СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАДАҒЫ ӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА БАУЛУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Скачать/Жүктеу

Қазіргі кезеңде студенттерге өрнек өнерінде шығармашылық іс-әрекетке оқытуды қалыптасқан оқу процесіне ауналдыруды мазмұнды педагогикалық жүйесі мен моделдік құрылымын қажет етеді [1]. Сондықтан да соңғы кезеңдердегі ғылыми-педагогикалық концепция ұлттық өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықты оқытуда теориялық білім берудің түрлі принциптерінде қарастырады.

1. Ұлттық өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықта ұсынылған теориялық деңгейлерді әрбір пәнде қарастыруды көздейді. Сол себепті әрбір пәннің ерекшелігі мен аралық байланыстың мазмұндық ерекшеліктері ескеріліп отырады [2].

Бірінші деңгейде өрнек өнері арқылы көркем шығармашылыққа оқытудың үлгілі жоспары бойынша теориялық моделдік негізі анықталады. Студенттерге өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетті меңгерудің моделін жоспарлы түрде ұсына отырып қарастыру. Бұл деңгейде өнер түрлері сарапталып оларды өткізудің мазмұны мен мүмкіншіліктері жүйеленеді [3].

Нәтижесінде студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың жоспарлары жасалады.

Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқыту әрекеті моделінің бірінші деңгейі өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық құрылымды анықтау, яғни көркем шығармашылықтағы ерекше мазмұнды жүйені қалыптастыру.

2. Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың екінші деңгейі ұсынылған әрбір өрнек тақырыбындағы негізгі көркемдік мазмұнды ашу болып табылады. Бұл деңгейдегі негізгі мақсат өрнектерді көркем образдың өрнек элементтерімен сәйкес келуі, яғни шығармашылықты оқытудағы бағдарламаның жасалуы.

3. Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытуда үшінші деңгей көркемдік материалдың ерекшеліктерін қарастырады. Яғни, үшінші деңгейдің моделдік әрекеті өрнек өнеріндегі көркемдікті қабылдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру, көркемдік әрекеттердің жаңа аспектілерін жетілдіріп дамыту [4].

Жоғарыда аталған үш деңгейде студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың теориялық моделі жасалынып, көркем шығармашылықтың ұғымы ғылыми-педагогикалық жүйеде қалыптасады. Жалпы, көркем шығармашылықтың негізінің танымал 3 белгісі бар: көркемдік ой, ойды көркем өңдеу, көркем ойды іске асыру. Ал жоғарыда аталған әрбір деңгейлердегі көркем шығармашылық әрекеттеріндегі ерекшеліктер белгілі бір кезеңдерде әсерлі мазмұндық қажеттіліктер пайда болады.

Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықтың даму кезеңдерінің бірінші көрінісі – көркемдік ой. Көркемдік ойдың ролі студенттердің өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекет нәтижелерінің көрінісі. Өрнек өнерінде кез-келген көркемдік ойлау, өрнектегі образды қабылдаудан басталады да шығармашылық әрекетпен аяқталады. Ал өрнек өнеріндегі шығармашылық әрекеттің негізгі бөлімі – көркемдік шешім қабылдау. Өрнек өнерінде көркем шығамашылыққа оқытудың теориясы мен практикасында көркемдік таным белсенділігінің үш деңгейі бар: репродутивтік демеу, көркемдік ізденушілік және шығармашылық. [4,5].

Репродуктивтік деңгейде өрнек өнерінің көркемдік танымы дайын үлгі арқылы жүзеге асырылады. Түсіндірмелі-көрнекілік көркем шығармашылыққа оқыту әдістемесінде осы тұрғыдағы ғылыми-педагогикалық ақпараттарды қабылдау жағдайында өтеді [6]. Яғни, студенттер бірінші деңгейде аталған өрнек өнерінің теориясы мен әдіснамалық іс-тәжірибені жетілдіре отырып көркем шығармашылықтың негізін дамытады [7].

Көркем шығармашылық әдіс – студенттерді өрнек өнерінде дайын үлгі бойынша емес, жаңадан қалыптасқан көркемдік әдіс-тәсілдердің негізінен шығармашылық іздену жұмысын жүргізу. Осы кезеңде өрнек өнерінде көркем шығармашылық ойлау қалыптасады.

Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытуды көркем-графика факультеттеріндегі оқу жоспарларында өнерге үйретудің мазмұны моделдік негізде ұсынылады [8].

Жалпы алғанда, өрнек өнері арқылы көркем шығармашылыққа даярлау жүйесін моделдеуге белгілі бір мақсатты шарттар келесі талаптарға жауап беру қажет:

1. Өрнек өнерінің көркем шығармашылық мақсаты, өрнектің көркемдік сипатын анықтайтын теориялық білімдер көлемімен қоса шеберлікті жете меңгеруді қарастырады. Сондықтан студенттердің өрнек өнеріндегі шығармашылық әрекеттердің барлық түрлерінде арнайы білім мен іскерлікті дамытатын тапсырмалар алуы керек.

2. Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық тапсырмалардың мазмұны студенттерге түсінікті болып, оларға шығармашылық қызығу туғызатын көркемдік жағдайлар жасауы қажет. Көркемдік жағдайдың негізі студенттердің өздерінде бар білімдер мен көркемдікті шешу тәсілі арасындағы қайшылықта болуы керек.

Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық тапсырмаларды моделдеудің бұдан басқа да маңызды шарты — өрнек өнерін көркемдікпен стилизациялаудың көп варианттылығы болып табылады.

3. Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық тапсырма студенттерге тәжірибе жинақтау, оны қайталап ой елегінен өткізу стилизацияланатын өрнектердің аналогтары мен ұқсас түрлерін талдау және көркемдік шешімнің ұтымды варианттарын таңдау мүмкіншіліктерімен байланысты шығармашылық әрекеттерді өрнек құрылымына енгізуі керек.

4. Студенттерді өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық іс-әрекетке оқытуда өрнек тақырыптарын таңдауға және графикалық, көркемдік материалдарға ерекше талаптар қойылады. Бұл талаптарға өрнектің көркемдік қызметі мен өрнек формаларының шығармашылық мүмкіндіктерін көркемдікпен стилизациялау түрлерін меңгеру, үлгілерді ұсыну мен арнайы тапсырмалар беру кіреді.

5. Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық тапсырмалар студенттердің теориялық білімдерінің жоғары сатысына сай келеді, сондықтан  да білім мен іскерлікті өрнек өнерінде көркемдікті табуға пайдалана білуі керек. Бірақ та студенттердің өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық әрекеттері жекелеген элементтерді стилизациялау ертерек кезеңдерінде де кездесуі мүмкін.

Өрнек өнеріндегі осындай тапсырмалар түрлерін олардың көркемдік бағытына қарай жекелеп қарастырайық. Бірінші деңгейге кіретін барлық тапсырмалар көркемдік образы толық емес өрнек түрлерін берілген тақырып бойынша графикалық моделдеу, яғни коп вариантты көркемдік әрекет (комбинаторлық) таңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, өрнек өнерінде ұсынылған көркемдік тапсырмаларды әр түрлі өрнек элементтерінің жекелеген бөлімі үшін графикалық іскерлікті қалыптастыру, бекіту және алған білімді жаңа жағдайда қолдау мақсатында пайдалануға жағдай жасады. Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқыту барысында қалыптасатын көркемдік ойлау сапасы, одан күрделі деңгейлердегі көркем шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қолданылады. Сонымен қоса, өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықты меңгеру техникалық іскерлік пен арнайы мақсат қойылатын іс-әрекеттердің элементтері бар тапсырмалар жатады.

Біздің пікірімізше, ұлттық өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықпен оқытып-үйрету, әдіс-тәсілдерін қалыптастыруды шартты түрде мынадай төрт топқа бөлуге болады:

-         нақтылы шығармашылық іс-әрекеттің құрылымын сипаттайтын;

-         нақтылы шығармашылық іс-әрекеттің әдістемесін ашып көрсететін;

-         оқытудың көркем шығармашылық пайымдауын және оған деген қабілетті дамытуға байланыстар;

-         студенттер өрнек түрлерінің жекелеген элементтерін таба білу әдістемесіне өрнек мазмұнына арналғандар;

1. Студенттердің өрнектерді стилизациялау процесінде үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуіміз керек:

а) идеяны сезіну және негіздеу студенттерге өрнек өнеріндегі бұрыннан белгілі көркемдік әдіс-тәсілдерді қайталап келіп, жаңа ерекшеліктерді меңгеру қабілетін дамытумен ерекшеленеді;

ә) өрнекті стилизациялауды образды қабылдау мұнда өрнектерді стилизациялау түрлі көркемдік әдіс-тәсілдер арқылы іс жүзінде асырылдаы. Студенттер өрнектердің тақырыптарына қатысты түрлі образдарды күрделендіре түсіп, оның мақсатын, шартын, көркемдік ерекшелігін анықтау әрекеті қалыптасады;

б) өрнектерді (белгілі тақырып бойынша), стилизациялауға практикалық жұмыс істеу студенттердің ізденімпаздығы, нақтылы шығармашылыққа ұлысып, жаңа өрнек күрделі көркемдік пен стилизация пайда болады. Яғни, өрнек өнерінде шығармашылық қалыптасалды.

2. Өрнектерді стилизациялауда образдың (көркем ойлаудың) айқын көрініс тапқан нәтижесі болады, бірінші кезеңде ол, ойға қонымды, ұғымды және қабылданған идея тапсырма болып табылады; екіншісінде – идеяны іс-тәжірибе жүзінде іске асыру мүмкіндігіне дейін жеткізу; үшіншісінде – образды ойды шығармашылықпен шешімді талдау және дамыта түсу.

3. Өрнектерді көркем шығармашылықпен стилизациялаудың әрбір кезеңіндегі процестердің, оның нәтижесінің ықпалы тиген ерекшеліктері болады.

4. Студенттердің түрлі өрнектерді стилизациялауда щығармашылық іс-әрекеттерге кірістіріп қосуды, олардың шығармашылыққа даярлығы мен интеллектік белсенділік деңгейін ескере отырып, көркем шығармашылық процестің әрбір дара кезеңінде жүзеге асыруға болады.

Алайда осы аталған дәлелдеулер, көркем шығармашылық процесс деп шығармашылықтың толық циклін, яғни қажеттіліктің көрініс табу сәтінен бастап (өрнек элементтерінің образды стилизациялауын сезіну және идеяны қабылдау), оны шығармашылық іс-әрекетке асырғанға дейінгі жоғарыда аталған барлық негізгі төрт кезеңі қабылданған жағдайда ғана іске асыруға болады. Бұл студенттердің алған теориялық білімі мен шығармашылық қабілетін педагогикалық пратикада іске асыруға өте қажет.

Ұлттық өнердегі өрнек өнерінің шығармашылық дамуын студенттердің шығармашылық іс-әрекетке процеске деген елеулі түрдегі ынта-ықылас, қазіргі кездегі ұлттық өрнек өнерінің танымдық қызметін қалыптастыру және осы мақсатта көркем шығармашылықты меңгерудің проблемалық әдістемелерін кеңінен қолдану арқылы көрініс беруде  [9, 10, 11]. Ұлттық өрнек өнерінің бейнелеу өнеріндегі басқа жанрлардан басты айырмашылығы оның өзіндік бейнелеу әдісі (метод) атқаратын қызметі, көркемдеу тәсілдері мен құралдары бар. Мәселен, өрнек өнерінің негізгі көркем шығармашылық әдісі романтикалық дәріптеу (идеялизация) мен күрделі көркем жинақтау (типизация) болып табылады. Рас жинақтау әдісін біз стилизация деп дәлелдейміз. Себебі стилизация — әрбір өрнектің даралығы деген сөз. Олай болса өрнек өнерінде әрбір өрнек элементінің көркем стилизациялануы – қайталанбас тұлға, образ.

Мәдени-этникалық білім студенттерге, бәрінен бұрын мынадай қасиеттерді: жеке маман иесінің серіктігін, шығармашылық ойдың байсалдылығын, қарым-қатынастардың байланысын, сезімдердің тез өзгеруін қалыптастырады.

Өрнек өнерінде көркем шығармашылыққа студенттерді оқытудың моделі өрнек өнерінде көркем шығармашылыққа қойылатын талаптарды орындау тәсілдерін білу ғана емес, оған қоса көркемдік ойлау қабілетінің ерекшеліктерімен, образды өрнек элементтерін ойша моделдей білуді анықтайды. Бәрінен бұрын бұған себеп интеллектуальді ойлау жағына талаптың туу және шығармашылық қабілеттің өсуі, яғни образды өрнек өнерін ойша моделдеуге дағдылануы, өрнек формаларын өзгертуге және осы образдарды игеру барысында көркемдікпен елестетуге қалыптасуы.

Соңғы кезеңдерде ғылыми-педагогика саласының екпінді дамуы ұлттық өнер дәстүрінде, білім беру саласының күрделенуі, оқыту материалдарының әдіс-тәсілдерінің жаңаруы, оқытудың ғылыми әдістемелік, жаңа шығармашылықтардың пайда болуы, әртүрлі мамандық саласындағы аса мол қуаттардың шоғырлануы, мұның барлығы студенттерге өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетті, ғылыми әдістемелік, шығармашылық деңгейінде оқыту талап ететін даусыз.

Болашақ мамандар бұл талаптарға сай келуі үшін жоғары оқу орындарында кәсіби білімді, көркем шығармашылық іс-әрекеттің танымдық және іс-тәжірибелік мәселелерін моделдейтін жоғары кәсіптік білім беру стандарттары арқылы көлемді теориялық және іс-тәжірибелік жаңа оқыту әдістемелерін іздестіруді қажет етеді.

Соңғы жылдары студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың теориясы мен практикасын зерттейтін педагогикалық еңбектер шыға бастады.

Педагогикалық зерттеулер нәтижесінде теориялық әдіснамалық негіз қаланды (В.В.Краевский, В.Оконь, М.Н.Скаткин, Н.Д.Хмель), студенттердің кәсіби бағытталуын қалыптастырудың педагогикалық негіздері қалыптасты (Л.А.Ивахнова).

Бүгінгі кезеңде ұлттық бейнелеу өнерін оқытып, үйрету анықтап айтсақ, шығармашылық іс-әрекеттердің түрленуі, жанрлық пайымдаулық құрылымының соны мүмкіндіктерін іздеп табуға деген танымсыз әрекет, толассыз қарбалас еңбек қажет.

Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерін тану ғылымының осал буыны, жете зерттелмеген объектісі ұлттық ою-өрнектердің стилизациялануы мен түрлі реңктердің шығармашылық танымының қалыптасуы.

Студенттерге қазіргі ұлттық бейнелеу өнерін оқытып, үйрету бағдарына назар аударғанда, көркемдік формалардың баюын, шеберлік әрекеттердің (бейнелеу, ажарлау, әсерлеу, құбылту, даралау, айшықтау, жинақтау т.б.) көркемделуін атау қажет. Сондықтан да өрнектердің стилизациялануы мен түрлі реңктердің танымдық үлгілері, шығармашылық әдістемелік тұрғыда талдана отырып дамуы керек.

Біріншіден, студенттердің өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекеті ұлттық өнер арқылы сана-сезімін оятып, тәрбие беретін, үлгі өнеге көрсететін дәрежеге көтерілуі.

Екіншіден, студенттер өз ұлтының дарынды өнерпаздары мен белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, ақыл-ой өрісін жетілдіре түседі.

Үшіншіден, студенттер үшін ұлттық өнерден дәріс берудің әдістемесін жетілдіруде, тақырып таңдауда үлкен талғам қажет.

Әсіресе, өрнек өнерінің стилизациялануын сәтті алынған тақырып, студенттердің көңілін өзіне бірден аударады, олардың шығармашылық ой пікірлерінің өркен жаюына жағдай жасайды.

Осылайша, қазіргі кезеңде ұлттық өрнек өнерінің әдістемелік жүйесін жасауда алдымызда тұрған міндеттер өте көп және әртүрлі.

Ұлттық өнердегі өрнек өнерін оқытып үйретудің әдістемелік жүйесінің жасалу жолдары мен сол өнерге студенттердің қандай үлес қосатынын, қандай әдістемелік тәсілдермен баратындығын бағдарлайды.

Сонымен, біз студенттердің бейнелеу өнері пәнінде ұлттық өрнек өнерінің шығармашылық дамуын, оқытып-үйретуде шығармашылық стилизациялаудың белгілі бір ерекшелігі іздестіру саласының салыстырмалы белгісіздігіне және олардың дамуының көпнұсқалы болатындығын анықтадық. Дегенмен, кез келген өрнек элементтерінің шығармашылық ойлау құрылымы үш құрамнан тұрады. Оған образды ойлау әрекетінің ұғымдық, ұқсастық (теориялық) образды (көрнекілік) және шығармашылық іс-әрекет өрнек элементтерінің өзара байланысы жатады.

Ұлттық мәдени мұрамыздағы өрнек өнерінің стилизациялануы, жанрлық формалардың дамуы, өзгеруі, жаңғыруы туралы әлі айтылмаған пікірлер, жасалмаған тұжырымдар баршылық. Фольклор мен ұлттық қолданбалы қолөнері, оның ішінде өрнек өнеріне байланысының өзі қат-қабат. Қазіргі ұлттық өрнек өнерінің жанрлық формасына әдеттегі еуропалық өнермен бағалау қиын, одан гөрі өрнек өнерінің стилизациялануын жаңа жанрлық форма деп тану ақиқатқа жақын келеді.

Жалпы ұлттық өрнек өнерінің көркем шығармашылығы өз ішінде түлемей, түрленбей, ілгерілемей тұрмайды. Ал сол, түрлену дегеніміз – көркемдік даму ықпалымен болса, онда ондай өзгерістер (шығармашылықтар), сөз жоқ, қандай өнер болса да ұлттық өнерден басталады.

Әрине бұл пікірді біз зерттеп отырған өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықтың жан-жақты ашу үшін оны басқа өнер түрлерімен салыстырмалы тұрғыда көрсету (ұқсастығын, сабақтастығын, үндестігін т.б.) зертеу жұмыстарының құндылығын арттырмаса, кемітпейді.

Осыған орай ұлттық өрнек өнерінің атқарар міндеті ең алдымен сурет, бейне жасау, адамның көңіл-күйімен өнерге деген ынта-жігерін білдіру, жер, су, табиғат құбылыстарын адамның шығармашылық әрекеттерімен шынайы жеткізе білу, жалпы өрнек өнерінің қалыптасуы, белгілі нормалы сипаттарға ие болуы, халықтың өнеріндегі әлеуметтік бетбұрыс жағдайларға байланысты.

Біз білім жүйесіндегі мемлекеттік тұжырым концепциясын сөз еткенде, осы уақытқа дейін жинақталған өрісі әлемдік, берісі отандық озық ғылыми-педагогикалық тәжірибелерді жатсынбаймыз. Біз қазақтың дәстүрлі тәлім-тәрбиесі мен ғылыми-педагогикалық төл ізденістеріне айрықша мән береміз. Сондай-ақ, білім сатыларының сабақтастығы мен білім мазмұнын пәндік жүйеге негіздеу арқылы, жалпыға бірдей міндетті орта білім саясатының мемлекеттік деңгейінде шешілуін мойындаймыз.

Біріншіден, барлық жағдайда жас маманға еркіндік берген жөн. Адам баласы табиғатынан білсем, танысам деген талабын қанағаттандыру үшін «мұны білуге тыйым саламыз», «әлі қоя тұр» дегендей тежеулерді алып тастап, жас маманға бостандық берген дұрыс.

Бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет. Мұны болашақ мұғалімді білімге, шығармашылыққа жетелеудің бір арнасы деп ұғу керек.

Екіншіден, студенттерді өрнек өнерінде шығармашылық іс-әрекетке оқытуды адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты, ұлттық өнерді сүйе білуге үйрету керек. Тегінде ұлттық өнердегі шығармашылықты өз дәрежесінде, өз орнымен бағалауға үйрету арқылы көркем шығармашылық деген әлемнің қадір-қасиетін танытқан жөн.

Үшіншіден, шығармашылықтың ақиқатын, болмысты ашық бүкпесіз көрсеткен халық даналығының ұлылығын ұғындырған дұрыс. Ендігі мектеп – шындықты, нағыз шығармашылықты үйрету мектебі болуы керек.

Осы басты және негізгі қағиданың үшеуі де қазақ халқының ұлттық тәрбие үрдісінен алынып отыр. Халқымыз келешек ұрпағын осыларды басшылыққа ала отырып тәрбиелеген. Бұл – орта ғасырға шегіну емес, ұлттық сана мен нанымдарды қайта қалыптастыру деген сөз. Ұлттық мәдени қазыналар арқылы тәрбиелеп, әлемдік мәдениет пен болашық ұрпақың жан-дүниесін одан әрі байытуға ұмтылу деген сөз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Ивахнова Л.А. Методические основы конструрирования содержания учебного предмета, Алматы, 1998, 90с.

2. Ивахнова Л.А. Научные основы подготовки учителя к конструрированию содержания учебных предметов. Монография, Алматы, 1995, 192с.

3. Хмель Н.Д. Методическая характеристика области профессиональной деятельности учиеля // Вестник АГУ им.Абая. №21. 1995. С.З.

4. Матюшкин А.М. Развитие творчекой активности школьников, М, 1991,155с.

5. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности, М, 1980, 96с.

6. Орлов В.И. Содержательная учебная информация //Педагогика, 1993. №1 С

№ 23-26.

7. Скаткин М.Н. Проблемы современной дедактики, М, 1980, 344с.

8. Ивахнова Л.А. Научные основы подготовки учителя изобразительного искусства к конструированию содержание учебных предметов. Дис. докт. Пед. Наук, М, 1996.

9. Дидактика средней школы. Под. Ред. М.А. Данилова и М.Н. Скаткина, М, 1982, 190.

10. Лернер И.Я., Скаткина М.Н. 5 методах обучения // Советская педагогика, 1965. № 3. С. 116.

11. Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек дәне әдістемелік монография. Қарағанды, 1996,198 б.

 

 

Ж.Ш. Балкенов

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор

Ж.Ә. Кожиков

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 аға оқытушысы 


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы