Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция


Скачать/Жүктеу

Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.

      Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.

                Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.
  2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
  3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.
  4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.
  5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.

Құқық әлеуметтк институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі,көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық тамемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады және оларға кепілдік береді.

Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді.Егер әдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысына бекітілсе,құқықтық нормалар жалпыға мәлім болу мақсатында жазбаша рәсімделе басталады. Құқықтың пайда болуы-әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын әлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары.

Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:

1)    Мононормалардың ( алғашқы қауымдық әдет – ғұрыптардың )әдет құқығының нормаларына айналуы және осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;

2)    Құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – нормативтік актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқық – шығармашылық қызметі;

3)    Сот және әкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден құралған және басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін прецеденттік құқық.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы