КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономикалық реформалар кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның экономика жүйесіндегі мәртебесін бірталай өзгертті. Нарықтың экономика жағдайында, мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның халық шаруашылығының бұрын артықшышылықты болған барлық салалардың орнында, не мемлекеттік мүліктік шаруашылық жүргізу құқығына, не өндіріс құралдарына жеке меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайдалы қызмет етуде. Тұрақты қалыптасып жатқан нарықтық механизм кәсіпорынды мемлекетпен (бюджетпен) шаруашылық әріптестермен, бәсекелестермен және жалдамалы жұмысшылармен жаңа қатынастарға қояды. Кәсіпорынның қызмет жүргізуінің экономикалық еркіндігімен қоса жаңа экономикалық-құқықтық реттеушілер белгіленеді. Бұл реттеушілер әрекетінің механизмін білу тек кәсіпорын басшыларына ғана емес жұмысшыларға да қажет.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикадағы нарықтық қатынастар қалыптасу жағдайында барлық экономикалық салалардағы кәсіпорындарда қызмет тиімділігін көтеру және эконономикалық жұмыстың тұрақтылығы ең маңызды міндеті болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын қызметінің сандық сипаттамасы өндіріс тиімділігін және шығынды анықтау әдістерін пайдалануды менеджер мен экономистің жұмыстарында болу керек. Экономикалық кадрларды даярлау барысында шетел әдістемесін пайдалана отырып негізгі және айналым капиталын пайдалануды сандық талдау әдістерін, кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруын, кәсіпорынның экономика тиімділігін бағалау әдістерін, өнім өндіріс шығынын есепке алу әдістерін студенттерге оқып білу керек. «Кәсіпорын экономикасы» пәні кәсіпорын қызметі, шаруашылық шешімді әзірлеу және қабылдау процесі табылатын өзіндік экономикалық пәні болып табылады.
Пәнінің әдістемелік негізі болып диалектикалық әдіс табылады. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің әр түрлі аспектілері өзара байланыс пен даму үстінде талданады. Диалектикалық әдіс негізінде «Кәсіпорын экономикасы» пәнін беруде жеке әдісі кеңінен пайдаланылады. Олардың қатарына экономикалық талдау мен синтез, баланстық, жүйелік әдіс, әр түрлі болжамдық, экономика-математикалық және басқа да әдістер жатады.
толық нұсқасын [email protected] дан ала аласыз!!!
Читать полностью »