Мектепті басқарудың негізгі функциялары


Скачать/Жүктеу

Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.

Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері — аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығарма-шылық болып табылады.

Мектеп басшысы басқару мәдениетінің аксио-логиялық компоненттері. Қазіргі заманғы мектепті басқарудың маңызы мен мәні болып табылатын басқару-педагогикалық құндылықтардың жиынтығын құрайды. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысын-да олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.

Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.

Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;

Құндылық-сапалар басқарудың субъективтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар бастықтың өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақ-тасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді.

Мектеп директорының басқару мәдениетінің техно-логиялық компоненті педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспар-ластыру, педагогикалық процесті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байланысты. Мектеп дирек-торының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты.

Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру арқылы ашылады. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.

Тұтас педагогикалық процестегі педагогикалық талдаудың рөлі.       Тұтас педагогикалық процесті басқару функцияларының бірі педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық талдау функциясын қазіргі ұғымда алғаш рет қолданып, мектепішілік басқару теориясына енгізген Ю. А. Копержевский еді.

Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бір-бірімен байланысқан функция-лардан тұратын кез-келген басқару циклы талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Басқару қызметінің жалпы тізбегінен педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуіне жол береді, өйткені жоспарластыру, ұйым-дастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегінде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды.

Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесі нде ті келей емес, оқу-тәрбие барысында іске асырылатын болғанықтан мұғалім сабақ, тәрбиелік туралы өткізер алдында соған тікелей қатысты болатын педаго-гикалық жағдайдың негізгі элементтерін ескеруі және жан-жақты талдауы тиіс. Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргізілген талдау мектеп директорының мақсатын белгілеп, міндеттерді айқындау кезеңде қателікке, шашыраңқылыққа, көбіне негізсіз шешім қабылдауға душар етеді. Педагогикалық немесе оқушылар ұжымында шынайы жағдайды білмеу педагогикалық процесте және өзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар тұғызады.

Педагогикалық талдаудың мектепті басқару функ-циясы ретіндегі негізгі қызметі Ю. А. Копержевскийдің пікірінше педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерін объективті бағалап, соның негізінде басқарылатын жүйелі жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ. Бұл функция — басқару циклының құрылымындағы ең күрделісі, өйткені, талдау зерттеу объектісін бөлшектеуді, оның әрқайсы-сының орны мен рөлін бағалауды, жеке бөліктен тұтас объектіні тани алуды, жүйе құрушы факторлердің байланысын анықтауды қамтыды. Басқа функциялар мен, мысалы жоспарластыру және ұйымдастыруға қарағанда сырттай тиімділігі төмен болып көрінетін педагогикалық талдау жасырын, көлеңкелі сипат алады, сондықтан ол тұлғадан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педаго-гикалық факторлер мен құбылыстарды талдау үшін ақыл-ойды барынша ширатуды талап етеді.

Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны

Мектепішілік басқарудың теориясы мен практика-сында (Ю. А. Копержевский, Т. И. Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың негізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не талданады) қарай оның көп-теген түрлері кездеседі. Солардың арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрді бөліп атауға болады.

Параметрлік талдау оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемші-ліктердің себебін анықтауға бағытталды. Параметрлік талдау барысында тұтас педагогикалық процестің барысына өзгерістер мен түзетулер еңгізіледі. Параметрлік талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімі, сыныптағы, мектептегі бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа, сыныптан тыс шараларға қатысу, мектептің санитарлық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы және т. б. сияқты мәселелерді қамтиды. Соның ішіндегі мектеп директоры мен оның орынбасар-ларының негізгі жұмысы сабаққа және сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, жүйелеп, қорыту тақырыптың педагогикалық талдауға негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда параметрлік талдау — фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның қалыптасу себебін анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нәтижелері және соның негізінде қабылданған шешім шұғыл түрде іске асыруды қажет етеді.

Тақырыптық талдау педагогикалық процестің барысында барынша тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадай кешенді мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалып-тастыру; мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің адамгер-шілік, эстетикалық, дене, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі; мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру; мектепте кановациялық орта қалыптастырудағы педұжымның рөлі және т.б.

Параметрлік талдау негізіне сүйене отырып, тақырыптық талдау барысында мектеп басшылары қорытынды талдаудың мазмұны мен технологиясын негіздейді.

Қорытынды талдау уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да барынша кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклының барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшін мәліметтер параметрін, тақырыптық талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, мұғалім-дер, сынып жетекшілері, қоғамдық ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады.

Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері

өз бойына балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық мақсаты, міндеті, мазмұны, түрлері мен тәсілдерін жинақтаған педагогикалық талдаудың негізгі объектісі ең алдымен сабақ, сыныптан тыс шаралар және мектептің оқу жылының қорытындысы. Педагогикалық талдаудың барлық объектісін біріктіруші — ортақ әдістемелік жүйе болып табылады.

Мектепті басқарудың қызметі ретінде педагогикалық талдаудың жүйелік ыңғайының әдістемесі мен қисыны мынадай әрекеттердің сабақтастығынан аңғарылады: -сабақты, тәрбиелі шараларды немесе оқу жылына барынша жалпы жүйелік бөлігі ретінде қарастыру, яғни олардың рөлін сабақтар, тәрбиелік шаралар жүйесіндегі және осы оқу жылын өтпек, болашақ оқу жылдарымен салыстырғанда алатын орнымен айқындау;

-(педұжым, оның педагогикалық мәдениет деңгейі, мектептегі моральдік-психологиялық ахуал және т.б.) тиімділігін айқындайтын жиынтық факторларды табу;

-   оқу жылында жоспарластырған жұмыстардың негізгі бағыттарының мазмұны мен түрін, әдебиеттің мақсат-тылығы мен негізділігін айқындау;

-  оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тәрбиелік шаралар нәтижесін талдау;

-  оларды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жетістіктердің негізгі себептерін айқындау;

-  жаңа оқу жылында жүргізілетін кешенді жұмыстарды жақсартуға ұсыныстар мен қорытындылар жасау.

Мектеп басшыларының үнемі назарында болатын нысан — сабаққа қатысу және оған педагогикалық талдау жасау. Мектептің даму тарихында басшылардың сабаққа енуінің ақылға сиятын да, сыймайтын да нормативі болды. Бірақ, қатысқан сабақтың соңы оған жасалған талдаудың сапасына тікелей әсер ететіндігі ақиқат.

Мектеп басшыларының басқару қызметінде сабаққа талдау жасаудың кеңейтілген, қысқа және кезендік түрлері кеңінен қолданылады.

Сабаққа кеңейтілген педагогикалық талдау жасау сабаққа қойылатын тәрбиелік, дидактикалық, психология-лық, санитарлық-гигиеналық талаптардың барлығына тоқталуды қажет етеді. Талдаудың бұл түрі жұмысты жаңа бастаған мұғалімдерге, белгілі бір қиындыққа тап болған мұғалімдерге немесе іс-тәжирибесі арнайы зерттелетін мұғалімдердің сабағына баға беруде қолданылады.

Сабаққа қысқа талдау жасау директор, оқу ісінің меңгерушісі немесе әдіскер тарапынан ұсыныс не ескерт-пені барынша объективті етіп беруді талап етеді. Сабаққа қысқа талдау жасау -атүсті талдау, немесе сабаққа көз алдау үшін қатысу емес, талдаудың бұл түрі мұғалім тұлғасын жақсы білу, жоғары әдістеменің және басқару мәдениетін талап етеді.

Кезеңдік талдау сабақтың белгілі бір кезеңін, мысалы оқушылардың таным белсенділігін артыруда көрнекілік қолдану, немесе мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру жұмысы, немесе сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жасау еркшелігін қамтиды.

Мектеп басшысының талдамалық қызметі нде тәрбиелі к шараларға педагогикалық талдау жасау маңызды орын алады. Бұрын атап өтілгенді, тәрбиелік шаруалар іске асу процесінде балалар қатысатын ұйымдық, пәндік, шығармашылық әрекеттер сияқты бір-бірімен өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады.

Тәрбиелік шараларға педагогикалық талдау жасаудың қисыны оның кезендерінің бірізділікпен іске асуынан көрінеді. Кезеңдердің бірізділігі былай іске асады: тәрбиелік шараның мақсатымен міндеттерін, іске асыру түрін бірлесіп дайындау; бірігіп жоспарластыру; оқушы-лардың дайындыққа тартылуы және мұғалімдердің педагогикалық басшылығының ерекшеліктері; тәрбие ісін тікелей жүргізу; бірлесіп қорыту және талдау жасау.

Мектептің және оның басшыларының жұмыс тәжирибесін зерттеу тәрбие ісіне педагогикалық талдау жасаудың барысында мынадай мүмкін мәнді нұсқа ұсынуға болады:

Тәрбие ісін мақсатына талдау;

Тәрбие ісінің тақырыбына, осы іске асырудың түріне талдау, аталған шараның сынып, мектептік тәрбие жүйесіндегі орнын анықтау;

Тәрбиелік істің өтетін орнын бағалау, аудиторияны безендіру, пайдаланылатын құралдардың сапасы мен күтімі;

Тәрбиелік істің әрбір кезеңіне талдау (кезекшінің тәрбиені міндетті іске асыруы, кезек міндеттерінің мазмұнға сай келуі қолданылған әдістердің тиімділігі, кезең нәтижесінде талдау);

Тәрбиелік шараның оқушы тұлғасына дербес ықылас, оның балалар ұжымын қалыптастыру, өзін-өзі басқаруын дамытуына талдау;

Мұғалім, сынып жетекшісінің қызметіне, педагогикалық шеберлігіне тәрбиешінің тәрбие процесін басқарудағы біліктілігі мен кәсіпқойлығына, беделі, педагогикалық әзірлігіне баға беру;

Тәрбие ісінін жүргізудегі кемшіліктері оның себептері;

Сынып жетекшісіне, мұғалім мен тәрбиешіге тәрбие процесін жетілдіруіне ұсыныс, ақыл-кеңес беру.

Мектептің оқу жылында атқарған жұмыстарының қорытынды талдауының негізгі мазмұнын мынадай басты бағыттар құрайды:

Оқыту сапасы — мұғалімдердің қажеттік дайын-дығының дамыта оқыту талаптарына сай

болуы;

Білім беру бағдарламалары мен стандарттардың орындалуы; оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдану; сабақтың тәрбиелік мүмкіндігін іске асыру; тұлғалық ерекшеліктер мен дербестік нышандарды дамыту; оқушылардың білім, дағды, іскерлігін бағалаудың шараларын сақтау;

Оқушылардың білім, іскерлік дағдысының сапасы — көлемі, тереңдігі, жүйелілігі, түсініктілігі, танымды-лығы; оқушылардың жалпы білім берудің барлық сатысындағы білім сапасы; оқушылар біліміндегі типтік олқылықтар мен олардың себептері; оқушылардың компьютерлік білімі және т.б.

Оқушылардың тәрбиелік деңгейі; мектептегі әдістемелік жұмыстың жағдайы мен сапасы;

Ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен тиімділігі;

Оқушылар денсаулығы жайлы санитарлық-гигиеналық мәдениет;

Мектеп кеңесінің, педагогикалық кеңес қызметінің нәтижелігі; он бір жылдық оқу және тәрбие циклындағы мектеп жұмысы; мектептің есепті баяндамасы.

Қорытынды талдау жасау оның объективтілігі, тереңдігі, перспективлігі жаңа оқу жылының жоспарын жасауға дайындық қызметін атқарады.

Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, тәрбиеленушілердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс.

Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол педагогтің де, оқушының да әрекеттін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты — жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.

Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелігі бұл жерде қоғамның объективті талаптарын білу жеткіліксіз.

Бір жерде басқару әрекетінің жалпы мақсаттарын оқушылардың жас ерекшелігі мен дербес-психологиялық ерекшеліктерін ескеріп белгілеу орынды. Жалпы мақсатты жан-жақты тармақталған «ағашқа» теңейтін болсақ »басты» мақсат оның діңі болып шығады. Сондықтан оның педагогикалық процестің басты мақсаты жекелеген мақсаттардың іске асуы есебінен нәтиже беретінін ұмытпау қажет.

Сапалы түрде мақсат белгілегенде директормен бірге мұғалімдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, оладың әрқайсысының педагогикалық процесте белгілі бір құқық, міндет, жауапкершілік арқалауына жағдай жасайды.

Мақсат қоюды осылай түсіну кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыратын жоспарластыруға мүмкіндік береді. Кешенді мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарының қысқартылған моделі емес, ол мектептің жалпы жоспарынан бөліп алынған барынша маңызды 3-4 мәселені нақтылана түскен бөлігі.

Бұндай мақсатты бағдарламаның мазмұнын айқындайтын қысқаша түсініктемесі болады; оның жалпы мектептік жоспардағы орны; басты мақсаты, міндеттер жүйесі; мақсатқа жету көрсеткіштері; орындалу мерзімі; міндетті орындауды басқарудың мәліметпен қамтамасыз етілуі; бағдарламаның орындалуын бақылау; қорытынды талдау; бағдарламаны орындауға енгізілген түзету.

Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы істерді шешуге бағытталуы

мүмкін. Осыған байланысты мектеп жұмысының жоспарын перспективалық, жылдық, ағымдағы деп бөліп қарастырамыз.

Мектеп жұмысы жоспарының түрлері және оған қойылатын негізгі талаптар

Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын,
үздіксіз-дігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең алдымен
мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегеніміз белгілі бір
мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәні педагог және оқушылар ұжымы
жұмысының негізгі бағыттарын дамытып және тереңдетіп, мектеп жұмысының барлығы
тәжірибесін есепке алу деген сөз.                             Бұл мұғалім, сынып жетекшісі, қоғамдық ұйымдар

әрекетіне және мақсаттар қою болып табылады.

Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлы-лығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал, жоспарластыруға қойылатын комплекстілік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол мектеп қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.

Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесінің жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, мектеп-тегі өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлес-пеушілікке апарып соғады. Мектептердің тәжирибесі көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді.

Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.

Перспективалық жоспар мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады. Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:

1. Жоспарластырған мерзімдегі мектептік міндеттері.

2.    Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің
перспективасы.

  1. Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация еңгізудің перспективасы.
  2. Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
  3. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру (МБЖИ, курстар, семинарлар, тренингтер және т.б.)
  4. Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту (құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер жабдықтары, кітап қорын толықтыру, кабинет безендіру).
  5. Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.

Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші оқу тоқсаны) мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теория-лық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатын-дағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші оқу тоқсаны) директордың басшылығымен жоспар, жобасы-ның құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде (үшінші оқу тоқсаны) жинақталған мәліметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындылықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртініші кезеңде (төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.

Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша жоспарлардың негізгі түрлері педагог, оқушы және ата-аналар ұжымдарының әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекші-лерінің жұмысы үшін стратегиялық жоспар болып табылады.

Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмүны

Мектептердің жылдық жоспарларының түрлі нұсқаларын жинақтай келіп, жоғарыда жоспарластыруға қойылған талаптарды ескеріп, жылдық жоспардың мынадай үлгі жоспарын көрсетуге болады:

  1. Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқу жылының міндеттері.
  2. Мектеп ұжымының жалпы білім қорының жұмысын атқаруы.

Жұмыс жоспарының бұл бөлігінде мектеп мөлтек ауданы анықталады, нақты мектептанту мүмкіндігі ескеріледі. Мектеп оқушылардың жалпы орта білім алуына бағытталған шараларды жоспарластырады. ҚР »Білім туралы» заңның баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар бойынша баланың құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету мәселелері де қамтылады. Педұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында балалардың дербес-шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы тиіс.

3.  Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі

Оқушы мен мұғалім қызметінің барлық саласын қамтитын болғандықтан жоспардың бұл бөлімінің көлемі барынша мол болады. Бұл, әсіресе, білімнің, дағдының іскерліктің сапасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру және жіктеу болып табылады. Сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, оқушы тұлғасының мәдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметінің алуан түрлілігі оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың »Бала құқықтары туралы Б¥¥ Конвенция-сына» сәйкестігі.

  1. Мектептің, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстары. Мектептің ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудегі жұмыстары. Бұл жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық орталық бірлескен әрекетіндегі мектептің ұйымдастырушы орталық ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы мен мектеп кеңесінің жұмысы, педагогикалық лекторийлер, жалпы мектептік педагогикалық конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар үшін ашық есік күндері енеді. Ата-аналарды үйірме, секция, студия және т.б. қоғамдық жұмыстарды жетекшісі ретінде оқушылардың тәрбие жұмыстарына тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргізу де осы бағыттың мазмұнын құрайды.
  2. Педагог кадрлармен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, олардың кәсіптік дайындығының деңгейіне баға беруде информатика мен ЭЕТ құралдарын пайдалану, мектеп ұжымының жалпы мектептік ғылыми-әдістемелік мәселелермен — семинар, конференция, педоқу, әдісте-мелік кеңес отырыстары, педагогикалық кеңес өткізу. Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жұмысын жолға қою. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері қызметінің мазмұнын айқындау. Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратуға басшылық жасау. Мектепте инновациялық орта қалыптастыру, педагогикалық инновацияны бағалау және енгізу.
  3. Мектепішілік бақылау жүйесі. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы іс-әрекет бағдарламасы қарас-тырылады.
  1. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мектептің материалдық құндылықтары, оқытудың техникалық құралдары, оқу құралдарын түгендеп отыру жыл бойына жоспарластырылады. Оқу кабинеттерін безендіру және қайта жабдықтау. Ұзартылған күн тобы мен 6 жасар балалармен жүргізілетін сабақ жұмыстарын жетілдіру. Спорт, туризм, техникалық шығармашылықпен айналысудың материалдық-техникалық базасын нығайту. Мектеп кітапханасының қорын толықтыру. Мектепті ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізудің бағдарламасы.
  2. Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Жоспардың бұл бөлімінде мектеп кеңесі отырысының, педагогикалық кеңестің,өндірістік жиынның тақырыптары жазылады. Мектеп басшылары арасында міндет бөлісіледі, мектептің біртұтас жұмыс тәртібі, кезекшілік кестесі анықталады, оқу жүктемесі, сынып жетекшілігі, кабинет меңгерушілігі және т.б. бөлініп беріледі.

Біртұтас басқару циклында жоспарластыру қызметін іске асыру мектеп қызметінің тиімділігін арттырады.

Қабылданған шешімдерді іске асыруда оған қажетті жүйені іске қосу, оның түрлі компоненттерінің өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру кезеңі қажет. «Ұйымдастыру» ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, өткізілген сабақтың сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тәрбие процесінің немесе оның бір бөлігінің жағдайына берілген баға ретінде қолданылады. Екіншіден, ұйымдастыру ұғымы мектеп басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының белгіленген жоспарды іске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, жалпы тұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады.

Адамның ұйымдастырушылық қызметі өзінің табиғатынан нақты жағдайда психологиялық­педаго-гикалық білімдерді шұғыл қолдана алуға негізделген практикалық қызмет. Әріптестермен, оқушылармен тұрақты түрде өзара байланыста болу ұйымдастырушыл-дық қызметке біршама танымалдық бағдар береді. Ұйымдастыру қызметін жетілдіруді жоспарлауда мектеп басшысы тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру, мектеп менеджерлерін дайындау жүйесі сияқты мектепішілік менеджмет идеяларын қолдану мүмкін.

 Ұйымдастыру қызметі

қабылданған шешімдерді іске асыруға бағытталады. Ал оны нақты — мұғалімдер, балалар, ата-аналар, жұртшылдық өкілдер атқарады. Сондықтан кез келген істі ұйымдастырғанда оны адамдық фактордың мүмкіндігін пайдалану және іске асыру тұрғысынан бағалаған орынды. Ұйымдастырушы орындау-шыларды алдын ала іріктеу, оларды жұмыс орны, уақыты және ұжымдық іске қатысу реттілігімен бөлу сияқты мәселелерді шешеді. Алдағы іс-әрекеттің мазмұнын, түрі мен әдістерін таңдауда нақты жағдай мен орындау-шылардың мүмкіндігін арақатынасын айқындау қажет.  Бұл жерде нақты жағдай ретінде әрекетке қажетті еңбек заттары мен құралдары, олардың орналасуы мен өтетін орны және т.б. компонеттерді атауға болады. Басшының ұйымдастыру қызметінің құрамында алдағы әрекетті дәләлдеу, нұсқау беру, тапсырманы орындаудың қажеттілігіне деген сенім қалыптастыру, педагогикалық және оқушылар ұжымы әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, әрекеті ынталандырудың ең тиімді формасын таңдау маңызды орын алады. Сол сияқты басшының ұйымдас-тырушылдық қызметінде нақты істің барысы және нәтижесін бағалау да аса қажет сапалардың бірі. Сонымен бірге мектеп директорының ұйымдастырушылдық қызметі педагогикалық ұжымды, пікірлестер ұжымын қалыптастыруға бағытталады. Бұл жұмыста басшының кәсіпқойлық, жалпы және педагогикалық мәдениеті, мектептің, оқушылар мен мұғалімдер қызметіне деген қызығушылығы, міндет қоя білу және іске асыруға қол жеткізе алу сияқты жеке қасиеттері маңызды рөл атқарады. Басшының ұйымдастырушылық мәдениетінің ендігі бір көрсеткіші-өзінің және қарамағындағылардың уақыттарын барынша тиімді етіп жоспарлау. Бұл жерде мектеп директорының әкімшілік қызметпен бірге белгілі бір пәннің мұғалімі ретінде педагогикалық қызметпен де айналысатындығын ескеру керек. Директордың негізгі уақыты әкімшілік қызметіне жұмсалады, бірақ оның педагогикалық қызметі өзге мұғалімдерге үлгі болатындай болу керек, сонда ғана директор ұстаздардың ұстазы бола алады. Бұл жағдай сабаққа дайындалуға, жаңа психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқуға көп уақыт бөлуді талап етеді. Сондықтан да уақытты мақсатты түрде пайдалана білу шеберлігі — мектеп директорының, мұғалімнің еңбегін ғылыми ұйымдастырудың негізі. Әсіресе мұғалімдердің де, басшылардың да жүктемесі шамадан тыс артып отырған кезде бұл әрекеттің маңызы арта түседі.

Мектепте басқару қызметінің ұйымдастыру шаралары. Мектептегі басқару қызметін ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретінде мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңес, әдістемелік семинар, комиссия, клуб мәжілістері, оқушылар комите-тінің отырыстарын атауға болады. Ендігі кезекте мектептің педагогикалық кеңесінің ұйымдастырушылық қызметіне мектептің педагогикалық кеңесінің құрамы, құрылымы және оның қызметінің мазмұнын мектеп Жарғысы анықтайды. Педкеңестің жұмысына педагогикалық қызметкерлер ұжымы сайлайтын төраға басқарады. Мектеп кеңесі мен педкеңес бірін-бірі қайталамайды, олар бірін-бірі толықтырады. Педагогикалық кеңес -тікелей оқу-тәрбие процесімен және оны жетілдіру мәселелерімен айналысатын, бір педагогикалық ұжымда жұмыс істейтін кәсіпқойлардың кеңесі. Педагогикалық кеңестің қызметі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады; Мемлекеттік стандарт талабына сай оқу бағдарламаларын, жоспар-ларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талқылау, бағалау және таңдау, сол сияқты оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын талқылау; Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілері-нің біліктілігін арттырудағы шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық ұжымда инновациялық орта қалыптастыру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және насихаттау жұмыстары; Педагогикалық қызметкерлерді мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың пікірін ескере отырып аттестациялау өткізу, аттестация технологиясын жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізу, білім басқармаларының алдына категориалар, атақтар мен разрядтар беру туралы өтініш жасау; Тәжірибеден өту, біліктілік көтеру курсына, аспирантураға жіберетін мұғалімдердің кандидатурасын талқылау және бекіту, озат мұғалімдерді әртүрлі моральдық және материалдық көтермелеу шараларына ұсыну; Мектептің ғылыми-зертеу мекемелері және оқу орындарымен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен, шығармашылық одақтармен өзара байланысының негізгі бағыттарын анықтау; тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру, мектеп құрылымында әдістемелік қызмет, орталық құру. Педагогикалық кеңес демократия-мен жариялылық жағдайында — дайындыққа мұғалім-дерді, оқушылар мен ата-аналарды қатыстыру арқылы өтеді. Педкеңесті өткізудің алдында сұрау салу, анкеталау, бақылау жұмысы, байқау өткізілуі мүмкін. Педкеңес мәжілісіне мектеп өмірі мен қызметінің принципті мәселе-лері еңгізіледі. Педкеңес мәжілісінің жүгін жеңілдету үшін мектептерде ұйымдастырудың директор жанындағы кеңес формасы қолданылады. Мектеп директоры жанындағы кеңес мұғалімдер, басшылар үшін міндетті болғандықтан онда оқу-тәрбие процесін ұймдастыруға тікелей қатысты мәселелер талқыланады. Ондай мәселелер қатарында оқу үлгерімі ішкі тәртіптің сақталуы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруды атауға болады. Директор жанындағы кеңесте жекелеген мұғалімдердің білім стандартын орындауы, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы жұмысы және т.б. мәселелер қаралуы мүмкін. Кеңестің өткізілуі жиілігін мектеп директоры белгілейді. Мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңесте оның әкімшілік компетенциясына жататын ағымдағы мәселелер қаралады. Бұндай кеңестерді өткізу мектептің тоқсандық немесе айлық жоспарында белгіленеді. Шұғыл ақпараттық кеңес мектепте оқу процесін ұйымдастыруға қажетті форма болып табылады. Оның мазмұны нақты жағдайдан туындайды. Ол бірінғай педагог қызметкерлер немесе тек оқушылар үшін, тіпті екеуіне де бірдей тақырыпта өткілуі мүмкін. Басқару қызметінің ұйымдық формаларын сабаққа және сыныптан тыс сабаққа, спорт жарыстары, кештер мен көркем студияларға қатысу сияқты жұмыстар да толықтырады. Мектеп басшыларының шұғыл ұйымдастырушылық жұмыстары ата-аналар, жұртшылық, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесуді де қамтиды.

Балалардың мектепті басқару ісіне қатысуының тиімді формасы сайланбалы орган-оқушылар комитетінің құрамында жұмыс істеуі. Балалардың оқушылар комитеті-нің түрлі комиссияларына қатысуы мектеп өмірінде демократиялық бастаулардың дамуына, балалардың бойында бастамашылдық пен жауапкершіліктің қалып-тасуына негіз қалап, қабылданған шешімді іске асырудың жеделдігін арттырады.

Мектепті басқарудың ұйымдық формаларын тиімді пайдалану оның дайындық деңгейі мен бағыттылығына тікелей байланысты. Педкеңес, директор жанындағы кеңес немесе ұйымдастырудың шұғыл формалары педагогика-лық процеске қатысушылардың ынтымақтастығы мен мүдделігіне қарай мақсатқа жеткізеді.

Әдебиеттер

  1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
  2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.

3.Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру.   /Методикалық нұсқау. А., 1990.

4.Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.

5.Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

 

6.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.

7.Әбілова З. Этнопедагогика. -А., 1997.

8.Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996.

9.Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987.       тарау.

  1. Болдырев Н. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1980.
  2. Богословский В. т. б. Жалпы психология -А., Мектеп, 1980, 13 тарау.
  3. Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештер. -А., Мектеп, 1968.
  4. Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973.
  5. Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988. 23-тарау.
  6. Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М., 1975.
  7. Внутришкольное управление: Вопросы теории и практики. Под ред. Т. И. Шамовой.
  8. Елеманов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. -А., 1985.
  9. Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. -А., Мектеп, 1975.
  10. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -А., 1985.

20.Ильина Т. Педагогика, -М., 1984 жыл.

21.Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. (11-лекция). -А., 1991.

22.Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. -А., 1983.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы