Ғабит Мүсірепов (1902-1985)


Скачать/Жүктеу

Социалистік Еңбек Ері, Қазак КСР Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, кемел суреткер Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, «Жаңажол» мекенінде дүниеге келген.

Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Қостанай уезі, Обаған болысындағы екі кластық орыс мектебін, Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищесін бітіреді. 1923 жылы Орынбордағы рабфакқа окуға түсіп, орыс және әлем әдебиетін, ұлттық әдебиет үлгілерін кұмарта оқиды. Сөз өнерін тандауына осы оқу орнында бірге оқыған Сәбит Мұқанов әсер етеді. XIX ғасырдағы орыс классиктері Гоголь, Чехов, Горький бағыты сол жылдары көкірегіне ұялап, жазу талабы ояна бастайды. Алғашқы ұзақ әңгімесі «Тулаған толқында» қабырға газетінде жарияланады.

1928-1938 жылдары түрлі баспасөз орындарында қызмет атқарады. 1938-1955 жылдары бірыңғай өнімді әдеби еңбекпен шұғылданады.

1956-1966 жылдары Жазушылар одағында басшылық кызметте, Ара» сатиралық журналында редактор болады.
Оның «Қазақ солдаты» ұлттық әдебиетіміздегі әскери тақырыптың көшбасы болған шығарма, әскери роман. Жазушы жауынгер Қайырғали Смагұлов өмірін романға өзек етіп, Қайрош Сарталиев образында қаһармандық тұлғаға айналдырған. Романда әділетсіз соғыс өшкереленіп, адамның жан сұлулығы жырланады.

Тағы бір кең тынысты туынды — «Оянған өлке». Саналуан тағдыр, сан қырлы каһарман тоғысқан шығарма эпопеялық кеңдікпен жазылған. Кешегі ауыл тынысы бояу-нақышымен суреттеледі.

Ана құдіреті, ананың ғажайып күші бейнеленген ана тақырыбындағы әңгімелерінің занды жалғасы «Ұлпан» повесіндегі Ұлпан бейнесі — ел анасы, киелі ана, даналықтың үлгісі.

Ғ. Мүсіреповтің деректі проза саласындағы «Жапон балладаларында» арқа, тас, кез сияқты шартты (символ) нәрселер сөйлейді.

Ал «Кездеспей кеткен бір бейнедегі» Еркебұлан Сәкен Сейфуллиннің образы. Бұл — ақындық шабыттан туған шығарма.
Ғ.Мүсірепов ұлттық драматургияның дамуына да үлкен үлес қосты. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты» әлі күнге сахнадан түспей келе жатқан көркемдігі биік драмалық шығармалар. Суреткер қазақ драматургиясында ақ өлең формасымен келетін соны формалық монолог, диалогтар, нағыз трагедия жанрына лайықты күшті тартыс әдісін тугызды.

Ғ.М.Мүсіреповтің керкемдік-эстетикалық ойлары «Суреткер парызы» кітабында топтастырылған.
Жазушының 100 жылдық мерейтойы 2002 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланды.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы