ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ (1939 ж.т.)


Скачать/Жүктеу

Жолым түсіп Маңғыстауда болғанымда (2001) Қошқар ата мекеніне таяу Ақшұқыр ауылында өзі университетте Мұхтар Әуезовтен дәріс алып, мектепте Әбішке сабақ берген 79 жастағы Зияда Ғұсманқызын көрдім:

- 1945 жылы Таушыққа келіп, мектепке орналастым. Көп жыл сонда болдым. Әбіш те сол кезде оқыды, сабаққа жақсы еді. Қоғамдық жұмысқа белсене араласатын. Сурет те салушы еді. Өзі 9 класта оқыса да, 10 кластың балаларын ұялта сөйлейтін… Әбіш бүгінде Әуезовтың жақсы шәкірті, ізін басқан сөз зергері, қайраткер ұлық қой, — деп еді.

Сол жылы болса керек, Әбіш орыс тілінде оқыған бір кітабынан қазақ жазушысы көшіріп алғандығын байқап, досы Сәбит Абдуллин екеуі «Лениншіл жасқа» мақала жазыпты. Ол жарияланып, Алматыда едәуір әңгіме болыпты. Әбіш Кекілбаевтың бір қыры – сыншылық қабілетінің тұсаукесері осы мақала болса керек. Ал публицистік жолы 6 сыныпта оқып жүргенде бір ұшқыш тарапынан болған әділетсіздікті сынап «Комсомольская правдаға» шыққан сын мақаласы екен.

Қалам тартысын журналистік бағдардан бастап, ақын болып танылып, сыншы болып көрініп, қара сөзге туын тіккен Әбіш Кекілбаев қарымды қаламгер болып, 12 том шығарма берді. Мұхтар Әуезовтен дәріс алып, Мұхаң алдында, студент шағында әдебиет сынынан  баяндама жасап, ғұлама жазушыны риза етіп, алғысын алған Әбіш – ұстаз үмітін  толық ақтаған қаламгер. Қаламгер ғана емес, қоғам һәм мемлекет қайраткері. Кеңес заманында болсын, тәуелсіздіктен бергі кезең болсын, Әбіш билікті мекемелерде, биік орындарда болып, елдің бүгіні мен болашағына қатысты келелі істердің шешілуіне атсалысып келеді. Қандай қызметте болсын шулатпай, жеміс ағашындай үнсіз тұрып жұмыс тындыратын Әбіштің қолтаңбасы тәуелсіздік жылдарындағы көптеген істерден аңғарылып жатады.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевтың қай ортада болсын сөйлеген сөзі тыңдалмаған, жазғаны оқылмаған, ой-пікірі ескерілмеген емес, әрі оның бәрі де ықыласпен қарсы алынып, қуатталған. Ұстазы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» арқылы ұлтымыздың тұтастай бір ғасырын – XIX ғасырды бейнелесе, Әбіш Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» романы арқылы ұлт өмірінің XVIII ғасырын суреттеген.

Әбіштің өз бойында да қазақтың  бір ғасыры, XX ғасыры жүр деуге болады.

С.Шүкірұлы


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы