WWW, почта және интернеттің басқа сервистеріне тораптық хаттамалар қалай істейді?


Скачать/Жүктеу

ТСР/ІР хаттамасы бірнеше деңгейді пайдаланады, бір компьютерден екінші компьютерге хабар сол арқылы жүреді. Ең төменгі деңгей – физикалық: бұл тораптық адаптерлердің жұмысы, ол компьютерде сақталған ақпараттың өзгермеуін қамтамасыз етеді. Келесі деңгей – мәліметтер пакетін беруді басқару болып табылады. Берудің дұрыстығы ІР хаттамасының бақылауында болады.

Хаттама дегеніміз не?

     Компьютерлік тораптар жүздеген мың және миллиондаған компьютерлерді біріктіре алады. Бұл компьютерелр әртүрлі болуы мүмкін. Осындай компьютердің әрқайсысы басқа компьютерлермен байланысуы үшін олар әр торапқа бір қатынас тілін пайдалану қажет, ол хаттама деп аталады. Хаттама – ереже мен үлгілердің жиынтығы, ол компьютерлердің мәліметтермен алмасуына мүмкіндік береді. Тораптағы барлық компьютерлердің бір хаттаманы қолдануы сіздің ІВМ – тіркесетін компьютеріңіз мұхиттың арғы бетіндегі университеттегі Apple фирмасының Macіntosh компьютерімен байланысуына кепілдік береді.

Хаттамалар деңгейлерге бөлінеді, бір деңгейдегі хаттамалар үйлесімді мәселелерді шешеді. Жоғарғы деңгейдегі хаттамалар өздерінің мәселесін шешуге төменгі деңгейдің функцияларын пайдаланады. Мәліметтер жоғарғы деңгей хаттамасынан мәліметтер арнасының хаттамасына беріледі, әр деңгейде тиісті хаттама мәліметтерге өзінің қызмет ақпаратын қосып жібереді. Ақпаратты ұсақ пакеттерге бөлуі мүмкін, содан кейін ақпарат мәліметтер арнасынан жіберіліп, қайтарда кері ретімен қайтарылады.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы