Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916)

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.

Читать полностью »

Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Читать полностью »

Ғабиден Мұстафин (1902-1985)

Мұстафин, Ғабиден (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі.
Туған жері қазіргі Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданындағы Жауыр тауының етегі.

Читать полностью »

Ғабит Мүсірепов (1902-1985)

Социалистік Еңбек Ері, Қазак КСР Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, кемел суреткер Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, «Жаңажол» мекенінде дүниеге келген.

Читать полностью »

Ибн Сина (980-1037)

Ибн Сина — әуелі балхтық болған, одан кейін Бұхараны мекендеген әулеттің баласы. Ол 980 жылы Афшан деген жерде дүниеге келген. 10 жасында Құрани-Кәрімді жаттап алып керекті діни білімдерге ие болған. 18 жасқа толғанда заманының барлық білімдерін үйреніп, оларды тұжырымдап, жаңа білім шығара бастады. Ибн Сина өзі жөнінде былай дейтін: «Басқа ғалымдар арасында медицинаны да үйренгенмін және теориялық оқуымды науқастарды емдеумен тәмамдағанмын.

Читать полностью »

Илияс Есенберлин (1915-1983)

1940 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірді. Әскер қатарына шақырылып, майданда ауыр жарақаттанды, 1942жылы Қазақстанға қайтып оралды. 1947 жылғадейін Қазақстан Компартиясының ОК-нің аппаратында істеді. 1947—1951 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметінде болды. Қуғын-сүргін көріп, қамалды, 1953 жылы бостандыққа шықты.
Содан соң Қазақ КСР-ның Геология министрлігінде, сосын Берсүгір шахтасының басқарма бастығы болып істеді.

Читать полностью »

Қабдеш Жұмаділов

Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері
• 1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді.
• 1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.
• 1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.
• 1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.

Читать полностью »




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы