Орман шаруашылық бөліміндегі шу және діріл


Скачать/Жүктеу

Шу ақпаратты қабылдауға бөгет жасайды, ол өз кезегіңде қателікке және жарақаттануға ықпал етеді. Ол шаршағандықты тудырады. Шу ұзақ уақыт бойы әсер еткен жағдайда  жақсы есту төмендейді, қан қысымы өзгереді, зейін қойуы әлсірейді, көруі нашарлайды, тыныс алу орталықтарында өзгерістер болады, қимыл координацияларында өзгерістер болуы мүмкін

Өндірісте шуды төмендету мәселесі өзара байланысты екі міндеттерді шешуді қарастырады:

1) кәсіпорындардың дайындайтын машиналарының және жабдықтарының, оларға техникалық шартта және стандартта берілген шуларын төмендету;

2) жұмыс орнында, кәсіпорын аумағында және оған жақын орналасқан аумақта шуды төмендету.

Шудан қорғау әдістері. Шудың шығу көзінің сипаттамасына байланысты шудан ұжымдық қорғау және дербес қорғау құралдары таңдап алынады. Олар МЕСТ 12.01.029.080 «ССБТ. Шудан қорғау құралдары және әдістері. Жіктелуі» анықталған.

Ұжымдық қорғау құралдарын таңдау акустикалық есеп негізінде жүргізіледі. Мақсаты – шудың нақты деңгейін анықтау және шудың деңгейін мүмкіндік мөлшеріне дейін төмендету.

Шудың шығу көзінің орналасқан жеріне байланысты акустикалық есеп жүргізіледі: оның ашық кеңістікте немесе бөлмеде орналасуында.

Шудың таратылу заңдылықтарынан және акустикалық есебінен шудан қорғау шаралары шығады:

Шудың шығу көзінің дыбыстық қуатын азайту. Шудың шығу көзін азайту шаралары шудың табиғатына байланысты. Механикалық шулар механикалық энергияның акустикалыққа көшуін азайту жолымен былайша төмендетіледі:

1) машинаның дайындалу дәлдігін жоғарлату;

2) айналмалы бөліктерінің берілетін жиіліктерін және жүктемеліктерін азайту;

3) соққы беретін процесстерді соққысыз процесстерге ауыстыру;

4) айналмалы бөліктерін баланстауды жақсарту:

5) механизмдерде оралу-ілгерілеу қимылдарын айналмалыға ауыстыру;

6) дыбыстық емес материалдарды қолдану (пластмасса, ішкі үйкелісі үлкен дыбыссыз металлдар);

7) қажалатын беттерін майлауды жетілдіру;

8) тісті берілістердің орнына клиноременді және тісті-ременді берілістерді қолдану.

Жеке қорғаныс құралдарын қолдану ұжымдық және басқа қорғаныс құралдары шудың шектік деңгейін азайтуға мүмкіндік етпеген жағдайда қолданады. Жеке қорғаныс құралдары қабылданатын дыбыс деңгейін 10…45 дБ дейін төмеңдетуге мүмкіндік береді, әсіресе адам үшін аса қауіпті жоғары жиіліктегі шуды елеулі азайтады.

Шудан жеке қорғаныс құралдары құлақты жауып тұратын шуға қарсы құлаққаптарға, шуға қарсы ішпектерге, шуға қарсы дулығаларға және дулығалы қалпақтарға және шу костюмдеріне бөлінеді.

Діріл – өте күрделі кезеңдік немесе кезеңдікке жақын механикалық тербеліс. Дірілдің жиіліктік спектрі 16 Гц-тен кем емес – инфрадыбыстық жиілігін, 16-дан 20000 Гц-ке дейінгі дыбыстық, 20000 — нан астам ультрадыбыстық  жиіліктерді қамтиды.

16 … 20 Гц жиіліктен жоғары дірілмен бірге шу да шығады. Адам дірілді құбылыс жылдамдығы 1*10–4 м/с жеткенде сезінеді, ал жылдамдық 1 м/с жеткенде ауырсынуды сезеді. Жалпы діріл оның пайда болу көзіне байланысты үш категорияға бөлінеді:

1 – транспорттық діріл, ол жолдарда, агрофонда және жергілікті жерлерде қозғалатын машиналар мен транспорттық құралдар адамға әсерін тигізеді;

2 – транспортты – техникалық діріл, ол тек арнайы дайындалған жерде, өндіріс іші, тау қазбаларына қолданатын техникада (экскаватор, жүк көтергіш кран, тау машинасы);

3 – технологиялық діріл, адамға әсер ететін стационарлы машиналар (станок, электромашина, сорғыш, желдеткіш,қазба қондырғылары). Жұмыс орнына байланысты бұл категориалар 3а, 3б, 3в, 3г топтарына бөлінеді.

Жалпы дірілде – оның категориясын, ал локалді дірілде – нақты әсер ету уақытын есептей отыра адамға әерін тигізетін дірілді әрбір тағайындалған бағыт бойынша жеке – жеке нормаландырады.

Дірілдің адам организіміне әсер ету сипаты мен діріл түріне байланысты, белгілі бір талаптарға сай діріл адам организіміне жақсы әсерін тигізеді және оны медицинада жүике жүйесін жақсартуда, жара бетінің тез жазылуына, қан айналымның жақсаруына, радикулиттен емдеуге қолданады. Бірақ өндірістік жағдайларда ұзақ діріл әсері адам организімінің және денсаулығының бұзылуына, тіпті – «діріл ауруына» әкеліп соқтырады.

Діріл қауіпсіздігі деп – өндірістік діріл жұмысшыға жұмыс жағдайында жағымсыз әсерін тигізбеуі. Діріл қаупінсіз жұмыс жағдайы деп дірілсіз машиналардың қолданылуы; жұмыс істеуші адамға діріл деңгейін төмендететін дірілден қорғау құралдарын қолдану; жұмыс орындары гигиеналық нормадан аспайтын технологиялық үрдістер мен өндірістік ғимараттар жобалау; машинаның дірілдік параметірлерін қадағалау және уақытылы жөндеу жолында ұжымды – технологиялық іс шаралар жүргізу; рационалды еңбек күндерінің жұмыс тәртібі мен демалыс күндерін тағайындау.

Машиналардың дірілін төмендету үшін негізінен соққылар, қатты жылдамдық әсеінен болатын динамикалық үрдісті төмендету керек. Айналып тұрған масса балансының үйлесімсіздігін жоғалту үшін мұқият балансировкаға жету керек. Сондай – ақ жүйенің механикалық құбылыс энергясын басқа энергия түріне айналдыру ­– дірілді демфирлеу түрі қолданылады.

Дірілді басу жүйеге қосалқы реактивті кедергі енгізу жолымен іске асырады. Дірілді оқшаулау жүйеге қосалқы байланысты енгізу жолымен басылады, ол негізгі немесе конструкцияның қиын элементіне машинадан дірілдің берілмеуін қамтамасыз етеді. МЕСТ 12.4.046 – 78 келтірілген шығу көзінен таралатын дірілді басатын параметрлер әдісін техникалық үрдістерде діріл қаупі бар машинаны қолданғанда пайдаланылады. Жұмыс орнынан тыс жұымысшылардың дірілі бар орынға жоламауы үшін ол телімді боялған, ескерту белгілері мен жазбалары бар қоршаумен қоршайды. Діріл мен күресудің радикалды бағыты шулы және діріл қауіптері бар технологиялық үрдістерді жою болып табылады. Мысалға бекіткішті дәнекермен, қалыптауды – баспақпен айырбастау.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы