ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ


Скачать/Жүктеу

Қашықтан оқыту саласындағы әлемдік тәжірибе көп жылдар бойы жиналды, ақпараттық технологиялар базасындағы қашықтан оқыту тәжірибесі өте аз. 90-жылдары қашықтан білім берудің маңызды идеялары, стратегиялары және технологиялары қалыптастырылды. Сонымен, оқыту үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін анықтау қашықтан білім берудің дамуының маңызды стратегиясы болып табылады. Білім беру құнын азайтуға кепілдік бере алады.

Дәстүрлі  емес оқыту формасына көшудің әлемдік тенденциясы оқытудың қашықтан оқыту технологиясы бойынша дайындаумен айналысатын оқу орындарының өсуін көрсетеді.

Батыстың дамыған елдерінде қашықтан білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші орында қашықтан оқыту жүйесінің екі концепциясы тұр: солтүстік америкалық және еуропалық.

         АҚШ-тағы қашықтан оқыту жүйесі. 60-жылдардың ортасынан бастап кейбір америкалық инженерлік колледждер жақын корпорациялардың қызметкерлеріне оқу курстарын көрсету үшін теледидарды қолдануға көшті.  Бұл программалар Ұлттық Технологиялық Университеттің пайда болуына алып келді. Ол Колорадо штатындағы Форт-Коллинз қаласының 40 инженерлік мектептерден тұратын консорциумға айналды. 1100 студент 90-жылдардың басында қашықтан оқыту әдістерімен Ұлттық Технологиялық Университетінің программасын меңгеріп шықты. Оңтүстік Каролина штаты Lotus Learning Space жүйесін қолданады.

Еуропадағы қашықтан оқыту жүйесі. Еуропадағы қашықтан білім беру жүйесі мемлекет қаржыландыратын университеттерде жақсы дамыған.    Соңғы кездері компьютерлік және коммуникациялық технологияларды қолдану кеңінен таралған.

         Қазақстандағы қашықтан оқыту жүйесі. Қазақстанда қашықтан оқыту әзірше дұрыс дамыған, кейбір жоғары оқу орындары оқу үрдісінде оның кейбір элементтерін қолданады. Мысалы, электронды пошта арқылы бақылау жұмыстарын жіберу және қабылдау, жеке жағдайда кейс технологиясын  қолданады.

Мысалы, Қазақстаннның көп жоғары оқу орындарында барлық оқу материалдары студенттерге  CD-дисктерде беріледі. Оны студенттер өз бетінше оқып, тест пен емтиханды күндізгі бөлім студенттері сияқты тапсырады. Содан кейін жаңа материалдарды ала алады.

Қазақ Ұлттық техникалық университетінде студенттер тобы асинхронды режимде өзіндік оқытуға арналған Lotus Learning Space серверінде оқу материалдарын орналастырудың желілік технологиясы бойынша бірінші курстың бағдарламасын оқып шықты. Синхронды режимді қолдану үшін жақсы дамыған техникалық жабдықтармен қаматамасыз ету және оқытушы құрамының арнайы оқудан өткізу керек еді. .

Қазақстан – Ресей университетінде қашықтан оқыту технологиясының элементтерін қолданып, оқытудың инновациялық әдістері қолданылады: слайд-дәрістер, электронды оқулықтар, оқыту программалары, компьютерлік тренинг.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы