ЭЕМ – нің классификациясы.


Скачать/Жүктеу

Бірінші буын ЭЕМ ерекшеліктері:

- үш негізгі техникалық жаңалықтар қолданылды – электрондық шам, ақпаратты цифрлік кодтау, электростатикалық түтікшелер көмегімен жасанды жад құрылғысы;

-   фон Нейман архитектурасы қолданылды;

-   төмен деңгейдегі машина тілі қолданылды;

-   жоғары емес өнімділігі;

-   қолдану аумағының шектеулігі.

Екінші буын ЭЕМ ерекшеліктері:

-   транзисторлар мен ферритттік жүрекшелердің пайдаланылуы;

-   шапшаңдықтары бірнеше жүз мыңдықтарға дейін өсті;

-   программалаудың жаңа технологиялары, жоғары деңгейдегі программалау тілдердің (ЖДПТ), операциялық жүйелердің қолданылуы;

-   пайдалынылу аумағының адам өмірінің біраз салаларына кеңуі.

Үшінші буын ЭЕМ ерекшеліктері:

-           интегралдық сызбалардың пайдаланылуы олардың өлшемі мен бағасын азайтуға, көптеп өндіруге мүмкіндік тудырды;

-           шапшаңдықтары уақыт бірлігінде миллиондаған операцияларға дейін өсті;

-           пайдаланушы мен ЭЕМ арасындағы іс-әрекетті жеңілдететін жаңа сыртқы құрылғылар пайда болды;

-           жаңа программалық жасақтамалар, оларды құру технологиялары пайда болды;

-           пайдалану аумағы кеңейді, мәліметтерді өңдеу жүйелері, басқару, жобалау, коммерциялық есептерді шешу жүйелері т.с.с. пайда болды.

Төртінші буын ЭЕМ ерекшеліктері:

-           микропроцессордың базалық элемент ретінде қолданылуы, алғашқы дербес компьютерлердің (1981 жылы IBM PC алғашқы дербес компьютері шықты) шығуы және кеңінен қолданылуы;

-           шапшаңдықтары, логикалық архитектуралары, программалық жасақтамалар дамуы және құру технологиялары, пайдаланушы интерфейсі, пайдалану аумағы және т.б. өздерінің дамуында ең жоғарғы дәрежелеріне жетіп отыр.

ЕТ даму келешегі немесе бесінші буын ЭЕМ-деріне қойылатын талаптар. Бесінші буын 1980 жылдардан бастап төртінші буын ішінде анықталуда. Бұл буын ЭЕМ-нің технологиялық, конструкторлық, құрылымдық және архитектуралық шешімдері алдыңғы буындардан мүлдем өзгеше.

ЕТ дамуының келешегін және бесінші буын ЭЕМ-нің ерекшеліктерін 1981 жылы жарияланған жапонның  ЭЕМ облысында ғылыми зерттеулер комитетінің шешімдері айқын көрсетеді. Онда бесінші буын ЭЕМ-дері мен есептеу жүйелері микропроцессорлық және басқа жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуі, неғұрлым төмен бағалы болса, соғұрлым жоғары өнімді және сенімді болумен қатар келесі жаңа функционалдық талаптарға сай болуы керек делінген:

-           ақпаратты дауыс және бейнелеу сияқты тиімді енгізу/шығару жолдарымен ЭЕМ-нің қарапайымдылығын жүзеге асыру; табиғи тілдерді қолданатын диалогтық ақпарат өңдеу; оқытыла алу, ассоциативті құру және логикалық шешім қабылдау мүмкіндіктері болуы; ( яғни ЭЕМ-ді зерделендіру)

-           табиғи тілде берілген алғашқы талаптар спецификацияларына сай программалар синтезін автоматтандыру арқылы программалық құралдарды құру үрдісін жеңілдету; қосымша инструменталдық құралдарды және құрушылардың есептеу құрылғыларымен интерфейсін дамыту; әр түрлі әлеуметтік есептерді шешу үшін ЕТ-ның негізгі мінездемелері мен пайдалану сапасын жақсарту;

Алдыға қойылған бұл мақсаттар өте күрделі, алайда шешім табатынына сенім жоғары. Қазіргі уақыттың өзінде бұл бағытта біраз ізденістер жүргізілуде: ақпаратты параллель өңдеудің жоғары өнімді жүйелерін құру, дауыс арқылы аудару құрылғылары, логикалық шешім параллель ЭЕМ-дері, мәліметтер қоры және білімдер процессорлары.


Скачать/Жүктеу

Комментировать

Вам необходимо войти, чтобы оставлять комментарии.




1Referat.kz сайтында кез-келген тақырыпқа мәліметтер, қазақша рефераттар, курстық жұмыстар жинақталған. Барлық мәліметтер тегін. Керек мағлұматты Жүктеп (Скачать) немесе Көшіріп (Скопировать) ала аласыз.

Наш сайт — это огромная Коллекция рефератов, курсовых работ, дипломных работ. Все материалы на сайте бесплатные. Нужную работу вы можете, скачать или скопировать.
Сайт картасы