Скачать/Жүктеу
Мұғалімдер, тəрбиешілер, мектеп жетекшілерінің біліктілігін (квалификация) көтеруге басшылық – білім саласындағы басқару қызметі бағыттарының маңызды да мəнділерінің бірі. Бұл қызмет төмендегідей аса маңызды əрі қажетті бірліктерден құралады:
- мұғалімдер жəне тəрбиешілердің оқушылармен жүргізетін оқу-тəрбие жұмыстарының формалары мен əдістерін пайдалану жəне қолдану шеберлігін жетілдіру, үздіксіз күрделене дамудағы білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз ету;
- мектептегі оқу-тəрбие процесінің мүмкіндігінше жоғары деңгейде жабдықталуы мен барша деңгейдегі жаңашыл-жасампаз іс-əрекеттердің орындалуына жағдай жасау;
- мектептің даму бағытын айқындауға байланысты педагогикалық ұжым қызметіне дем беріп, оны жетілдіру;
Кəсіби қызметінің барысында барша мамандар өз педагогикалық шеберлігін арнайы курстарда, семинарларда, біліктілік көтеру мекемелерінде жетілдіріп баруы міндетті. Бұл мақсатта келесідей іс-шаралар ұйымдастырылуы мүмкін:
- негізгі жұмыс орнында үзіліссіз өткізілетін қысқа мерзімді тақырыптық оқулар (соңғы емтихан, сынақ не нақты кəсіби қызмет мəселесіне орай реферат қорғаумен бітеді);
- сала, ұйым, мекеме деңгейінде жүргізілетін тақырыптық не проблемді орташа мерзімді семинарлар (жұмыстан үзіліссіз);
- мамандардың кəсіби қызмет бағытында біліктілік көтеру мекемесінде ұзақ мерзімді оқуы.
Жаңа бағдарламалар бойынша қосымша білім жəне ептіліктер игеру жəне кəсіби қызметке орай жаңа мазмұн мен соны технологияларды меңгеру үшін кəсіби қайта дайындық (екінші мамандық алу) оқулары ұйымдастырылады.
Қайта дайындық нəтижелері бойынша кəсіби іс-əрекеттің белгілі саласында жұмыс алып бару құқығына кепіл мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Елде қабылданған мұғалімдердің кəсіби дайындығын жетілдіру жүйесі – сараптау (аттестация) – педагогтар мен мектеп басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды да тиімді құралы есептеледі. Сараптау мақсаты- кəсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тəрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашыл ынта дамыту, сонымен бірге нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекеленген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың əлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Бұл орайда мұғалім жұмысының сапасы мен оның еңбек ақысы арасындағы сəйкестікті ұстану көзделген.
Кəсібилік деңгейіне сəйкес педагогтың біліктілік категориясын тағайындау да осы сараптау қызметінің нəтижесі.
Сараптау принциптері: еріктілік, жариялылық, жүйелілік жəне тұтастық, шынайылылық.
Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы- оның нəтижелілігі жəне оқу-тəрбие процесінің сапасы – есепке алынады. Ол əр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі.
Біліктілік категориясын иемдеуге байланысты өз сараптау мүмкіндіктерін мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау формаларын таңдауға құқылы: дəрістер тобын көрсету, сыныптан тыс оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтихан» (əңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік немесе тəжірибе-эксперименттік жұмысты қорғау жəне т.б.
Категория иемдену үшін сараптан өтуді қаламаған мұғалімдердің жалақысы тариф негізінде білімі жəне еңбек стажына орай белгіленеді.
Кей жағдайда нақты мұғалімнің біліктілік деңгейі мен оның тағайындалған қызметіне сəйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы əкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де өткізілуі мүмкін.
ҚР Білім жəне ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылдаған «Мемлекеттік жəне жеке меншік білім мекемелерінің педагогикалық жəне басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелеріне» сəйкес үш түрлі сараптау комиссиясы түзіледі:
- бас сараптау комиссиясы – республикалық деңгейдегі басқару органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында түзіледі;
- аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия – жергілікті жердегі білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;
- білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы – оның педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады.
Əр комиссия өз құзырына сай мəселелерді шешеді. Сараптау комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі – біліктілік категориясын тағайындау. Қазіргі күнде əрекеттегі Ережелерге орай үш біліктілік категориясы белгіленген:
- ең жоғары , оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;
- бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия тағайындайды;
- екішші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан беріледі.
Мұғалім не басшы қызметінің бағамы, екі кешенді көрсеткіштер бойынша іске асырылады: қызмет нəтижелерін қорытындылау (шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік не тəжірибе-эксперимент жұмыс түрінде) жəне практикалық іс-əрекеттің эксперттік бағамы əртүрлі баламадағы психикалық –педагогикалық экспертиза).
Категория құжаттық материалдар (стаж, мінездеме, мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстарын өткені жөніндегі сертификат) негізінде беріледі.
Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдасуымен, қойылатын талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау жəне эксперттеу əрекеттерімен, іскерлік жəне көңілге қонымды жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы жəне тактикасын белгілеуде маңызды рөл атқарады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. — 369 бет.
Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. — 460 бет.
Педагогика және психология сөздігі. — Алматы, 2002.-254 бет.
Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет