Скачать/Жүктеу
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономикалық реформалар кәсіпорынның құқықтық, қаржы-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, оның экономика жүйесіндегі мәртебесін бірталай өзгертті. Нарықтың экономика жағдайында, мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорынның халық шаруашылығының бұрын артықшышылықты болған барлық салалардың орнында, не мемлекеттік мүліктік шаруашылық жүргізу құқығына, не өндіріс құралдарына жеке меншікке негізделген миллиондаған кәсіпорындар пайдалы қызмет етуде. Тұрақты қалыптасып жатқан нарықтық механизм кәсіпорынды мемлекетпен (бюджетпен) шаруашылық әріптестермен, бәсекелестермен және жалдамалы жұмысшылармен жаңа қатынастарға қояды. Кәсіпорынның қызмет жүргізуінің экономикалық еркіндігімен қоса жаңа экономикалық-құқықтық реттеушілер белгіленеді. Бұл реттеушілер әрекетінің механизмін білу тек кәсіпорын басшыларына ғана емес жұмысшыларға да қажет.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикадағы нарықтық қатынастар қалыптасу жағдайында барлық экономикалық салалардағы кәсіпорындарда қызмет тиімділігін көтеру және эконономикалық жұмыстың тұрақтылығы ең маңызды міндеті болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын қызметінің сандық сипаттамасы өндіріс тиімділігін және шығынды анықтау әдістерін пайдалануды менеджер мен экономистің жұмыстарында болу керек. Экономикалық кадрларды даярлау барысында шетел әдістемесін пайдалана отырып негізгі және айналым капиталын пайдалануды сандық талдау әдістерін, кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруын, кәсіпорынның экономика тиімділігін бағалау әдістерін, өнім өндіріс шығынын есепке алу әдістерін студенттерге оқып білу керек. «Кәсіпорын экономикасы» пәні кәсіпорын қызметі, шаруашылық шешімді әзірлеу және қабылдау процесі табылатын өзіндік экономикалық пәні болып табылады.
Пәнінің әдістемелік негізі болып диалектикалық әдіс табылады. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің әр түрлі аспектілері өзара байланыс пен даму үстінде талданады. Диалектикалық әдіс негізінде «Кәсіпорын экономикасы» пәнін беруде жеке әдісі кеңінен пайдаланылады. Олардың қатарына экономикалық талдау мен синтез, баланстық, жүйелік әдіс, әр түрлі болжамдық, экономика-математикалық және басқа да әдістер жатады.
толық нұсқасын [email protected] дан ала аласыз!!!
І БӨЛІМ
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНЫ
1-тақырып. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
Ұлттық экономика Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кездегі салалық қүрылымы. Саланың жіктелуі. Нарық қатынастар қалыптасу жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдық саясаты: ұзақ мерзімді басым бағыттары және іске асыру стратегиясы. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өнеркәсіптің рөлі. 2015 жылға Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық саясаттың басым бағыттары.
Нарықтың мәні және негізгі категориялары, Нарық түрлері, олардың ерекшеліктері және өзіне тән қасиеттері, оның элементтерінің бірлігі және қайшылықтары. Нарық құрылымы.
Нарық механизмі: мәні, құрамдық элементтері. Нарықтың инфрақұрылымының негізгі элементтері. Нарықтық катынастар қалыптастыру жағдайыңдағы Қазақстандағы нарық инфрақұрылымын дамыту.
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні және әдістері. Дамыған мемлекеттердегі жоспарлаудың тәжірибесі (индикативті, стратегиялык жоспарлау, бағдарламалар, болжаулар). Экономиканы әлеуметтік-экономикалық жаңарту жағдайында мемлекеттің рөлі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері: салықтар, бағалар, еңбек ақы, импортты және экспортты лицензиялау, кеден ережелері, қаржы және несиелік қатынастар, амортизациялық саясат. Қазақстан Республиканы индустриялық-инновациялық дамыту жағдайында өндіріс факторларының бәсеке қабілеттілігін арттыру жөніндегі мемлекеттік реттеу шаралары. Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканы басқару органдарының құрылымы және олардың функциялары.
Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.
2-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
Кәсіпорын — шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастың негізгі жүргізуші. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері және құқықтары. Әр түрлі белгілері және меншік нысандары бойынша кәсіпорынның жіктелуі. Кәсіпорынның жаңа түрлері — халықтық кәсіпорындар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацялар. Кәсіпорын құрылымы. Кәсіпорын бірлестіктері.
Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорынды қайта құру және басқару.
3-тақырып. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Өндіріс тиімділігінің мәні, тиімділікке әсер ететін фактор және көрсеткіштер жүйесі. Өндіріс кызметінің тиімділік көрсеткіші. Кәсіпорын өтімділігін сипаттайтын көрсеткіштер. Қаржы тұрақтылық көрсеткіші. Салыстыру базасын таңдау. Салыстырылған нұсқалардың дербес жағдайы. Ілесетін салаларда тиімділік пен капитал салымын есеп-алу. Инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтаудағы (көрсеткіштерді дисконттау) уақыт факторын есептеу әдістері. Таза ағымдық құн және табыстың ішкі нормасы деген көрсеткіштерін сипаттау. Варианттарды-салыстырудағы сапалық талдау. Кәсіпорын қызметінің тиімділікті бағалау экологиялық аспектілері.