Скачать/Жүктеу
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи қорының Бесқарағай бөлімі мемлекеттік мекемесі құрымдық бөлімшесі болып табылады, жеке құқығының мәртебесі жоқ. Бөлім территориясындағы ландшафты мен әр түрлі биологиялық байлықты сақтап және қалпына келтіру үшін, сондай –ақ табиғат байлықтарын тиянақты және үнемі пайдалану үшін құрылған. Бесқарағай бөлімі Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігінің орман және аңшаруашылық ұйымның мекемелерге байланысты ережелеріне сәйкес 2003жылғы 28 ақпан күнгі 30 бұйрықтың негізінде құрылған. Бөлім мекемелердің жағдайы жөнінде орман және аң аулау шаруашылығымен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің №30 28.02.2003 ж бұйрығымен құрылды. Оның ауданы 134,7 мың га.
Бөлімнің толық аты :
«Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық Министрлігінің, орман және аңшаруашылығы ұйымның, «Ертіс орманы» «Мемлекеттік орман табиғи қоры» Мемлекеттік мекемесінің Бесқарағай бөлімі.
Бөлімнің орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы , Павлодар облысы, Аққу ауданы, Шақа ауылы.
Мекеменің орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, № 60 – үй.
Бөлім төмендегі орман шаруашылықтарын қамтиды және олардың жер көлемдері 1 кестеде көрсетілген:
1) Тайбоғар орман шаруашылығы;
2) Бесқарағай орман шаруашылығы;
3) Бәйімбеторман шаруашылығы;
4) Маралы орман шаруашылығы
5) Майқарағай орман шаруашылығы;
6) Октябрь орман шаруашылығы;
7) Көкжал орман шаруашылығы;
Кесте — 1 Бесқарағай филиалы бойынша жер көлемдері
Орманшылық | Алып жатқан көлемі, га |
Майқарағай орманшылығы |
19785 |
Тайғабар орманшылығы |
17206 |
Бәйімбет орманшылығы |
18315 |
Бесқарағай орманшылығы |
20933 |
Көктерек орманшылығы |
16881 |
Көкжал орманшылығы |
24572 |
Маралды орманшылығы |
17022 |
Барлығы |
134714 |
2.2 Климаттық жағдайлары
Орманның өсу жағдайына әсер ететін факторлардың ішінен ең маңыздысы климат болып табылады. Бұл аймақтың климаты континентті, яғни ыстық құрғақ жазбен, жоғары температуралы қары аз қатты қыспен сипатталады.
Оның климатының қалыптасуына территоряның терең континентальды жағдайда орналасу, күн радиациясының молдылығы , ауа циркуляциясының жылдамдығы, жер бетінің біркелкі жазық далалы болып келуі әсер етеді.
Қазақстанның таспа ормандары жусанды-бетегелі, жусанды-бетегелі-ақ селеулі және солтүстік шөлейтті далалы табиғи аймақтарда орналасқан (Л.Н.Грибановтың жіктеуі бойынша). Орман климаттары – континентальды, қысының қары аз, суық және жазы құрғақшылық. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық орташа саны 350-400 мм көлемінде. Олардың негізгі бөлігі жаз айларына тиесілі (шамамен 40 %). Ауа температурасы шегіне жетіп, физикалық булану салдарынан ылғалдың көп шығындалуына әкелетін, жауын – шашын шілде айында көп болады.
Қыс мезгіліндегі жауын-шашындар топырақты қосымша ылғалдандыратын қосымша негіз, олардың саны қатты көп емес. Тұрақты қар жабынының қалыптасуының орташа мерзімі 16.11., ал еруі – 11.04. Қар жабынының ең жоғары деңгейдегі биіктігі ақпан айында 20см-ге дейін, топырақтың қату тереңдігі – 1м және одан жоғары.
Жылдық орташа температура 2,5-30,ең суық айдың — қаңтардың орташа температурасы – 17-190 , ал ең жылы шілде айының температурасы шамамен – 210. «Шалдай» метеостанциясының абсолюттік температурасы 490 тең, ал ең жоғарысы +410 С, ол өз кезгіңде ауа температурасының ең көп деңгейде 900 С-де ауытқуын анықтайды. Жылы кезеңнің орташа ұзақтылығы – 175 күн, ал аязсыз күндер – 117 күн.
Қарағайды табиғи жолмен қайта қалпына келтіру және оның тұқымын себуге ықпал етуші шараларды өткізу кезіңде, қарағайлы орман құмдақ топырақтарда ең маңыздысы топырақ бетінің температурасы, әсіресе өсу мерзімі кезіңде. Суыртпақтап егілген қарағайлы ормандардың құмдарының ашық бетіндегі температураның абсолюттік ең жоғары деңгейі сәуір айында +41,80-қа, мамыр айында 51,40 -қа, тамыз айында + 57,10 -қа, қыркүйек айында +47,50-қа жетеді.
Бақылау бойынша, құмдақ жерлердің бетінде бірнеше сағат бойы температурас +500 -тан жоғары болғанда қарағайдың өскіндерінің өлуіне әкеледі. Мұндай температура мамыр айының екінші жартысында басталады. Маусым-шілде айларында құмдақ жерлердің ашық бетінің жоғары температурасы 5-6 сағат бойы тұрады (сағат 12-ден 18-ге дейін).
Ауа температурасы көктемде және күзде + 10º С арқылы ауысуымен шектелетін тіршілік кезең орташа алғанда 137 күнге созылады.
Жауын — шашынның айлық және жылдық мөлшері өте кең шекте ауытқуы мүмкін, жауын — шашынның максималды жылдық мөлшері минималдыдан 2 — 3 есеге жоғары. Олардың маусымдық бөлінуі біркелкі емес, жазда — максималды, қыста — минималды. Үш жаз айының ішінде маусым мен шілде ең жаңбырлы болып табылады. Өсімдікке тиімді жауын — шашын мөлшері — 5 мм — ден асқанда басталады.
Қарағайдың өркендеуі мен дамуы үшін аса маңызды кезеңде жауын — шашынның таралуы біркелкі емес. Қысқа мерзімді жаңбыр ұзақ мерзімді құрғақ кезеңмен ауысып отырады. Ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдығы төмен. Жыл сайында қыстан жазға қарай ылғал елеулі азаяды. Жаздың кейбір құрғақ желді күндерінде ауаның салыстырмалы ылғалдығы 20% және одан да төмендейді.
Желдің басым бағыты оңтүстік — батыс және солтүстік — батыс. Жаз уақытында оңтүстік және оңтүстік — батыс желдерінің басым болуы ұзақ мерзімді және тұрақты аңызақтардың пайда болуына әкеліп соғады [34].
Күн сәулесінің жоғары радиациясы күннің көзі түсетін ашық учаскелерде қарағайдың көптеп өлуіне әкеледі. Табиғи қайтадан қалпына келтіру ағаштардың көлеңкесінде немесе орман қабырғасында ғана сақталады.
Суыртпақтақ егілген қарағайлы ормандардың аудандарында орманды қайтадана қалпына келтіру шаралары үшін ауаның ылғалдылғы өте маңызды. Жаз кезіңде ауа ылғалдығы шамамен 40% (13 сағатта) құрайды, ол жекелеген күндері 10 % — ке дейін түседі, осылайша өсімдіктердің суды буландыруына және топырақтың ылғалды көп жоғалтуын тудырады.
МОТР ауданында жел ормандарды қайта қалпына келтіру үшін келеңсіз жағдай тудырады және осы жерлер қатты, жыл бойы соғып тұратын желмен сипатталады. Жаз кезіңде басымды болатын оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері ұзақ уақыт құрғақшылық болудың себептері. Көктемге солтүстік және солтүстік-шығыс желдері топырақты қатты кептіреді, көктемгі аяз күндерімен қатар оларда орман дақылдарының және тәлімбақтардың өскіндерінің жойылуына әкеледі.
Ең қатты желдер қыс мезгілінде (16-20м/сек) байқалады, ол қарлы боран, көктемде ол жел шаң-тозаңды желмен ұласады. Шаң-тозаңды желдер сәуір айынан қазан айына дейін, мамыр және маусым айларында жиі-жиі қайталанып отырады.
Гидрометеологиялық көп жылғы байқалаулардан құрғақышылық кезеңдердің ылғалды кезеңдермен кезектесуі анықталды. Соңғы жылдары 1994 жылдан бастап суыртпақтап егілген қарағайлы орман аудандарында құрғақшылық кезең байқалады. Әсіресе құрғақшылық жаздар, жауын-шашын мүлдем болмай, ауаның ылғалдылығы мүлдем төмен болады және аңызақтар 1997 жылы байқалған, ол суыртпақтап егілген қарағайлы орман аумағында өрттің туындауына және олардың жылдамдықпен тез таралуына әкелген.
1994 жылдан 2002 жылдар аралығында суыртпақ егілген қарағайлы ормандарда өрттің туындауының 2,0 мың жағдайы тіркелген, оның ішінде 1997 жылы шамамен 400 жағдай (20%).
Кесте — 2 Климаттық көрсеткіштер
Көрсеткіштердің атауы | Өлшем бірлігі | Көрсеткіштер |
1 | 2 | 3 |
Ауа температурасы, орташа жылдық
абсолютті максималды абсолютті минималды |
градус
градус градус |
1,6
41 -49 |
Бір жыл ішіндегі жауын — шашын мөлшері | мм | 411 |
Тіршілік кезеңнің ұзақтығы | тәулік | 137 |
Көктемдегі соңғы қатқақтар | тәулік | 20.05 |
Күздегі бірінші қатқақтар | тәулік | 08.09 |
Өзендердің қатуының орташа мерзімі | тәулік | 20.11 |
Тасқынның басталуының орташа мерзімі | тәулік | 25.04 |
Қар жабыны: қалыңдығы
тұрақты пайда болу уақыты орманда тұрақты жиналу уақыты |
см
күні күн |
20
16.11 11.04 |
Топырақ қатуының тереңдігі
|
см |
60 |
Жыл маусымдары бойынша басым желдердің бағыты:
қыс көктем жаз күз |
румб румб румб румб |
ОБ ОБ С,СШ,СБ ОШ,ОБ |
Жыл маусымдары бойынша желдердің орташа жылдамдығы:
қыс көктем жаз күз |
м/сек м/сек м/сек м/сек |
2,8 3,1 2,8 3,3 |
Ауаның салыстырмалы ылғалдығы | % | 56 |
* О — оңтүстік, С — солтүстік, Б — батыс, Ш – шығыс
2.3 Жер бедері, топырағы, гидрографиясы
Суыртпақтап егілген қарағайлы орман аумағы, Батыс-Сібір ойпаттарының оңтүстік-батыс атыраптарының ірі геоморфологиялық бірлік көлемі – Ертіс ойпатында, Ертістің екі жағынан кең жолақ ретінде жайылып жатыр. Ертіс ойпаты ежелгі тосап топырақтардың көп қабатымен жабылған, жеңіл топырақтары (құм, құмдауыт) басым.
Сипатталып отырылған ойпат жерлерде қарағалы құмдар ерекшеленеді. Қарағайлы құмдар Оба өзенінің бассейінінен, тосап топырақ материалын тұндырып Ертіс бағытына көп су құйылғанда қалыптасқан. Мұз кезеңінен кейін тосап топырақтар кейбір жерлерде есілген және қатысты биіктіктері 1-ден 5м-ге дейін ауытқып төмпешік және шұңқырлар тәріздес болып қалған.
Қарағайлы құмдардың морфологиялық ерекшеліктері мынадай келесі мәліметтермен сипатталады оның үстіңгі беті әлсіз жабыны бар (2-3см-ге дейін кей кезде 5 см), ол кейде болмауы да мүмкін, одан тереңіректе әлсіз жіктелген және әлсіз байқалатын қарашірік (А+В) оның қуаттылығы 60-80см. Тұз қышқылы қайнауы 2-3м тереңдікте байқалады. Жер бетінен екі метрде кей кезде тот басқан темір және марганецтің қара дақтары байқалады. Топырақ пішінінде морфологиялық белгілер байқалмайды, гранулометрикалық құрамы да ешбір өзгеріссіз.
Сипатталып отырылған (қаарғайыл құмдар) борпылдақ құрамымен ерекшеленеді, оның құрамында қарашірік аздап болады (шамамен 1%), ол одан тереңіректе күрт азаяды. Топырақтың 2-3м-ге дейінгі тереңдіктегі құрамында те ерігіш тұздар и карбонат болмайды. Сіңіруші кешені негізінен кальциймен қанықтырылған, онымен қатар елеулі үлес магнийге тиесілі (сіңіру сыйымдылығынан 20-40%). Топырақтың үстіңгі көкжиектері топырақ ерітінділерінің әлсіз қышқыл (бейтарапқа жақын) реакциялары бар.
Мезорельев түріне байланысты қарағайлы топырақ әлсіз толқынды (жазықтықтық) және бұдырлы болып бөлінеді.
Қарағайлы жазықтық құмдар. Бұл жердің рельефіне жазықтықтықтың жалпы көрінісіне ешбір әсер етпейтін жайпақ, ағын су жыраларымен, қыраттармен сипатталады.
Қарағайлы төмпешікті құмдардың жазықтықтардан айырмашылығы көптеген төмпешікті – шұңқырларымен ерекшеленеді. Төмпешіктердің қатысты биіктігі 3-5м, кейде 10-15м жетеді.
Қордың орналасқан ауданының гидрологиялық ерекшелігі болып онда өзен, жылғалардың, бұлақтардың мүлдем болмауы енеді. Орман қорының аумағында жағасы төмен шағын тұзды көлдер бар олар қатты құрғақшылық болғанда, сор және ақ сортаңдарға айналып кеуіп қалады. Көптеген көлдер арнасыз шұңқырларда және ағын сулардың ескі орындарында орналасқан. Көлдер еріген сулармен толықтырылады.
Топырақ асты суларының деңгейі төменгі рельефте 1,5-30,м ауытқып тұрады және төмпешік жерлерде 10-15м-ге дейін.