Скачать/Жүктеу
Бейнелеу өнері мамандығы студенттерінен болашақ, бәсекеге қабілетті суретші-педагог даярлау педагогикалық көкейкесті мәселелердің бірі.
Бейнелеу өнері үрдісінде, студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруда пленэр практикасының алар орны, атқарар ролі, сурет салу шеберлігін меңгеруде тигізер әсері мол. ЖОО-дағы бейнелеу өнері мамандарының пленэр практикасына өз деңгейінде мән берілмеуі және сағатының қысқартылуы салдарынан, кескіндеме тағы басқа сабақтардың деңгейі төмендеуіне, студенттердің ойлау қабілеттері бәсеңдеуіне ықпал етеді.
Кескіндеменің жабық кабинеттен ашық аспан, табиғат аясына яғни пленэрге ауысуынан натураның әсерлілігі артып, әуестікті дамытады және техникаық әдіс-тәсілдері байи түседі. Сондай-ақ пленэрдегі кескіндеме студенттердің жарық, ашық жердегі заттарды табиғатттың бай түстерін қолдана отырып жазуы тәжірибелік дағдысын, білімдерін арттыруға септігін тигізеді.
Пленэр, бейнелеу өнерінің бір бөлігі ретінде, студенттерді кескіндемеге, суретке, мүсінге акдемиялық оқыту процесінің таптыртпайтын элементі болып табылады. Бірақ, кейінгі кезде студенттердің кескіндеме және сурет бойынша базалық білімі болғанына қарамастан пленэрдегі жұмыстары нәтижесі ойдағыдай көрсеткіш бермейді. Пленэрдің мамандық үшін қаншалықты маңыздылығын түсінбеуі және оған деген жауапсыз, жеңіл көзқарас салдарынан осындай мәселелер туындап отыр. Жағдайдың осылай өзгеруіне байланысты, ашық ауадағы бейнелеу яғни ғасырлар барысында суретшілер табиғат тілін көркем әдіс-тәсілін, мәнін меңгеру тарихына жүгінеміз./1/
Пленэр XY ғасыр басында Италия өнерінде үлкен өзгерістермен көзге көрінді. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері бірінші болып табиғатқа, шабыт көзі және шынайылықты бейнелеуді үйренудің объектісі ретінде қарады. Олар жарық пен көлеңке, жазықтықты дәл беру мен бақылауды және оның көмегімен көлемді заттардың формасын салуды үйренді.Алғашқы табиғат көрінісіне арналған теориялық жұмыстарды итальян суретшісі, ойшыл және ғалым Леонардо да Винчи жазды. Ол алғаш, ауаға кез келген зат түсіне әсер ететін материалды орта ретінде назар салып, кескіндемедегі рефлекс туралы ұғым, сондай-ақ сызықтық және ауа перспективасы теориясын жасады. Бұл заңдылықтармен оның картиналары ерекше сырлы мәнге ие. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері өз картиналарында негізінен пейзажбен салды, табиғат деталін немесе фон ретінде орындады. Кейінірек көптеген суретшілер барлық шығармашылығын табиғатқа және ландшафтқа арнады.
Табиғатты бейнелеуде бұтақ немесе гүлдердің этюдтерін жасау. Этюд мақсаты – бұтақтардың гүлдермен немесе жемістермен орналасу өзгешелігін үндесті және түрлі–түсті бояулар қатынасымен көрсету.
Гармония туралы біздің ойымыз табиғат негізінде алынады. Ғажайып сезімімізді тіпті кішкене ғана бөлігі – жанды бұтақтардың гүлдермен немесе жемістермен орналасуы таң қалдырады. Өсімдік өмірінің бейнеленуі заңға сыйымды тиімді көркем құрылған формалардан жасалынады.
Бұтақ жапырақтарымен, жемістерімен немесе түрлі гүлдерімен салынған түсті этюд – таң қалуды ғана емес, сонымен қатар оның конструктивті және түсті мәнін ажырата білу де заттың өзіне қарап жасалған бай суреттемесін ашады. Суреттемелеудің кезінде өсімдік элементтерінің салыну қиындықтары олардың бірыңғай гармонияға сай орналастыру мен олардың бір–бірімен байланысын ажыратып дәлдеу болып табылады.
Өсімдік формаларының әсемдігін жеткізгісі келетін жас кескіндемеші үшін бастапқыда бұтақ, жапырақ және гүлдерді кескіндеу оңайлыққа соқпайды. Этюдпен жұмыс істеу процесі өсімдік әлемінің өзіндік сұлулығы мен пластикасын ғана емес, сонымен қатар оның ашық аспандағы түстік ерекшелігін, әртүрлі конструктивті формаларды зерттеу болып табылады.
Өсімдікті жан-жақты зерттеп қарап анықтап шыққан дұрыс, себебі сабақтарының орналасуын елестете отырып конструкциясын сезіну, мысалы, қүз айларының соңында ағаштар жапырақтарынан жалаңаш қалған кездегі бұтақтарының өзгешелігін көре білетініміздей.
Акварель немесе гуашпен салу техникасындағы түстердің ара қатынасын анықтап білу, сондай-ақ майлы бояуды қысқа мерзімді этюдтерде қолдану тәсілін меңгеруімізге пленэр практикасының үлесі орасан зор.
Өсімдіктер мен гүлдерді натурадан салған кезде, бұл тірі көрініс олардың есінде сақталады, кейінгі шығармашылық жұмыста пайдалана алады. Бұндай тәжірибелер есте сақтау, натурадан ғана емес, бөлек есте сақтай отырып бейнелеу, олардың кеңістіктегі конструктивті құрылымдық және түсті қатынастарын натурадан көшірмей-ақ салуды беріктетеді.
Табиғатта бейнелеу заттың формасы мен түстерінің ара қатынасын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан этюд натурадан механикалық түрде көшірме болмауы тиіс. Өсімдіктер әлемін бейнелеу барысында көптеген ассоциативті ойлар туындайды, қиял мен фантазия оянады. Сонымен, осындай тәсілмен пленэрдегі бейнелеудің негізгі ерекшеліктерімен танысу бейнелеу өнерінің кемелдігінің бір сатысын меңгерумен тең.
Пленэрдегі этюдттер өзінің спецификалық ерекшеліктерімен бейнелеу өнері оқытушысының кәсіби шеберлігіне жетуінде қайталанбас мүмкіндіктерді қамтиды. Этюдтерді орындау барысында студенттердің көркем және педагогикалық қабілеттері, сондай-ақ сурет арқылы олардың тез сурет салуға икемділігі мен мүмкіндігі жетіледі./2/
Қорыта келгенде, бүгінгі күні еліміздің алға қойып отырған, «бәсекеге қабілетті маман дайындау» тапсырмасын орындауда, болашақ бейнелеу өнері оқытушысынан білікті маман даярлау алға тартылып отырған мәселенің бірі.
ЖОО-да пленэрлік практикасын өткізу студенттердің шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамытып, көркемдік дүниетанымын қалыптастырып, болашақ суретші-педагог жетілдіруде маңызы ерекше.
Әдебиеттер:
- Н.А.Маслов., Пленер, Москва; «Просвещение» 1984, 241б
2. В.С.Кузин, Основы обучения изобразительному искусству в школе, М:, «Просвещение», 1977
Якубова М.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,
1-курс магистранты