Қауіпсіз қозғалысқа жауапты және бақылаушы мемлекеттік орган. Жол оқиғасы анализі және олардың себебі


Скачать/Жүктеу

1. Жол қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты тұрғыдағы жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жабдығы оларды техникалық пайдалану жөніндегі тиісті стандарттардың, ережелер мен басшылықтардың талаптарына жауап беруі тиіс.

2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелер «Транзит» деген тіркеу белгісінің қолданылу мерзімі ішінде жол полициясында тіркелуі тиіс. Тұрақты тіркеу орнынан 2 айдан астам мерзімге шыққан механикалық көлік құралдары арналған жеріне келуі бойынша уақытша тіркелуі тиіс.

3. Механикалық көлік құралдарында (трамвайлар мен троллейбустардан басқа) және тіркемелерде осы үшін көзделген орындарда тиісті үлгідегі тіркеу белгілері, ал автомобильдерде бұдан басқа, маңдай әйнегінің оң төменгі бұрышында мемлекеттік техникалық қараудан өткендігі туралы талон орналастырылады.

Тіркеу белгілерінің сандары мен әріптері жүк автомобильдерінің, тіркемелердің (жеңіл автомобильдер мен мотоциклдердің тіркемелерінен басқа) және автобустардың (аса шағындарынан басқа) қораптарының артқы жақтауында қайталануы тиіс Сандардың биіктігі — кемінде300 мм, ені — кемінде120 мм, штрихтың қалыңдығы30 мм, әріптердің мөлшері — сандардың мөлшерінің 2/3. Трамвайлар мен троллейбустарға тиісті ведомстволардың берген тіркеу нөмірлері жазылады.

4. Жолаушыларды тасымалдауға пайдаланылатын борттық платформасы бар жүк автомобилі еденінен 0,3 —0,5 мжәне борттың жоғарғы жиегінен0,3 мкем емес биіктікте бекітілген орындықтармен жабдықталуы тиіс, ал балаларды тасымалдау кезінде, бұдан басқа, борттың биіктігі еденніңдеңгейінен0,8 мкем болмауы тиіс. Артқы немесе қапталдағы борттардың бойында орналастырылған орындықтардың берік арқалықтары болуы тиіс.

5. Жүргізуге оқыту үшін пайдаланылатын және оқу ұйымына тиесілі механикалық көлік құралы іліністіргіш пен тежеуішті іске келтірудің қосымша тепкіштерімен жабдықта-луы тиіс.

6 Велосипедте ақаусыз тежеуіш, руль және дыбыстық белгі болуы, алдынан жарықты қайтарушы және фонарьмен немесе ақ түсті фармен (тәуліктің қараңғы уақытында жеткіліксіз көрінім жағдайларында қозғалыс үшін), артынан — жарықтық қайтаршымен немесе қызыл түсті фонарьмен, ал әрбір бүйір жағынан — сарғыш немесе қызыл түсті жарық қайтарушысымен жабдықталуы тиіс.

7. Жүктік арбашада конструкциясында көзделген ақаусыз тұрақтық тежеуіш қондырғысы мен сырғанап кетуге қарсы тіреуіш болуы, алдынан екі жарық қайтарушымен немесе ақ түсті фонармен (тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көрінім жағдайларында қозғалыс үшін), артынан — 2 жарықтық қайтарушымен немесе қызыл түсті фонарьмен жабдықталуы тиіс.

8. Көлік құралдарында мынадай айырым белгілері орнатылуы тиіс: Автопоезд» — аралары 150-ден300 ммдейін аралықта кабинаныңтөбесінде көлденең орналасқан сарғыш түстегі үш фонарь түрінде — тіркемесі бар жүк автомобильдері мен доңғалақты тракторларға (1,4 сыныбы және одан жоғары) арналған, сондай-ақ мүшелес автобустар мен троллейбустарға арналған. Автопоезда ішкі жарықтандыруға арналған қондырғы мен сары түсті тең жақты үшбұрыш түріндегі (жақтары —2500 мм) айырым белгілерін қолдануға жол беріледі;

«Тиектер» — «Ш» әрпі етіп жазылған қызыл түспен жиектелген ұшы жоғары ақтүсті тең жақты үшбұрыш түріндегі (үшбұрыштыңжақтары — кемінде200 мм, жиектіңені — жактың 1/ 10) — тиектелген шиналары бар механикалық көлік құралдарының артында;

«Балаларды тасымалдау» —1.21. жол белгісінің рәмізін қара бояумен бедерлеп қызыл түсті жиекті сары түсті квадраттүрінде (жақтары кемінде250 мм, жиектің ені —жақтың 1/ 10) — балалар тобын тасымалдау кезінде автобустардың немесе жүк автомобильдерінің алдынан және артынан;

«Саңырау жүргізуші»—диаметрі40 мміштен үш қара шеңбер жүргізілген160 ммдиаметрлі сары шеңбер түріндегі бейнеленгентеңжақты үшбұрыштыңтікбұрыштары орналасқан, оның ұшы төменге қаратылған — мылқау немесе саңырау жүргізушілер басқаратын механи-калық құралдарының алдынан және артынан;

«Оқу көлік құралы» — қызыл түспен жиектелген ұшы жоғары қараған ақтүсті тең жақты үшбұрыш түрінде, онда қара түсті «У» әрпі жазылған (жақтары — кемінде200 мм, жиегінің ені— жақтың 1/10) — жүргізуге оқытуға пайдаланылатын механикалықкөлік құралдарының алдынан және артынан (жеңіл автомобильдің төбесіне екіжақты белгі қоюға жол беріледі);

«Қауіпті жүк» — 690×300 мм мөлшеріндегі ҚР СТ ГОСТ Р 41.104-2001 талаптарына сай жарық қайтарғыш беті бар тік үшбұрыш түрінде оның оң бөлігі 400×300 мм мөлшерінде сарғыш бояумен, ал сол жағы — қара түсті жиекпен ақтүсте боялған (ені —15 мм) және жүктің қау іпті белгілерін сипаттайтын таңбалары бар (19433-88 ГОСТ бойынша) — осындай жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының алдынан және артынан;

«Ірі көлемді жүк» — жарықгық қайтәру үстіңгі бетімен СТ РК ГОСТ Р 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес50 мменіндегі кезектесіп келетін қызыл және ақ диагоналдары бойынша жүргізілген 400×400 мм мөлшеріндегі қалқанша түрінде— ірі көлемді жүктің алдынан, артынан және бүйірінен;

«¥зын өлшемді көліісқұралы» — жарық қайтару үстіңгі беті бар қызыл түсті жиекті (ені—40 мм) сары түсті кемінде 1200 —200 мммөлшеріндегі тік ұшбұрыш түрінде — көлік құралыныңартынан, оныңұзындығы (біртіркемені қоса алғанда)жүгімен немесежүксіз—20 мастам, және екі және одан да көп тіркемелері бар автопоездар. Аталған мөлшердегі белгіні орналастыру мүмкін болмаған кезде көлік құралының осіне симметриялы, кемінде 600×200 мм мөлшеріндегі екі бірдей белгіні орнатуға жол беріледі;

«Мүгедек» — жактауы150 ммжәне қаратүсті 7.17. жол белгісініңрәмізі бейнеленген сары түсті төртбұрыш түрінде — I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектерді тасымалдайтын механикалық көлік құралдарының алдынан және артынан;

Жүргізушінің қалауы бойынша «Дәрігер» айырым белгісі орнатылуы мүмкін — ақ шең-бермен (диаметрі —125 мм) көктүсті төртбұрыштүрінде (жақтаулары —140 мм), оған қызыл крест түсірілген (биіктігі —90 мм, штрихтің ені —25 мм) — дәрігер-жүргізу басқа-ратын автомобильдің алдынан және артынан;

9. Авариялық тоқтату белгісі 24333-97 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес келуі тиіс. Ережелердің 7-бөлімніңталаптарына сәйкес қолданылатын фонардан сәулеленетін жыпы-лықтаушы қызыл түс күндіз ашық ауа райында және жеткіліксіз көрінім жағдайларында жақсы айырымдалуы тиіс.

10. Қазақстан Республикасы Көлік құралдарын «К2″ ерекшелеу белгісі 783К01-95 РД басшылық нормативтік құжатына сәйкес келуі тиіс. Белгі жеңіл автомобильдердің, шағын автобустар мен автобустардың артқы әйнегінің жоғарғы оң жағына желімденеді немесе орнатылады, ал қалған көлікүшін—артқы панелініңоңжақбөлігінде—орнатылады.

11. Механикалық көлік құралдарын сүйреу кезіндегі икемді байланыстыру буындарды таңбалау үшін ескерту қондырғылары жарық қайтару үстіңгі беті бар50 мменді жолақтар-мен кезектесіп келетін қызыл және диагоналдар бойынша екіжақтан жүргізілген 200×200 мм мөлшеріндегі қалқаншалар түрінде орындалуы тиіс.

Икемді байланыстырушы буынға кемінде екі ескерту қондырғысы орнатылуы тиіс.

12.Қатты үйрету қондырғысының конструкциясы 25907-89 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

13. Мыналарғатыйым салынады:егер олардыңтехникалықжай-күйі менжабдығы көлікқұралдарын пайдалануғатыйым салынатын ақаулықтармен жағдайлары тізбесінің талаптарына жауап бермесе автомо-бильдерге, автобустарға, автопоездарға, тіркемелерге, мотоциклдерге, мопедтерге, трак-торлар мен өзі жүретін машиналарға (қосымшаға сәйкес);

олардың құрамында жүруге арналмаған тіркемелі автомобильдерге;

техникалық пайдалану ережелері бойынша бір ақаулығы болған кезінде де троллейбус-тар мен трамвайларға;

мемлекеттіктехникалыққараудан өтпеген, сондай-ақтиісті рұқсатсыз қайта жабдық-талған көлік құралдарына;

иелері заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерініңжауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамаған көлік құралдарына;

жол полициясының рұқсатынсыз жарқылдақ жарық беретін және арнайы дыбыстық белгілермен, жол полициясымен келіспей қораптың бүйірінің жоғарғы жағына көлбеу ақ жолақпен, белгіленген орындарындатіркеу нөмірлерін бекітусізтүйіндермен агрегаттардың немесетіркеу белгілерініңжасырын, қолданжасалған, өзгертілген нөмірлеріменжабдықталған көлік құралдарына;

алдында және артында «Қауіпті жүк» белгісі жоқ, қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарына.

14. Көлік құралдарыныңтехникалықжай-күйі мен пайдалануына жауапты лауазымды және өзге де адамдарға:

оларды пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтары бар көлік құралдарын жолға шы-ғаруға немесетиісті рұқсатсыз жабдықталған, немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген, немесе мемлекеттіктехникалық қараудан өтпеген, сондай-ақ иелері заңнамада белгілен-ген жағдайларда көлік құралдары иелерініңжауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және/немесежолаушылардыңалдындатасымалдаушыныңжауапкершілігін міндеттісақ-тандыру шартын жасамаған көлік құралдарын жолға шығаруға;

масаңдық (алкогольдік, есірткілік немесе өзге) күйінде, құлақ асу мен назар аударуды нашарлататын, дәрі препараттарыныңәсеріндегі, қауіпсіздігіне қатертөндіреін аурулы не-месе шаршаған күйдегі қозғалыстың жүргізушілёрді, немесе осы санаттың көлік құралын басқару құқығы жоқадамдарды көлік құралын басқаруға жіберуіне;

асфальтті — және цементті — бетонды жабын жолдар бойынша шынжыр табанды тракторлар мен өзі жүретін машиналарды қозғалысқа жіберуіне тыйым салынады.

 

15. Жолдардың, темір жол өтпелерінің және басқа да жол құрылғыларының жай-кұйіне жауапты лауазымды және өзге де адамдар:

стандарттардың, нормалардың және ережелердің талаптарына сәйкес жолдарды, темір жол өтпелері мен басқа да жол құрылыстарын қозғалыс үшін қауіпсіз жай-күйде ұстауға;

қозғалысқа кедергі келтіретін кедергілерді уактылы жоюға, оларды пайдалану жол қоз-ғалысыныңқауіпсіздігіне қатертөндіретін кездердежолдардыңжекелеген учаскелерінде қозғалысқа тыйым салу немесе шектеу, шараларын қолдануға міндетті.

16. Жолдардағы жұмыстардың жүргізілуіне жауапты лауазымды және өзге адамдар жұмыстарды жүргізу орындарында қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Осы орындар, сондай-ақжолдың шегінен алып тастауға болмайтын жұмыс істемейтін жол машиналары, жұмыстар аяқталған соң қалған құрылыс материалдары, конструкциялар мен соған ұқсастартиісті белгіленген нормалармен бағыттаушы және қоршаушы қондырғ-ылармен, жол белгілерімен, ал тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көрінім жағ-дайларында қосымша қызыл немесе сары белгілік оттармен таңбалануы тиіс.

Жұмыстар аяқталған соң жолда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысының жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс.

17. Тиісті лауазымды және өзге адамдар қолданып жүрген зандарда көзделген жағдайларда белгіленген тәртіппен жол полициясымен және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен:

қалаларда және автомобиль жолдарында жол қозғалысын ұйымдастырудың жобаларын, жолдарды қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарымен жабдықтауды;

құрылыстардың, жолдарды қайта жаңарту, жол құрылыстарыныңжобаларын;

жолдың тікелей жақын маңында көрінімді нашарлататын және жаяу жүргіншілердің қозғалысын қиындататын киоскілерді, транспаранттарды, плакаттарды, жарнамалық қалқандарды және осыған ұқсастарды орнатуды;

қозғалыс маршруттарын және маршруттық көлік құралдарының аялдамалық пункттерін орналастыруды; жолдарда бұқаралық, спорт және өзге шараларды жүргізуді;көлік құрапдарын қайта жабдықтауды, оларға көлік құрапдарының қораптарының бүйірінің жоғарғы жағына көлбеу ақ жолақтар жүргізуді, оларға арнайы түстік және дыбыстық белгілерді орнатуды; ауыр салмақты, қауіпті және ірі көлемді жүктерді тасымалдауды; жалпы ұзын-дығы20 мастам көлік құралдарының (бір-тіркемені қоса алғанда) немесе екі және одан да көп тіркемелері бар автопоездардың қозғалысын;

жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша мамандарды, жүру бойынша нұсқаушылар мен жүргізушілерді даярлау бағдарламасын;

оқулықжүру тыйым салынатынжолдардыңтізбесін;

жолда көлік құралдарының немесе жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіретін кез келген жұмысты жүргізуді келіседі.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы