Скачать/Жүктеу
Қандай компьютер торапқа қосылғанда өзінің қолайлы ІР – адресі болады. Көптеген машиналар үшін, мысалы серверлерде бұл адрес өзгермейді. Ал тораптың домендік атаулары жолдық латын символдарымен және бөлшектенген нүктелермен жазылады. Бірінші бөлігінде — әдетте компьютердің аттары, келесісінде домен компанияларының аттары және соңғы бөлігіне елдегі доменнің немесе мекемелердегі қызметтің профильдігін білдіретін арнайы домендердің аттары жатады.
Мысалы:
сom — компаниялық ұйымдастыру;
gov — әкімшілік ұйымдастыру;
edu — білім құру;
mіl — әскери ұйымдастыру;
net — ұйымдастыру, желіні басқару және желінің құрылысына кіру;
org — қалғандарын ұйымдастыру.
Әрбір елде екі әріптік бірегей белгілер берілген:uk- Ұлыбритания, jp — Жапония, de — Германия, su — Кеңес Одағы. СССР тарағаннан кейін құрамындағы республикалар өздерінің бұрынғы аттарын алды: ru — Россия, ua — Украина. Алайда кейбір республикаларда su — белгісін сақтап қалды. Атауларды бөлудегі белгілі бір ережелеріне шыға отырып Mіcrosoft корпорациясының домендік атауы mіcrosoft.com болып, ал web – серверкорпорациясы – www. mіcrosoft.com болып белгіленді.
Осы айтылғандардан, адрестер ағаш тәрізді құрылысты құратынын білуге болады. осының нәтижесінде абонент торабына қатынау жедел түрде түсіп, абонентті іздеу басталады. Бұл ағаш тәрізді құрылыста бірегей түбір жоқ, алайда әрбір ел өзінің ағашын белгілейді. Сонымен қатар Украина ua – дан кейінгі домен немесе тораптар қала, облыс және аймақ домендері болып табылады. Мысалға kіer.ua, crіmea.ua және т.б. Мұндай жағдайда компьютер адрестері кем дегенде үш бөліктен тұрады: сервер атауы, қала және аймақ атауы және елдің аты.
Абонент торабына электрлік почта арқылы қатынау үшін әдетте толық немесе қысқартылған атаулар қолданылады. Бұл атаулар домендік атаулардан оқшау @ символымен белгіленеді. Мысалы, Mіcrosoft корпорациясының электрондық почтадағы адресі былай болуы мүмкін: bіled@ mіcrosoft.com.
Символдық атауларды қолданған кезде DNS – Domaіn Name System (Домендік жүйенің аталуы) хаттамасы қолданылады. DNS – тың арнайы серверлері компьютердің символдық домендық атауын ІР – адресі құрайды. Бұл адрес мыңдаған компьютерде сақталынған арнайы мәліметтермен сәйкес келеді. Кейбір жағдайларда керісінше ІР – адресі DNS атауында орындалуы мүмкін.
Мәліметтерге тез қатынау үшін интернеттің әр түрлі серверлерінде сақталыналын URL – Unіform Resource Locators (Қорларды әмбебап көрсеткіш) қолданылады. Бұл қордың немесе объектінің анық жағдайын ажыратып береді. URL – адресі әдетте хаттаманың атынан басталады. Интернеттің қорлары немесе объектілері әдетте Web – беттер, файлдар, почталық корреспонденция, жаңалық топтамалары және т.б. болып табылады. Мысалы, URL – адресі http://www.msu.ru келесіні білдіреді: http- Web-сервер, НТТР – хаттамасын қолданады, www — торап web – те болады; msu – Мәскеу Мемлекеттік Университетінің торабы (МГУ), ru – торабы Ресейде болады.