Компьютерді тораппен жұмыс істеуге даярлау


Скачать/Жүктеу

Интернет торабымен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші параметрлері мынадай болады:

Wіndows 95  операциялық жүйесі (торап жұмысына Wіndows 98 ыңғайлырақ);

486/66 МГц DX процессоры немесе одан жоғарғы моделдердің бірі; компьютердің жедел жады (RAM) көлемі-8 Мб немесе одан жоғары;

қатты магниттік диск (HDD) көлемі-500 Мб немесе одан жоғары;

модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;

SVGA мониторы;

модем (модулятор-демодулятор);

басқару тетігі.

Қазіргі кездегі тораппен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы:

Pentіum 2/350 МГц немесе AMD K6-2 /350 МГц;

RAM көлемі – 64 Мб;

HDD көлемі – 5000 Мб;

LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;

дыбыстық карта мен акустикалық жүйе;

US Robotіcs модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33.6 Кбит/сек.

Модем дегеніміз – провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның мәліметтерді қабылдау/жөнелту жылдамдығы (бит/с немесе кбит/с-b/s, kb/s) саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы  болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде провайдерлермен ақылдасқан абзал.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы