Шетелдік Азия — адамзаттың пайда болған ошақтарының бірі, қолдан суарудың, қалалардың, көптеген мәдени кұндылықтардың отаны. Аймаққа 45 мемлекет мүше, құрамына енетін мынадай 5 ірі аймақты бөліп көрсетеді: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс, Орталық Азия.
Табиғат жағдайы барынша алуан түрлі. Басты минералдық байлықтары: мұнай, газ (Парсы шығанағы елдері), көмір және темір рудасы (Қытай, Үндістан), түсті металдар (қалайы белдеуі Мьянмадан Индонезияға дейінгі аралықта орналасқан).
Табиғат байлықтары біркелкі таралмаған, энергетикалық суқоры (Қытай), агроклиматтық қорлар (муссондық аудандар), рекреациялық қорлар, орман қорлары Оңтүстік-Батыс Азияда жақсы дамыған.
Читать полностью »