Оқытушы мен студенттің өзіндік жұмыстарының жоспары


Скачать/Жүктеу

Мақсаты: Студенттердің тақырыпты практикалық жағынан меңгеруіне бағыт сілтеу.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінен негізгі сөздік қор мен сөздік құрамға кіретін сөздерді теріп жаз. (әр студент 30 сөз). Жұмыс жазбаша орындалады. Талдауды ауызша түсіндіру.

ОСӨЖ-дің өту түрі — сұрақ-жауап

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4 Сонымен бірге түсіндірмелі сөздіктің кез-келген томы

2. Мән беріңіз:

-         Сөздік қорға кіретін сөздерді бір бөлек, сөздік құрамға кіретін сөздерді бір бөлек айырып жазуға;

-         Егер мәтінде басқа да бір түркі тілдеріне ортақ сөздер кездессе, олардың айтылу, мағына-ерекшеліктерін түсіндіріңіз;

3. Студент тапсырма  аяқталғаннан кейін негізгі сөздік қор, сөздік құрам дегеннің не екенін білу керек.

  1. Тапсырма. Мақсат: Омоним және синоним сөздердің тіліміздегі атқаратын қызметін түсіндіру, оларды теориялық тұрғыдан меңгеру де тақырып  бойынша конспект жазу

ОСӨЖ-дің өту түрі — семинар

2. Мән беріңіз:

-         омоним деген не?

-         омонимдік қатар  деген не?

-         синонимдік қатар, шек  деген не?

3. Сабақ аяқталғаннан кейін ізденуші омоним, омонимдік қатар, синонимдік қатардың анықтамасын, айырмашылықтарын, ара жігін ажырата білу керек.

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3.

3. Тапсырма. Мақсат: ізденушіні ғылми жұмыс деген не? деген сауалға жауап алға бағыттау,  жұрт алдында сөйлеуге дағдыландыру. Лексикологияның даму кезеңдері, лексиколог ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен ұсынған теориялары атты тақырыптарда тақырып қорғау сабағы.

ОСӨЖ-дің өту түрі – прессконференция.

2. Мән беріңіз:

- жұмыс қалай жазылады;

- тақырып пен қалай жұмыс жүргізу керек.

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші ғылыми жұмысты жазу, безендіру, қорғау, библиография қалыптастыру деген мәселелерді білуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4,5,6,8,22.

  1. Тапсырма. Мақсат: теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету. Түсіндірме сөздікті пайдаланып, берілген сөздерден омонимдік қатар құраңыз:

Бақыр, бастау, бұршақ, дана, жастық, қас, жау, қыс, от, жалын, жар, қорық, жай, той, том, жіңішке, болыс, зауал, кеңес, баспақ, мақта, арба, арна, ең, ес, сау, сор, шым, жирен, көш, жару, сал, тап, бақ, би, қырық, сый, қой, шаш, нан, тіл, құлақ, көз, қол, аяқ.

ОСӨЖ-дің өту түрі — сұрақ-жауап

2. Мән беріңіз:

- талдау жасау жүйесі;

талдауды неден бастау және неден аяқтау керектігіне.

3. Сабақ аяқталғаннан кейін ізденуші төмендегідей сауалдарға жауап бере білу керек:

- омоним сөздер, көп мағыналылықты ажырата білу;

- омоним сөздердің өзіне тән белгілер;

- көп мағыналы сөздер, олардың арасындағы байланыс.

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4 және түсіндірмелі сөздіктің кез-келген томы.

  1. Тапсырма. Мақсат: антонимдерді ажыратуда  жаттығу жұмыстары. Мысалдардан антонимдерді анықтаңыз:

Күн, ақ, дос, жаман,

Төбесінде көк аспан, табаны астында көк теңіз

(Ә. Нұрпейісов)

Қап-қара түнді көрдім де,

Жап-жарық таңға кездестім

(М. Мақатаев)

Жақсы мақтанса есебін табар,

Жаман мақтанса қатынын сабар.

Адал еңбек елге жеткізер,

Арам қулық елден кеткізер

Осы үлгіге сүйене отырып, кез-келген автордың  поэзиялық шығармалар жинағынан антонимге қатысты мысал теріңіз.

ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ

2. Мән беріңіз:

- берілген сөздерден антоним жасауға;

- қарама-қарсы мәндегі сөздердің ерекшеліктеріне;

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- антоним деген не?

- оның қандай ерекшелігін білесің?

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3 кез-келген поэзиялық шығарма .

  1. Тапсырма. Мақсат: Сөз мағыналары туралы түсінік беру.

1. Төмендегі сөздердің мағыналарын ажыратыңыз:

Тұяқ, түлкі, алтын, тас, жүрек, сыр, қалың, жер, қол, арыстан, аш, күміс, жар, тәтті, қақпақ, аю, терең, қасқыр, ана, ер, жүз, жаны, таңдай, жапырақ, ит.

2. Мән беріңіз:

- сөз мағыналары;

- негізгі мағына;

- шартты мағына;

- тура және ауыспалы мағына.

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- мағына  дегеніміз не?

- оның түрлері нешеу?

ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3 түсіндірме сөздіктің кез-келген томы.

  1. Тапсырма. Тұрақты тіркестердің лексикалық ерекшеліктерін анықтауда сөздіктермен жұмыс. Төмендегі тұрақты сөз тіркестеріне талдау жасаңыз:

Ат тонын ала қашты, тонның ішкі бауындай көрер таңды көзімен атырды, шықпаған жаным қалды, екі-үш күндей алас ұрып жатты, іші мұздадыайдың жүзі болды, көз байлады, сынадай сығылысты, төресінен жаңылды, тамырдай ішке тартты, тас бауыр, тіл кесу, сәске түс, бас бұзар, ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін, тілі жылдам, көзі өткір, қалам қас, көк бет, бір ұрт, көк езу сыңар жақ, тоң мойын, қара бет.

2. Мән беріңіз:

- тұрақты тіркестердің тіліміздегі маңызы;

- мақал-мәтелдермен арақатынасы;

- фразеологизмдердің өзара синонимдік, антонимдік  қатынасқа түсуі.

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- фразеологизмдер деген не?

- тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?

- идеома дегеніміз не?

ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3 фразеологиялық сөздік.

  1. Тапсырма. Мақсат: Сөздікпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

1. Төмендегі тапсырманы орындаңыз:

а) түсіндірме сөздіктен нақты мысал келтіре отырып, ондағы сөздік мақалаларды сөз мағынасының қалай талданғанын түсіндіріңіз.

ә) Түсіндірме сөздіктен нақты мысал келтіре отырып, ондағы ауыспалы сөз мағыналарының, омонимдер мен синонимдердің берілу сипатын, мысалдармен көрсетіңіз.

б) жаз, бұзаубас, ез, ебелек, қой сөздері қазақ тілінің омонимдер сөздігі мен қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қанша варианттары берілген, салыстыр.

в) Қара   көлеңке, қара күңгірт, қара сирақ, қожұрламбау, қожырланғанымен, жылы ұшырау, дүнүйе, мәслихат сөздері осы формада қай сөздікте берілген? Айтылу мен жазылу арасында қандай ерекшелік бар? Қазақ тілінің қай заңына сүйенген? Түсіндіріңіз.

г) Перизат, сан, тонау, білезік, базар, пара сөздерінің шығу төркінін түсіндіріңіз.

ғ) Алқа, ау, ая сөздерінің этимологиялық сөздікте берілуін көрсетіңіз. Омонимдер сөздігінде берілген варианттарымен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтаңыз.

д) Бас ұру, құстаналу, самсу, ғажайып, екшеу сөздерінің синонимдік варианттарын көрсетіңіз.

ж) Антура, авторитет, вертел, вметать, домовитый, затискать, метить, наутек сөздерінің орысша-қазақша сөздіктерде баламалары қалай берілгеніне талдау жасаңыз.

2. Мән беріңіз:

- филологиялық және энциклопедиялық сөздіктерге;

- әр қайсысының өзіндік заңдылықтарына, ережелеріне назар аудар;

аударма және этимологиялық сөздіктердің қызметі;

фразеолгиялық сөздіктердің өзіндік ерекшелігі;

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- сөздіктердің әр түрін ажырату;

- сөздікпен жұмыс жүргізе білу.

ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4 сөздіктер.

  1. Тапсырма. Стильдің түрлері жайында түсінік беру.

1. Ресми іс-қатынас, кеңсе қағаздарына тән стильдік, тілдік ерекшеліктерді атаңыз. Мсыалдармен дәлелдеңіз. Функционалды стильдің бес түріне әр стильге қатысты мерзімді баспасөз беттерінен, көркем әдебиеттерден мысал теріңіз. Әр студент әр стильге бес-бес мысалдан.

2. Мән беріңіз:

- стильдердің тіліндегі маңызы;

- функционалды стильдің түрлері;

- ол қалай көрінеді?

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

-         стиль дегеніміз не?

-         Қазақ тіліндегі оның рөлі қандай?

-         Функционалды стильдің неше түрі бар?

ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4 кез-келген көркем әдебиет, мерзімдік басылымдар.

  1. Тапсырма. Мақсат: ізденушіге ғылыми жұмыс туралы мағлұмат беру. ҚҚТ сөз мағыналары өзгеруінің басты себептері атты тақырыпта  ғылыми мақала жазу.

ОСӨЖ-дің өту түрі – ой толғау

2. Мән беріңіз:

- мақаланы жазу жүйесіне;

- дәлелді мысалдармен ой толғауға;

- ғалымдардың аталған тақырып төңірегндегі ойларын келтіріп, талдауға;

- өзіндік пікір айтуға.

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- сөз мағынасы деген не?

- оның өзгеру себебін түсіндір.

Мақала қалай жазылады?

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4.

  1. Тапсырма. Мақсат: Диалект, говор, варваризм, кәсіби сөздерге байланысты жұмысты орындай отырып осы ұғымдарға түсінік беру.

1. Көркем әдебиеттен диалект, говор, варваризм, кәсіби сөздерді тауып, оларды әдеби варианттарымен салыстырыңыз. Түрлі мамандыққа қатысты қолданылатын кәсіби сөздерге көркем әдебиеттен мысал теріңіз, қай аймақта қолданылатынын анықтаңыз.

2. Мән беріңіз:

- алған  лексикалық топтарды бір-бірінен ажырату;

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- диалект, говор, варваризм, кәсіби сөздер деген қандай сөздер,  әр қайсысына жеке-жеке анықтама бер.

- жергілікті диалектілердің қалыптасу себептері?

- қазақ тілінде диалектілік ерекшеліктердің қолданылу өрісі, таралу шегі қандай?

ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,5 кез-келген көркем әдебиет.

  1. Тапсырма. Мақсат: қазақ лексикологиясының зерттелуінің жүйелі тарихын білдіру. Қазақ тілі лексикасының зерттелуі

2. Мән беріңіз:

- қазақ лексикасын қай ғалымдар, қай қырынан зерттегендігіне.

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс: қазақ  лексикасын зерттеу қай кезде басталды?

- кімдердің зерттеуінен басталды?

- ғалымдардың зерттеулері қандай бағыттарда жүрді?

ОСӨЖ-дің өту түрі – конференция

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4

13. Тапсырма. Мақсат: омофондар, омографтар, омоформалар ұғымдарына түсінік.

1. Мына сөздердің қайсысы омофон, омограф екендігін ажыратыңыз:

Алма-алма, көрші-көрші, тұщы-тұзшы, оқышымыз-оқушымыз, көнбе-көмбе, қошшы-қосшы, там ба-тон ба?, алағой-алақой, қалада – қала да, қара ат – ақарат, ортақ ой-орта ғой. Осы үлгіде кез-келген басылымнан мысалдар теріңіз. Әр студент 30 мысалдан.

2. Мән беріңіз:

- әр ұғымның ара жігін ажыратуға.

3.Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

-         Омограф, омофон, омоформалардың анықтамасын мысалдар келтіру.

ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3 кез-келген көркем әдебиет.

14. Тапсырма. Мақал-мәтелдер олардың өзіндік ерекшеліктері және нақыл сөздер туралы түсінік қалыптастыру.

1. Көркем әдебиеттен  мақал-мәтелдер теріп, олардың негізгі сөйлемдегі ойға мағыналық қатысы қандай екенін анықтаңыз.

2. Мән беріңіз:

- мақал мен мәтелдің айырмашылығына  назар аудар.

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- мақал деген не?

- мәтел деген не?

ОСӨЖ-дің өту түрі – практикалық сабақ

Ұсынылатын әдебиет: кез-келген прозалық шығарма, сөздіктер.

15. Тапсырма. Мақсат: пән бойынша алған білімін жинақтау, қорытындылау. «Ғажайыптар алаңы» ойыны арқылы лексикалық  білімін бекіту

2. Мән беріңіз:

- лексикалық талдауға;

- өз ойын дәлелді түрде жеткізуге, ғалымдардың пікірлерімен ұштастыруға.

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- жалпы лексикология нені нысан етіп алады?

- І. Кеңесбаев, Ә Болғанбаев, М. Белібаевалардың   тұжырымдамаларына шолу жасай алуға.

ОСӨЖ-дің өту түрі – жарыс сабақ

Ұсынылатын әдебиет: 1,2,3,4,5,6,7 тілтаным мерзімдік басылымының сандары.

16. Тапсырма. Мақсат: Ғылыми болжам деген не соған назар аударту. «Тілдің негізгі сөздік қоры мен құрамының тілдегі маңызын анықтау?» атты дебат сабағын өткізу

2. Мән беріңіз:

- сөйлеген сөзіңіз айғақты, дәл, нақты болуына;

- орынсыз сөйлемеуге.

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- сөздік қор, сөздік құрам деген не?

- даттаушы деген кім?

- жақтаушы деген кім?

- айғақ (аргумент) деген не?

ОСӨЖ-дің өту түрі – дебат сабақ

Ұсынылатын әдебиет: «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Тілтаным», «Ана тілі», «Қазақстан жоғарғы мектебі» мерзімдік басылымдары

17. Тапсырма. Мақсат: лексикология саласына қатысты терминдерді таныту.

2. Мән беріңіз:

- лексикологияға қатысты әр бір терминнің анықтамасын жатқа біліңіз.

3. Сабақ аяқталған соң ізденуші төмендегідей сұрақтарға жауап бере алуы тиіс:

- лексикологиясына қатысты барлық терминдердің білуге.

ОСӨЖ-дің өту түрі – семинар сабақ.

Ұсынылатын әдебиет: барлық филологиялық сөздіктер.

Әдістемелік нұсқау- сабаққа дайындалу барысында көрсетілген әдебиеттерді пайдалану міндетті. Қосымша мерзімді басылым беттеріндегі ғылыми мақалалармен, терминдермен жұмыс жүргіз. Лексикологияға қатысты терминдерді білуде арнайы сөздік дәптер болу керек. Практикалық сабақтардағы талдау жұмысы зертханалық жұмыс дәптеріне жазылып, өз уақытында тексеруге әкелініп, бағалануға тиіс.

 

СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ

рр/с СӨЖ тақырыптары  Жұмыс түрі әдебиет мерзімі
1 Қазақ сөздерінің лексикалық мағыналарының түрлері.


 

конспект 1,2,3,4 2- апта
2 Сөзді ауыспалы мағынада қолдану тәсілдері.

 

конспект 1,2,3,4,7 3-апта
3 Сөздің көп мағыналылығы

Омонимдердің жасалу жолдары. Синонимдердің пайда болу жолдары.

Сөз варианттары

конспект 1,2,3,4 4-апта
4 Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің қолданыс ерекшелігі.

 

конспект 1,2,3,4, 5-апта
5 Сөздік қор мен сөздік құрам.

Жалпы түркі тіліне ортақ сөздер.

Табу және эвфемизмдер.

тезис 10,1,2 6-апта
6 Араб-парсы тілдерінен енген сөздер.

Моңғол тілдерінен енген сөздер.

Көнерген сөздер.

 

конспект 1,2,3,4,10 7-апта
7 Диалектизмдер, Варваризмдер. Олардың қолданыс ерекшелігі.

 

конспект 1,2,3,4,6,7 9-апта
8 Қазақ тіліндегі орфографиялық принциптер.

Тоғысу процесі. Ұқсату заңдылығы.

Фразеологизмдер, олардың өзіндік ерекшеліктері.

 

 

Ғылыми баяндама 1,2,3,4,8 10-апта
9 А.Байтұрсынов және Қ.Жұбановтың терминологияға қосқан үлесі

 

реферат 1,2,3,4,8 12- апта
10 Ә.Хасеновтің, Ә.Болғанбаев, К.Ахановтың лексикологияға қосқан үлесі. реферат 1,2,3,4,8 15-апта

 

  1. Тілдік терминдер, олардың стильдік қызметі.
  2. Тұрақты тіркестер, олардың сематикасы.
  3. Кәсіби лексика (ауыл шаруашылығына байланысты, балық шаруашылығы, орман шаруашылығы)
  4. Сөздерді ауыспалы мағынада қолдану тәсілдері.
  5. Семасиологияның заңдары.
  6. Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы.
  7. Функционалды сематика.
  8. Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің сематикалық сипаты.
  9. Тілдік норма және сөз варианттары.

10. Омонимдер мен көпмағыналы сөздер.

11. Тіл біліміндегі тоғысу процесі.

12. А.Байтұрсынов енгізген терминдердің практикалық мәні.

13. Терминология ғылымы.

14. Қазақ біліміндегі тату, эвфемизм ұғымдары, көркем әдебиетіндегі көрінісі.

15. Сөздік құрамның толығу жолдары.

16. Қан мен тер – кәсіптік лексика.

17. О.Бөкей шығармашылығындағы кәсіптік бағыттағы тілдік қолданыстар.

18. Тарихи лексикологияға сипаттама.

19. Этимология ғылымы оның мақсат-міндеттері.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы