бар.Лефевр осы құбылысты тереңінен зерттеуге ұмтылды.Соғысаралық кезеңде өз қызметін « Төңкеріс тарихы қоғамы         1848 жылы  19 ғасырда» жалғастырды.Оларға жалғасқан тарихшылар 1830, 1848 және 1870 жылдары, 19 ғасырдағы төңкеріс тарихын, Франциядағы экономикалық және әлеуметтік қатынастар туралы бірқатар еңбектер жариялады.Бірақ та  19 ғасырда төңкеріс тарихына қызығушылық қоғамда сөне бастады.

Соғысаралық кезеңде сондай ..ақ  жұмысшы және социалистік қозғалыстар да зерттелді.Александр Зеваэсаның редакциялауымен

(1873-1953) «Франциядағы социалистік партиялар тарихы»  (1911-1923) жылдары  12-кі томдық басылып шықты.Тұтастай тарихшылар еңбектері, осы мәселелермен айналысқан, позитивистік және оқиғалық сипатта болған, және еңбектерде дәлелді материалдары болды.Оңшыл тарихшылар сынаған,Париж к            коммунасы тарихын зерттеу де , көрінекті орын алды. Париж коммунасы тарихы бойынша ірі маман Жорж Бужен    (1879-1958), болды.ол Сорбондағы профессор, социалист.Ол өзінің қортындысында  Париж коммунасы тарихына құрметпен қарағанмен,оны мемлекеттің жаңа типі социализмге ұмтылған деп санамады,бұл тек кеңестік тарихнамада еөрсетіліп,Коммуна пролетариат диктатурасын орнатудың алғашқы тәжірибесі деп бағаланған деген.Соғысаралық кезеңде Француз тарихнамасы менбасылымдарында,өте қзекті мәселенің бірі , бірінші дүниежүзілік соғыс мәселесі болды.Версаль шарты 231бапта  1919 жылы Германияға соғыс үшін барлық  жауапкершілікті жүктеген деген көзқарас француз үкіметінің официаналды көзқарасы еді.Бірақ та, Француз тарихшыларының қатарында, Германия соғыс бастауға ұмтылған жоқ, қарақшы Ресей менФранция одағы соғыстың басты себебі болды деп провакациялады.Осы мәселені зерттеуде кеңестік құпия шарттар басылымдары үлесін қосты. Онда Германияның бейбіт сүйгіштік мақсатын әшкерелейтін,немістің дипломатиялық құжаттарының басылымдарын және Антанта елдерінің экспанциялық мақсатын әшкереледі. Осыған жауап ретінде Француз үкіметі, Францияның саясатын ақтау үшін,өздерінің дипломатиялық құжаттарын баспаға әзірледі.Олардың  43 томдық басылымы  1929-1959 жылдарға дейін созылып, таза үгіттік төңіректе, немістің басылым құжаттарынан жоғарғы сапада басылып шықты.Француз тарихын зерттеушілердің қатарында жетекші рөл атқарған  бірінші дүниежүзілік соғос кезінде Пьер Ренувен(1893-1974) ,Сорбон профессоры А.Олараның шәкірті және « Обозрение истории мировой войны» журналы редакторы болды.Ол соғыстың шығу себебі туралы тұтастай антантофильдік көзқараста болып,Францияны қорғай отырып, олалғашында Германия мен Австро..Венгрия соғысты қаламады, бірақ Россия Францияны қайшылыққа итермеледі деп бағалаған.Алдағы уақытта ол белсенді түрде Германияның жалпы қарақшылық жолы Антантаны осы жолға түсірді деген.Осы тұрғыда басталған соғыстың  15 жылдығына 1929 жылы француз тарихшыларының ұжымдық еңбегі «Дипломатическая история Европы»  (1871- 1914) жарыққа шығарады, ол сөйтіп үлкен беделге ие болады.Оған қатысқан Ренувен дәстүрлі тарихи дипломатия Ұлы державалардың экономикалық бәсекелестігін ашып, толықтырулармен, қару- жарақтан басып озуды талдаумен  соғысқа идеологиялық әзірлікті түсіндірумен, ұлт..азаттық қозғалыстың ықпалымен , әлеуметтік өмірді қарастырумен, психологиялық және моральдық соғысушы халықтардың  ұмтылсымен түсіндірді.Ренувеннің пікірінше: әскери бәсекелестік және ұлттшылдық,соғысты тудырған, ал экономикалық және сауда бәсекелестігі ұлы державалардың Ренувен  екінші орынға қойған, және ол  қаражыгер мен кәсіпкерлерге әртүрлі тарихи кезеңде үнемі бейбітшілік қажет деп санаған. Ренувен Француз тарихшыларының арасынан халықаралық тарих  мамандығы бойынша зор репутицияға иеленді.Соғыстағы жеңіс және француз отарларын иеленуді келешекте кеңейту,оаршылдық тарихнамада өзінің бейнесін табады.Француз тарихшылары:олардың елі  артта қалған елдерге мәдениетті және өркениетті еңгізді, сондықтан бірінші дүниежүзілік соғыста бұратана әскерлер француз әскері қатарына кірді деген.Соғысаралық кезеңде өте белгілі еңбек       « Француз экспансиясы және француз отарлары тарихы» (1929-1933) 6- ы томдық авторлар ұжымы құраған,отарлаудың өркениеттік миссиясы туралы идеяны  уағыздаған.  1931жылы Алжирды жаулаудың  100 жылдығын осындай рухпен атап өткен.Францияның отарлау саясатын сынаған тарихшылар тек ғана социалистердің оңшыл қанаты болды Соғысаралық кезеңде .саяси ғылымдар қатарында «элективті географияны» дамытуда өзіне  көңіл аударған Францияның әртүрлі аудандарында саяси партиялардың ықпалын және дауыс беру қорытындысын зерттегендер болды.Осы салада инициатива көтерген, оңшыл саяси қайраткер, саяси ғылымдардың ерікті мектебі профессоры Андре Зигфрид (1875- 1959)   болды.Ол дауыс беру қортындысына табиғи жағдайлардың және әлеуметтік – экономикалық құрылымы сәйкестенетін аудандар мен тұрғындардың саяси дәстүрі мен жекешелік құрылымының ықпалынан деп түсіндіруге ұмтылды.Зигфрид, ұсақ меншіктің Батыс Франциядағ әктік топырақ жағдайында,саяси еркіндіктің, республикашыл және демократияшыл негізі болады деп түйіндеген. Тұрғындары сирек орналасқан, топырағы тастақты жерлердегі ірі меншіктік кедейлерге тән сипаты болуы, шіркеулерге, монархистерге, аристократтарға артықшылықтар берді. .Француз саяси ғылымының келешектегі дамуында,сайлаушылардың саяси тәртібінің мотивін зерттеуді жалғастыру болды.

Соғысаралық кезеңде Француз коммунистік партиясының құрылуымен, Француз тарихнамасында дамудың жаңа стимулы болды.1930-шы жылдың ортасында ғана компартия сектанттыққа икемделіп және «интернационализм» мен қызыл тумен,төңкеріс символы «Марсельеза» мен Ұлы Француз төңкерісінің үштүсті туын мойандады.Соғысаралық кезеңде кәсіптік тарихпен айналысқан,алғашқы француз тарихшы марксистері ұрпақтарының қалыптасуы жүрді. 1934 жылы Огюст Корню Париж университетінде : « Карл Маркстың жастық шағы» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.

1930 жылдың екінші жартысында болашақ белгілі марксист..француз тарихшысы Альбера Собуля Ұлы Француз төңкерісі тарихын алғаш рет жарыққа шығарды.

 

1918 — 1945  жж.  Ұлыбританиядағы тарихи ғылым.

ХХ ғасырдың басына таман Ұлыбританияда тарихи білімнің мамандану үрдісі жалғасын тапты. 1917 жылы Оксфордта және  1920 жылы  Кембриджде тарихи мәселелер бойынша диссертациялар дайындаған университет бітірушілеріне берілетін философия докторлары ғылыми дәрежесі тағайындалды.  1921 жылы  Лондонда алғашқы басшысы  А. Поллард болған, тарихшы мамандығын жетілдіру үшін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім ретіндегі тарихи зерттеулер Институты ашылды.     уақытылы жүйеге айналған, бірінші ағылшындық – американдық конференциясы өтті.   1930 – жылдары тарихи зерттеулердің лондондық Институты «Графтықтардың викториандық тарихы» атты көп томдық кітапты шығаруды басшылыққа алды. Корольдік тарихи қоғам өз қызметін  жалғастырды.  1918 жылы онда мұрағат құжаттарын жариялаумен және дықкомитет құрылды.   1921 жылдан бастап  британдық сыртқы саясат тарихы бойынша құжаттар баспаға шыға бастады. 1937 жылдан бастап 1900 жылдан кейінгі кезеңді қамтыған британ тарихының библиографиясы жүйелі түрде шыға бастады. Елде 1930 жылдары мүшелер саны – 4.5 мыңға  жеткен тарихшылар ассоциациясы жұмыс істеді. Ол жыл сайын шығатын тарихи әдебиеттің  «Тарих» атты шағын  журналын шығарды.   Аймақтық тарихты зерттеу кеңейе бастады, және бұл үшін жергілікті мұрағаттық және антикварлық қоғамдар мен графтықтар мұрағаттар қызметін үйлестіретін аймақтық тарих бойынша комитет құрылды.   1932 жылы Британдық мұрағат ассоциациясы құрылып, «Мұрағаттар» журналы шыға бастады. 1924 жылы ақпараттық қамсыздандыру бойынша кітапханалық Ассоциация құрылды(«Аслиб» қызметі).

Тарихи ғылымда ары қарай ұйымдасқан түрде мамандану жүрді.  1930 – жылдары оқу орындарында ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа заман тарихының жеке кафедралары құрыла бастады. Бұл тағы да жаңа тарихтың дербес академиялық пәнге айналуымен байланысты болды.    XIX – XX ғғ. Шетелдік елдерде университеттер саны өсе бастады, және Манчестрде, Лидсада, Бирмингемде, Шеффилда және басқа да қалаларда «қызылкірпіштілер» деп аталатын қалалық университетер пайда болды. Тарихтан сабақ беретін оқытушылар санының өскені байқалды, 1900 жылы олардың саны 30-ға жуық, ал 1939 жылы 400-ге жетті.

Тарихи ғылымның теориялық – методологиялық негізінде британ тарихнамасында бастаушы таным әдісі тарихы үрдісте өзінің себеп – салдарлық  байланыстарын орнатудағы  мақсаттарын шектеген және жалпы әлеуметтік заңдарды жариялауға ұмтылған континенттік позитивизмге қарсы шыққан британдық нұсқадағы позитифизм болды.  Мұндай позицияны тарихшылардың Кембридждік мектебін құрушылардың бірі, Джон Бьюри (1861 – 1927) болды. Бьюри қоғамның дамуында материалдық және әлеуметтік факторлардың әсерін ескере отырып, тарих барысына дербес еркіндікті анықтау әсерін басып айтып, психологиялық салада тарихи үрдіске айқындаушы әсерді іздеді.  Бьюри жаңа тарихты зерттеуге мән беріп,  ХІХ ғ. аяғынан бастап жаңа тарих кезеңін  ерекше бөліп көрсету керектігін айтты. Тарихшылардың академиялық қауымдастығының басты мәселесі «оның өзі үшін» тарихын зерттеу қажеттілігін түсіну болды және тарихтағы жекелік пен біріңғайлылықты зерттеуге шешуші мән берілді. Тарихта жаратылыстану ғылымдарына тән әдістерді қолдану мүмкін емес деп саналды. Тарихты осылай түсіну тарихты ғылыман гөрі әдебиет пен өнерге жақындатты. Позитивизм бағыты британ тарихшылары ортасында, демек, неокантиандық көзқараспен сай келді.

1930 – 40 – жж. Британ тарихнамасының теориялық – методологиялық ізденістерінде А. Дж. Тойнби және Р. Дж. Коллингвуд идеялары орын алды.  1934 жылы Ұлыбританияда  Арнольда Джозефа Тойнбидің (1889 – 1975) «Постижение истории» атты 12 томдық шығармасының алғашқы кітабы шықты. Ол антика, халықаралық қатынастар тарихымен айналысты, Париж бейбіт конференциясы жұмысында британ делегациясы құрамында қатысты, Лондон университетінің саясат және экономика мектебінде халықаралық қатынастар тарихынан сабақ берді.  1926 жылдан бастап халықаралық қатынастардың Корольдық институтын басқарып, 30 жыл бойы оның директоры болды. Әлемдік тарихқа мәдени- тарихи жақындық жолында жұмыс істей отыра, ол өз концепциясында позитивизмді интуитивизм элементтерімен байланыстырды. Үлкен эмпирикалық мәліметтер жинақталған жұмыста келтірілген фактілер ортақ қатынастар үшін келтірілген мәліметтерге қарағанда, дүниежүзілік-тарихи үрдіс ойдан құрастырылған тірек сызбасына тек сурет болған.  Тойнби ортақ рухани мәдениеттері бар елдер мен халықтар үшін аймақтық өркениет ұғымын негізді. Ол өркениеттерді біріншілік, екіншілік және үшіншілік деп бөлді. Бұл көрсетулер бойынша, қазіргі әлем  бес негізгі өркениеттен (батыстық, православиялық-христиандық, исламдық, индуистік және таяушығыстық) тұрады.  Олар әрқайсысы бұдан бұрынғы өркениет белгісін алып отырған. Тойнби бойынша адам үшін прогресс саласы  адами рухтың даму болып өткен психология, мораль саласы болды.  Батыс өркениетінде Тойнби британ қоғамы мен мемлекетін батыстық өркениеттің маңызды бір құрамы (индустриализм, парламенттік демократия, национализм) деп қарастырды.   Тойнбидің еңбегі британ тарихнамасында европацентризмнен алшақтап, әлемдік тарихи үрдістер түсінігіне келуіне әсер етті.

Тағы бір британ тарихшыларының ішінен тарихи таным саласындағы белгілі теоретиктердің бірі  Робин Джордж Коллингвуд (1889 – 1943) болды. Оның негізгі еңбектері – «Автобиография» (1939), «Тарихтың идеясы» (1946). Коллингвуд Оксфордта философия және антикалық тарихтытың  профессоры болды. Ол позитивистердің тарихи әдісін «қайшы мен желім тарихы» деп атап, қатты сынға алды, өйткені  оның пікірінше, тарихшы  жинақталған және дәстүрлі қалыптасқан факт ізімен жүрмей, керісінше, айналасында зерттеу жүруі үшін сұрақтар қоя білу керек. Тарихи үрдіс оларға идеалистік тұрғыдан түсінікті болды – бұл дегеніміз, тек танымға ғана мүмкін, ал танымға тек ойлау ғана тән және ойдан басқа тарихи білімнің пәні болып табылатын еш нәрсе жоқ.

XX ғасырдың басында британ тарихнамасында  толығымен тарихтың либералды концепциясына деген ұстаным таралды. Осыған сәйкес тарихи үрдіс жаңаның ескімен күресі барысындағы прогресс баспалдағымен мемлекеттің не қоғамның өрлеуі және өкілдік демократия мен жеке дара еркіндіктің түсініксіз кеңеюі сияқты болды.  1920 – 30 – жылдары тарихи таным түсінігінің либералды интерпретация сыны концепциясының кейбір ережелерін өзара түсінуге деген тенденция байқалды. Бұл тенденциялар Кембридж университетінің оқытушысы Герберт Баттерфилдтің (1900 – 1979)  «Тарихтың Вигалық интерпретациясы» (1931), «Ағылшындық және оның тарихы» (1944) еңбектерінде көрініс тапты. Баттерфилдтің айтуы бойынша,  вигизм тарихнамалық дәстүр ретінде тарихи білімде өз міндетін орындады, ол британдықтарға  өткен тарихы бар қазіргі демократиялық қоғамның сабақтастығын түсінуге мүмкіндік берді.   Баттерфилд тарихшылардың келешек ұрпақтарының алдында жаңа міндеттер тұрады, және өткен тарихтың мәнін айқын ашу үшін тарихты зерттеуді қазіргі құндылықтарға бағындырудан босату керек деп санады,  өйткені тарихқа библиялық көзқарас тарихи дамудың жорамалдық концепциясына сай келетін фактілерді тарихтан таңдап алуға әкеледі.  Тарих жеңілдетілген және сызба түрінде болды. Баттерфилд моральдық құндылығы бар  «прогрессивтілік» және «кертартпалық» түсініктері тарихшының  сөз қорынан жоғалуы тиіс деп санады.  Баттерфилд тарихи үрдісті қақтығыс жолымен заттың бір күйден екінші күйге өтуі деп түсінді, сондықтан да  библиялық тарихшылар сияқты «тарихты миға сиымсыз логикамен» іздеумен айналысу парықсыз. Тарихи танымның мәні байланысы тарихқа аяқастылық және ғажайып нәтиже беретін бірегей элементтердің көптүрлілігінде жатыр. Тарихшы – шебер маманның ісі жалпы шынайылылық пен заңдарды бекіту емес,  тарихи үрдістердегі өзгерістердің барлық үйлесімділігін зерттеу болып табылады.  Баттерфилдтің пайымдауы бойынша,  «шын мәнісінде тарих – бұл саяхаттар туралы кітаптардағы сипаттамалық шығарманың бір түрі». Тарихшы, оның айтуынша, «сот емес, ақтаушы да емес … ол куәлік беруге міндетті адам ұстанатын жолда жатыр».

Британ тарихнамасында зерттеу тақырыбы негізінен саяси және конституциялық тарих болды, бірақ ақырындап экономикалық және әлеуметтік тарих та қамтыла бастады. Саяси тарихта үлкен орынды сыртқы саясат тарихын зерттеу алды. Дипломатиялық тарих мұрағат және баспа деректерін талдау негізінде дамыды. Париж бейбіт конференциясында британ делегациясы құрамына тарихшылар сарапшы ретінде кірді.   1920 – 1924 жж.  Г. Темперлидің редакциясымен  6 томдық  «Париж конференциясының тарихы» атты еңбек шықты. 1927 – 1938 жж. ресми түрде 11 томдық  «Соғыстың шығуы туралы британ құжаттары, 1898 – 1914» атты еңбек басылып шықты, оның мақсаты  Германияның соғыстағы шешуші ролін кінәлі етіп көрсету болды. Осылайша, британ тарихи ғылымы насихаттық функцияны белсенді атқарып келді. Соғыс жылдары Ұлыбританияда сыртқы саясат тарихы бойынша басқа да еңбектер шықты.   Лондон университетінде славян зерттеулерінің мектебі ашылып, мұнда Ресей мен Орталық және Оңт-Шығыс Европа елдерінің сыртқы саясаты зерттелді. Зерттеудің бұл бағытына Р. Ситон – Уотсон жетекшілік етті. Сондай-ақ, Британдық отарлық империя тарихын зерттеу жалғасын тауып, 8 томдық «Британ империясының Кембридждік тарихы»  (1929 – 1959) шықты. Зерттеудің дәстүрлі бағыты ретінде Ағылшын революциясы қалды. Тарихты библиялық жолмен түсінуді сынға ала отырып, британ тарихшылары ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Англиядағы оқиғалар үшін «Революция» терминін қолданудан бас тарта бастады. ХҮІІІ ғасырдағы Ұлыбританияның саяси тарихын зерттеуде үлкен үлесті концервативтік бағыттың ірі тарихшысы  Льюис Бернстейн Нэмир (1888 – 1960) қосты. Ол Манчестер университетінде жаңа тарих кафедрасын басқарды.  Оған үлкен атақты  «(1760 – 1820 жж. ІІІ Георгтің тақта отырған тұсындағы саяси құрылым» (1929) және  «Англия американ революциясы кезеңінде» (1930) еңбектері әкелді. Нэмир нақты тарихқа үңіле отырып, ол ХҮІІІ ғасырда елде парламенттік демократия институттарының күшею үрдісі жүргендігі туралы вигия концепциясының ең маңызды жағдайын сынға алды. Ол саяси көшбасшылардың кеудемсоқтық пен ашкөздік жақтарын, саяси өмірдің шектен шыққан арсыздығын ашты, бірақ бұл моральдық бағамен сүйемелденбеді. Нэмир өзінің айтуы бойынша, «адам іс-әркетінің маңызды мотивациялық факторларын» ашуға тырысқан. Саяси идеялар оған жеке адамдардың өзіндік іс-әрекеті болып көрінді. Нэмир британдық саяси өмірді зерттеу үшін парламент мүшелерінің әлеуметтік байланыстары, карьерасы мен өмірі туралы мәліметтер жинау  әдісін байқап көрмекші болды, және қоғамның саяси өмірін идеялар күресі емес, жеке байланыстар негізінде қалыптасқан топтар мен қауымның қақтығысы деп елестетті.

Екі дүниежүзілік соғыс аралығы кезеңінде британ тарихи ғылымының тағы бір  даму тенденциясы экономика тарихына  деген қызығушылықтың өсуі болды, және университеттерде бірінен соң бірі экономикалық тарих кафедрасы ашыла бастады,  1920 жылы Манчестер университетінде,   1921 жылы Лондон университетінде,  Кембриджде –  1928 жылы және  Оксфордта  1931 жылы.  1926 жылы Экономикалық тарих Қоғамы құрылды, ал   1927 жылдан бастап «Экономикалық тарихқа шолу» атты журнал шыға бастады. Үкіметтің араласуымен  1938 жылы   Лондонда әлеуметтік және экономикалық зерттеулердің Ұлттық институты құрылды.  Либералды және радикалды-демократиялық бағыттағы тарихшылар әлеуметтік тарихта өздерінің түсініктерін оңашалады, олардың ішіндегі ең белгілілері Р. Тоуни және Дж. М. Тревельян болды. Олар әлеуметтік тарих астарында әр түрлі тарихи кезеңдегі  қоғамның төменгі қабатының жағдайы, тұрмысын және әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуді жатқызды.  Әлеуметтік тарих бойынша ең белгілі еңбек Дж. М. Тревельянның « Англияның әлеуметтік тарихы» (1944)  атты зерттеуі болды, онда әлеуметтік тарихтың пәні өткен уақыттағы берілген ел халықтарының күнделікті өмірі сияқты кең таралды, ол адамзаттық қатынасты, әр түрлі таптардың бір біріне деген экономикалық қатынасты, үй шаруашылығын, отбасылық қатынастар сипатын, еңбек пен демалыс жағдайын қамтыды. Адамның табиғатқа қатынасын, осы тұрмыс жағдайында пайда болған әр кезеңдегі мәдениетті қамтиды. Әлеуметтік тарихқа аймақтық тарихта ене бастады.

Әлеуметтік – экономикалық тарихпен айналысып жүрген зерттеушілер, ағылшын революциясын саяси – конституциялық келіспеушілік ретінде түсіндіруде қанағаттанбаушылықты сезінді. Бұл вигиялық тарихнамаға тән болатын және оның пайда болуын әлеуметтік – экономикалық факторлар әсерінен деп түсіндіруге тырысты. Бұл бағыттағы еңбектердің негізін  Ричард Тоуни (1880 – 1962) салды, 1912 жылы  « XVI жүзжылдықтағы аграрлық мәселе» атты еңбекті басып шығарды. Ол Лондон университетінің профессоры болды және лейбористік партия әрекеттеріне қатысты. 1926 жылы Тоуни «дін және капитализмнің өсуі» атты еңбегін басып шығарды, онда  ол протестантизм капитализм қалыптасуының факторы болды деген пікірді ұстанатын М.Вебермен айтысты. Тоуни  капитализм діни феномендер негізінде пайда болды, ал протестантизм капиталистік дамуға дағдыланып, капитализмнің діни ақтау атмосферасын құру бағытында жеке әсер алды.   1941 жылы  Р. Тоуни  «Джентридің өркендеуі, 1558 – 1640жж» атты мақаланы басып шығарды, онда ол ағылшын революциясының пайда болуын джентрилердің көтерілуімен және экономикада капиталистік құрылыстың дамуымен байланыстырады.

Британ тарихнамасы соғыс жылдары марксизмнің әсерін де байқап көрді. 1938 жылы  А. Л. Мортон Британияның қысқаша тарихын марксистік позицияда жазып көруге тырысып бақты. Соғыс аралық кезеңде 1940 жылы Ағылшын революциясын буржуазиялық революция ретінде жазған еңбегін басып шығарған белгілі тарихшы  Кристофер Хилл болды.

Британ тарихнамасында елдегі өндірістік төңкеріліс тарихына үлкен мән берілді. Солшыл либералды тарихшылар осы кезеңмен байланысты «өндірістік революция» түсінігін де қолданды. Соғыс жылдары экономикалық тарих бойынша аса ірі еңбекті   Джон Клэпэм (1873 – 1946) басып шығарды.  Оның  3 томдық «Ұлыбританияның экономикалық тарихы» (1926 – 1938) еңбегінде  XIX –  XX ғғ.  елдің экономикалық дамуы көрініс тапты. Еңбектің авторы «өндірістік революция» түсінігін қолданудан бас тартты.  Клэпэм экономикалық тарихқа келгенде ол қатаң санды талдауға негізделуі керек және фабрикалық өндірістің қалыптасу үрдісінде жалданып жұмыс істейтін адамдардың тұрмыс деңгейінің төмендеуі туралы тезисті ұстанды.

Білімнің ерекше саласы ретінде бұл кездері тред-юниондардың пайда болуы және еңбекшілердің әр түрлі топтарының жағдайын зерттеумен айналысатын «Жұмысшы тарихы» да қалыптаса бастады.

Мұндағы ірі тарихшы, Оксфорд университетінің профессоры Джордж Дуглас Говард Коул (1889 – 1959) болды, ол лейбоистердің сол қанатына жатты. Ол жұмысшы қозғалысы тарихы бойынша биографияларды басып шығарды. Коул фабрика жұмысшылары біртіндеп өз жағдайына бейімделіп, тред-юниондар құра отырып оны жақсарту үшін күресті. Ол социализмді түсінуге этикалық ыңғайды ұсынды.

 

АҚШ- тағы тарих ғылымы. Прогрессивті мектептің дамуы.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін америка тарихнамасында релятивизм (тарихи танымның обьектитвтілігін жоққа шығару) кеңінен дамыды. Тарихшылар арасында ғылыми теорияның пайдалы жағын анықтайтын философиялық прагматизм таралды. Америка тарихнамасы тарихи заңдылықтар мен тарихшылардың тарихи қайталанбас оқиғаларды жазуын жоққа шығару, неокантианттық идеясын да қабылдады. Сонымен қатар тарихқа шығармашылық өнер туындылары ретінде  көзқарастар болды. Бірақ америкалық тарихнама ғылымында негізгі «теориялық факторлар» позитивизм методология бағытын сақтады. «Ұлы депрессия» жылдарында қоғамдық өмірде әлеуметтік және экономикалық жағынан маңызды орын ала бастады.

Американдық тарихи ассоциацияда әскери аралық кезең белсенді әрекет етті. 1945 жылы жергілікті тарихи қоғам саны 833-ке өсті. Бірнеше жалпылама жұмыстар жасалынды: «Америка хроникасы» 50 том (1918 – 1921), «Американдық өмірдің тарихы» 12 том (1927 – 1948). 1945 жылы АҚШ-та 86 тарихи журнал басып шығарылды. Анықтамалық –библиографиялық қызмет, архивтік іс жүзеге асты. 1934 жылы Вашингтонда Ұлттық архив негізі қаланды. Ірі университеттерде және жергілікті тарихи қоғамдарда көптеген құжаттық материалдар сақталынды. 1920-1930 жылдары американдық қоғам және әлеуметтік қақтығыстардың дамуын оқытатын «Прогрессистік мектептің» либералды-реформистік бағыты жұмыс істеді. Тарихшы-прогрессисттер АҚШ-тың тарихи дамуын басқа елдерге «америка ерекшеліктерін» көрсетуге тырысты. Солардың бірі үлкен М.Шлезингер (1888 – 1965) АҚШ-тағы және батыс Еуропа елдеріндегі буржуазиялық қоғамдық құрылысты, машиналық өнеркәсіп, ұлттың құрылуын, қоғамдық мектептердің дамуын,  әйелдер мен балалар жағдайына көңіл бөлу, гуманитарлық реформаларды айқандап көрсетті.

Прогресситік мектеп тарихшыларының көзқарасы бойынша америка тарихының негізгі идеясы аристократтарға қарсы күрес, құлдықтан бостандыққа және теңдікке ұмтылу қозғалыстары. Олар америка қоғамын екі негізі топқа бөлді: жоғарғы үстем тап және төменгі таптарға орта және ұсақ буржуазиядан пролетариатқа дейінгі топтар. Америка тарихының әрбір кезеңдерінде  — ерте кезең (Солтүстік Америкада құлдықтың пайда болуынан XVIII ғасырдың соңына дейін), орта кезең (1860 жылға дейін), соңғы кезең (1861-1865 жылдар азаматтық соғыстан қазіргі заманға дейін) «жоғарғы» және «төменгі» таптар арасындағы қақтығыстар жалғасып отырды, нәтижесінде саяси күйзеліске әкелді. Прогрессистік мектеп алғаш рет американдық тарихнамада АҚШ тарихының әрбір кезеңіндегі  үстем тап әрекеттеріне сараптама жасады. Тарихында прогрессистер әлеуметтік күресті орта таптың либералдық-демократиялық бағытты ұстануының нәтижесі деп көрсетеді.

Прогрессистер Американың шексіз демократиялық даму мүмкіндіктерін қарастырды. 1930 жылы көптеген адамдар Ф.Д. Рузвелттің «Жаңа курс» саясатын АҚШ-тағы үшінші «монополистікке қарсы революция» ретінде таныды. Прогрессистер америка тарихынның  1861-1865 жылдардағы Азаматтық соғысты оқытуда жетістікке жетті. Олар феодолизмнің коллониалдық кезеңідегі әлеуметтік-экономикалық дифференциациясын көрсетті.

Солтүстік Американың коллониалдық экономикасы қара түстілердің және ақ түстілердің қинап еңбек еткізу нәтижесінде жетістікке жетті.  Прогрессистердің санауы бойынша 1770 жылы Солтүстік Америкаға 250 мың қара түсті құл және 250 мыңдай тағы ақ түсті құлдар әйелдер мен балалар әкелінді.

Коллониалдық кезеңде тәуелсіздікке қарсы күреспен бірге, 1775 – 1783  жылдары ішкі әлеуметтік қақатығыстар да орын алды.

 

Прогрессиситік тарихшылар ішінде тәуелсіздік үшін күресті зерттеуші беделді тарихшы Джон Ф. Джеймсон (1850 – 1937) болды. АҚШ тарихнамасында бірінші болып XVIII ғасырдағы Америка революциясын Ұлы Француз революциясымен салыстырып, екеуіне де әлеуметтік революция түсінігін енгізді. Джеймсон пікірі бойынша революциялардың әлеуметтік сипаттамасы, мемлекеттік төңкеріс емес, жалпы халықтық қозғалыс деп сипаттады. Олардың мақсаты жерді пайдаланудағы феодалдық жүйені өзгерту, қысым жасап еңбек еткізу, аристократиялық саяси жүйені өзгерту болды. Прогрессистер демократиялық партияның орта тап мүддесін қорғап, халықтың жаппай көтерілісін қолдауын Э. Джексонның (1829 – 1837) президенттік қызметін, АҚШ-тағы демократиялық реформасын  «Алтын ғасыр» деп бағалады.

1920 жылы прогессист-  тарихшылар  1861 – 1865 жылдардағы азаматтық соғысты да терең қарастырды. Олар Солтүстіктің экономикалық–саяси капиталистік заңдылығы және Оңтүстіктің құлиеленушілігін тарихи ауытқу ретінде емес, заңдылық ретінде қарастырды.

Прогессистер ішінде азаматтық соғысты зерттеушлер  Ч. О. Бирд (1874 – 1948) және Артур үлкен М. Шлезингер  (1888 – 1965) көп үлесін қосты. Бирд Азаматтық соғысты дәстүрлі әсери тарих ретінде жазудан бас тартып, сол уақытта болған әлеуметтік әлеуметтік өзгерістерді жазды.  Бирд Азаматтық соғысты сипаттай отырып, қара түстілердің әлеуметтік- экономикалық мәселелерін шешпегенін мойындайды. 1940 жылдың басында либералды-реформисті прогрессивтік бағыт американдық тарихнамада дағдарысқа ұшырады, олар америкалық тарихты бағалауда әлеуметтік –сыни бағытқа ауыса бастады. Ч.Бирд  соңғы он жыл  ішінде 1930-1940 жылдары бағалы эволюциялық идеямен жұмыс істеді.  Ф. Д. Рузвельттің «Жаңа курс» бағытына сүйене отырып, америкалық ерекшеліктер теориясын жасады. Бұл туралы әйелімен бірге жазған 4 томдық «Америкалық өркениеттің көтерілуі» (1927-1942) еңбегінде көрсетті. АҚШ-ты ерекше мәдени-психологилық қоғам ретінде, бірегей және тиянақты өркениет ретінде қарастырды. Осыдан кейін Бирд АҚШ Конституциясына сыни көзқарасын өзгертті.

Бирд сонымен қатар тарихи методологияда позитивистік бағыттан бас тартты. Тарихи заңдылықтарды күмән ете отырып, обьективті тарихи фактілерді тарихшының субьективті қабылдау категориясы ретінде жариялады. Соңында Бирд тарихнамада қоғамдық –саяси ойлардың әр түрлеріне теңеді. Тарихшы-прогрессистер американдық тарихтың маңызды факторы ретінде әлеуметтік қақтығыстарды түсінуден бас тартып, реформаларды білім беру және болжағыш президенттер факторы деп жариялайды. Олар тәуелсіздік үшін күресті антиколлониалдық және әлеуметтік қозғалыс ретінде түсінуді қаламады, отарланушылар көтерілісі жеңісінен кейін түпкілікті қоғамдық өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген күман туындады.

1920-1930 жылдары оңтүстік штаттар университетінде қара түстілердің дискриминациясын қорғаушылар өз пікірлерін ашық жариялады. Осындай оңтүстік тарихшыларды бірі Ульрих Б. Филипс (1877 – 1934), азаматтық соғысқа дейінгі оңтүстіктік өмірді жазуға тырысты. Құлиеленушілік еңбек пен капиталды біріктіруде адамгершілік жүзеге асырылған үрдіс, құлиеленушілер құлдарға өздерінің қымбатты затындай қарады,-деген пікірін дәлелдеуге тырысты. Сол кезде құлдық жүйесі Филипстің сөзі бойынша «Варварлық нәсілді» өркениеттік қоғамға дайындау мектебі ретіндеболды

Тарихи әскери кезеңде АҚШ-та Джонсон Коммонсон құрған (1862 – 1945) шаруалар көтерілісін зерттейтін ғылыми мектеп жұмыс істеді. Джонсон Коммонстың редакциясымен 10 томдық «Американдық индустриальды қоғамның құжаттық тарихы» атты еңбегі  (1910 – 1911), сонымен қатар 4 томдық «АҚШ-тағы гаруалар қозғалысының тарихы» атты еңбегі  (1918 – 1935) жазылды. Коммонс зерттеу жұмысының принципін неміс политэкономикалық тарихи мектеп пен К.Бюрхер идеясына негіздеді. Коммонс идеясы бойынша, АҚШ капитализмі дамуының алғашқы кезеңінде каптиталға негізделіп өнеркәсіптік буржуазия қарызға батады, жалдамалы жұмысшы тарапынан кіріс есебін көбетуге тырысады. Өнеркәсіптік капитализмде өнеркәсіпшілер жалдамалы жұмысшыларға қарсы қақтығыспауға тырысады. Коммонстың ойынша тред-юниондар ұйымдастырған жұмысшы қозғалысы ең біріншіден жұмысшы таптар арасында эмигранттар тарапынан мамандандырылған және мамандандырылған емес бақталастық орын алды. Политэкономикалық неміс мектебінің әрбір елдердегі әлеуметтік-экономикалық дамуы концепциясы америкалық жұмысшы қозғаласы кезінде кеңінен тарады. Коммонс назарында Америкалық Еңбек Федерациясының қамқорлығына тред-юниондық қозғалыс американ шаруаларының 20 %-ын қосып алып, радикалды юнионизмге мән бермеді және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Коммонс мектебі өз дәрежесін жоғалтты.

Американдық тарихнамада әскер аралық кезеңде ашық антимонополистік позицияны жақтайтын солрадикалды бағыт пайда болды. 1920 жылдары бұл бағыттың өкілі Вернон Льюис Паррингтон (1871 – 1929) болды. Ол 3 томдық «Американдық ойдың негізгі ағымдары» (1927 – 1930) атты шығармасы болды. 1962-1963 жылдары орысша аудармасы жарыққа шықты.

Американдық тарихтың түпкі мағынасы тәуелсіздік үшін күрес және адам құқығының концепциясы. 1787 жылғы Конституция іс жүзіндегі мақсаты жеке меншіктік құқықты қорғау. Негізгі қаһармандары ұсақбуржуазиялық-радикалды және әлеуметтік –реформистік партиялар тарапынан шықты, дағдарыс кезеңінде екіпартиялық жүйеге еңбек етуші массаның құқығын қорғауға мәжбүр ету. Солрадикалды тарихшылар либералдық реформизмге сыни тұрғыдан қарады. Антимонополистік заң қоғамдық пікірді тыныштандыру үшін ғана, шындығында монополистерге қарсы күрес антимонополистерге қарсы шығу мүмкін емес.

Солрадикалды бағыттың өкілдері АФТ құрамына кіретін оппртунистік кәсіподақ Американың барлық жұмысшылары, мамандандырылғандар және маман еместер, ақ және қара түстілер бірігіп кетсе саяси төңкеріс болады деп жрамалдай отырып, бұған жол бермеуге тырысады.

Америкалық таринамада дара негрелрдің тарихнамасы пайда болды. Бұл қоғам қайраткері  Г. Вудсонның (1875 – 1950) іс-әрекетімен жүзеге асты. Ол Сорбонда оқыды, 1912 жылы Гарвард университетінде докторлық диссертация қорғады. 1915 жылы негр халқының тарихын оқытуда Ассоциация негізін қалады. 1916 жылдан бастап «Негр тарихы» атты тоқсандық журнал шығарып отырды. Нерг тарихнамасын жазуда прогрессистік мектептің әсері болды. бірақ сол кезде АҚШ-та «расизм», «шовинизм», «ақтар» тарихнамасына көп назар бөлініп, АҚШ-тағы афро-американдықтардың рөлі деп қана қарастырылған. Негрлік тарихшылар АҚШ тарихында тәуелсіздік үшін күресті, XIX ғасырдағы демократиялық реформа қабылдауды, азамат соғысын жазғанда үнемі сынға ұшырап отырды. Негр тарихшылар көбінесе тарихта Реконструкция кезеңіне мән берді. Бұл мәселені ең жақсы зерттеуші Уильям Дюбу (1868 – 1963). Бл мәселені зерттеудегі ең жақсы жұмысы «Қара реконструкция» (1935). Оңтүстіктегі демократиялық қайта құрудың жүзеге аспау себебі әлеуметтік топтардың қара мен ақ нсілге бөліну себебінен деп көрсетті.

АҚШ-тың латынамерикалық саясат тарихнамасында ең маңызды мәселе Монро доктринасының эволюциясы. Монро доктринасының тарихын оқытушысы солтүстікамерикандық маман Декстер Перкинс (1889 – 1984). Ол АҚШ-тың Латын Америкаға байланысты экспансионистік көзқарасын жасырып қалды. АҚШ пен Латын Америкасының қатынасын зерттеуші маман Сэмуэль Ф. Бимис (1891 – 1973). Ол АҚШ-ты европа мемлекеттерін Латын Америкаға жібермеуге тырысты деп көрсетеді. 1898 жылғы испандық-американдық соғысты бағалауда көптеген американдық тарихшылар, испандық отарланушылар бостандық және тәуелсіздігі үшін күресті деген қағида ұстанды. АҚШ-тың Қытайдағы «Ашық есік» саясатын сынға ала келіп, Қытай өз елін европалық державалардың  отарлауынан сақтап қалды дейді.

Американдық тарихнамада радикалды бағыттың өкілдері , американың ішкі саясатында экспансионистік аспектіні сынға аламыз деп, ресми топтардың арасында өзі сынға түсті.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы